Болмыстағы құбылыстардың бір тобы
жаратылыс кұбылыстары
қоғамдық құбылыстар
физика, химия, биология, математика т.б.
тарих, философия, психология, логика, саяси экономия, заң, тіл, әдебиет т.б.
Біз сөз еткелі отырған тіл білімі де көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп, солармен қарым-қатынаста дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста. Себебі: тіл — қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс. Ол қоғам мүшелерінің пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қызмет атқарады.

Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.
Тіл білімі, бірінші кезекте, әдебиетпен байланысты. Өйткені "тіл - әдебиеттің бірінші элементі". Әдеби шығарма лингвистер үшін өте құнды материал. Әсіресе тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттанумен тығыз байланысты.