Бисмилаћір- рахманір- рахим



бет1/3
Дата30.11.2023
өлшемі55 Kb.
#194180
  1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты «Адамгершілік пен имандылық» (1)
Сызу КМЖ, 2019-004-285302-330, 500 САЯСАТТАНУ ҚАЗАҚША без ввода строки(1), 309 19.03.16-1, Тәрбие сағаты «Адамгершілік пен имандылық» (1)

Тақырыбы: Адамгершілік пен имандылық.


Мақсаты: Оқушыларды инабаттылыққа,
мейірімділікке, кішіпейілділікке үйрету.
Өздерін көпшілік жерде қалай ұстауды
және сөйлеуді, сөйлеп жатқан адамды
тыңдай білуді үйрету.
Көрнекілігі: Адамгершілік пен имандылық жайлы
жазылған мақал-мәтелдер, жазылған
плакаттар.
Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сынып белсенділерінің атқарған жұмыстарының бір апталық есебін тыңдау.

  3. Жаңа сабақ.

Оқушылардан адамгершілік пен имандылықты қалай түсінетіндіктерін сұраймын. Адамгершілік пен имандылыққа байланысты мақал - мәтелдер айтқызамын.
Бұл - ұлт психологиясының өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы. әрине, “Тауына қарай аңы, заңына қарай заңы”, “Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа” дегендей әдеп сақтаудың әр елде тарихы, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері де болған. Ал қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жыныс айырмашылықтарын алаламайды. Онда релятивизм, абсолютизм, антитеза дегендер кездеспейді.


Иманды болу.
Екі түрлі адамға Алла- тағала ықыласпен қарамайды.
1.Туған- туыстарынан аулақ, жалғыз өзі өмір сүргендерге.
2.Көршілерін ренжіткендерге.Көршіні ренжітпей, тату-тәтті тұру адамгершілік.
Пенденің апатқа ұшырауына сеьепкер болатын жеті түрлі істен сақтаныңыз.
1.Күдік- күманнан, 2.Сиқырдан және сиқырлаудан, 3.Қомағай нәпсіден, 4.Өсім алудан, 5.Жетімнің ақысын жеуден, 6.Жаумен соғысқанда қашудан, 7.Ерлі- зайыпты адамдарды былапыт сөзбен сөгуден.
Әр адам терең ойланып әдепті жақсы істерді өзіне үйлестіру адамгершілік болады.Біреудің Алла- тағала алдында қандай адам екенін білгіңіз келсе, ол кісіге халықтың қалай қарайтынын біліңіз. Халық қалай бағаласа, оның дәрежесі де сол мөлшерде болады. Көпшіліктің берген бағасы Алла-тағаланың ризалығына тең. Шапаныңыз қаншалық әдемі, сәлдеңіз қанша үлкен, малыңыз қанша көп болсда Алла-тағала сізідің сән-салатанатыңызға қарамайды. Жүрегіңіздің адалдығына ниетіңіздің дұрысытығына қарайды. Не істесеңізде, адал көңіл, пәк жүрекпен істеңіз. Бір мүсәпір нан сұраса беріңіз. Ауру адамның халін сұраңыз. Қолыңыздан келгенше біреуге жақсылық етіңіз. Артында оның пайдасын көресің. Адамдардан ештеңені сұрап тіленбе. Тіпті ат үстінде қолыңнан қамшың түсіп кетсе де өзің түсіп ал! Өлгендерді қарғап, жмандамаңдар. Өйткені олар өз кінәсін өтеуге кеткендер. Алла былай дейді, егер адам баласы маған бір қадам жақындаса мен оған бір аршын жақындай түсейін. Егер адам аршындай жақындаса, мен сажындап жақындаймын. Егер адам он қадамдай жақындаса, мен оған қарай жүгіремін деген.
Сыйластық пен достық.
Шақырған жерге барыңыз достықта. Бір адам ақса той шақырса бай, кедей молда қожа төре шәкірт демей бәрін көріңіз. әрқандай жиынға шақырса қалмаңыз. әрбір адамның өзінің парызы саналатын істі өтегеннен кейінгі артық атқарған ісі жақындарының жүрегін қуанышқа бөлейді. Кімде кім жақын адамын қуантқысы келсе барлық адамды қуанышқа бөлейтін іс істеуі керек. Оның қаншалық асыл қасиет екенін әркім-ақ түсінеді. Бір адам сөйлеп отырғанда жан-жағына қарай берсе, басқа біреуге сөйле деп сөйлескенде оның қадіріне нұқсан келтірмеу керек. Мұның пайдасы жоқ. Сенің айыпты екеніңді айтып біреу сөксе де, сен оның өз айыбын бетіне басып сөкпе, ақыры сауабы саған тиеді. Кінәсі де, обалы да әлгі кісіде қалады. Жақсы ісіңді қанағат етіп қуаныш ет. Жаман іміне қажып, қайғыр бұл имандылықтың белгісі. Абыройың аратады. Бес нәрсені бес нәрседен бұрын болжай ойластыр. Өл мен тұрып тіршіліктің қадірін біл. Басыңа іс түспей тұрып баршылықтың қадірін біл, кәрілік келмей тұрып баршылықтың қадірін біл. Өз араларыңызда сәлемдесуді жолға қойыңыз. Сонда бір-біріңізге достығыңыза артады. Біреумен амандасып хал-жайын сұраудың өзі де өте жақсы қылық.
Пайғамбар сөзі алланың сөзі.

  1. Мен айтқан хадис жүрегіңіздің ұнатқаны анық айтылған хадис мұсылманның көңіліне жақсы сезіледі. Ол пайдалы болады.

  2. кімде-кім хадистерімді пайымдау үстінде шүбә келтірсе онда ол суайттың суайты.

  3. Менің атымнан жалған хадис шығарып таратушы болса дозақтың ең лапылдап жатқан жерінен өзіне орын бар екенін білсін.

  4. Айтқан сөзімді естіген соң басқа адамдарға естіген қалпында жеткізген адамнан жүзін Алла жарақ қалсын тікелей біздің тыңдаған адамнан гөрі сырттан естушілер хадистерімді жақсырақ есте сақтайтын болуы мүмкін.

  5. Менің қауымыма арналған өсиеттерімнен қырық хадисті жатқа алған адамды ақрет күнімен қамқорлыққа аламын.

  6. Кімде-кім менің есімімді құлағы шалғанда менің атыма бір мәрте мадақ сөз айтса Алла тағала оған он рет алғыс айтады.

  7. Кім менің хадисімді естіп, естігендерін қауымына айнытбай жеткізсе, соған Алла шапағатын төксін. Өйткені өзге адамдар көптеген хадистер мен айтқаннан жақсырақ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет