Жоспар Кіріспе Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы


Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,84 Mb.
#35399
1   2   3

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы

саясатының жүйесі

2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері
Британ дипломатиялық қызметі немесе «Ұлы мәртебелімнің дипломатиялық қызметі», үкіметтің сыртқы саяси істерін дайындауда, дипломатиялық бағытты белгілеуде монопольды позицияны иеленеді [1,с.26-27]. Парламенттік сайлауда жеңген жаңа үкімет құрылуын аяқталғаннан кейін Ұлыбританияның орталық дипломатиялқ мекемесінде бірнеше ғана саяси басшылар тағайындалады. Алдыңғы аппарат өз орнында қалады. Жаңа үкімет пен қызметін аяқтаған басшылықтың арасында сыртқы саяси бағытта қаншама айырмашылықтар мен дипломатиялық көзқарастарында өзгешеліктер болғанымен, сайланған саяси жетекшілер мекеменің алдыңғы құрамын өзгертпейді. Дипломатиялық қызметті осындай ұйымдастыру әлемдік тәжірибеде аналогы жоқ болып табылады. Осы себептен де осындай формадағы ұйымдастыру шетел дипломатттарының таңғалушылық пен түсінбеушілігін тудырады. Куәлардың айтуы бойынша, 1945 жылы болған Постдам конференциясында кеңестік те, американдық та делегация 1945 жылы 26 шілдеде парламенттік сайлауда жеңіске жеткен лейбористік партияның жетекшісі премьер-министр К.Эттли мен сыртқы істер министрі Э.Бевин конференцияға өздерінің алдындағы консерваторлар У.Черчиль мен Э.Иденнің тұсындағы кеңесшілер, көмекшілер мен эксперттердің бірге келгеніне таңданысып қараған [8,с.486].

Қазіргі уақытта британ дипломатиялық қызметінің өзіндік ерекшеліктері, стилі қалыптасқан бар:



  1. дипломатиялық аппарат өкілдері және басқа мекемелердің мамандарымен мәселені жан-жақты қарастыру;

  2. қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) белгілі мерзімге дейінгі тұйықталу;

  3. сұрақтарды шешуде компромисс ізеп, ал қорытынды шешімді қабылдағанда консенсус негізінде қабылдау қарастырылған.

Ұлыбританияның шетел 182 мемлекетте 300-ден аса дипломатиялық және консулдық мекемелері бар. Орталық аппаратта (Форин офис) және шетел дипломатиялық өкілдіктерінде (елшіліктер, консулдықтар, халықаралық ұйымдар аясындағы тұрақты миссиялар) дипломатиялық сипаттағы жұмыс орындарға «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметіндегі» қызметкерлер тағайындалады [1,с.27].

Шетелдердегі Форин офистің және дипломатиялық пен консулдық өкілдіктеріндегі штаттық тізімі – 6 мың адамды құрады (оның 3,5 мың – кадрлық дипломатиялық қызметтің қатардағы қызметкерлері, ал қалғандары – конкурссыз жұмысқа орналасатын, дипломатиялық қызметтегі административтік қызметкерлер). Сонымен қатар, британ елшіліктерінде жанама қызметте контракт бойынша 705 мың шетел азаматтары жұмыс атқарады. Жоғарыда атап өткендей, Ұлыбританияда 300-ден аса дипломатиялық және консулдық өкілдіктер бар. Бұл көрсеткіш өз кезегінде Германия, Франция және Италиямен салыстырсақ британдықтарда персонал саны 2 есе аз. «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметі» негізі халықаралық ұйымдар аясында Лондонда он сегіз тұрақты өкілдіктің қызметін, сонымен бірге тәуелді территориялардағы (барлығы 13 территория) саяси бағыттың жұмысын қамтамасыз етеді [1,с.27].

Әлемдік сахнада халықаралық ұйымдардың көбеюі британ дипломатиялық аппаратының «модернизациялану» процесіне басты фактор болды. Басшылықтың ықпалымен Форин офистің құрылымы біршама өзгертілді. Қазіргі таңда Ұлыбритания халықаралық ұйымдарда халықаралық келіссөздерді жүргізудегі дипломаттарының кәсіби шеберлігінің арқасында белсенді әрекет етеді. Форин офис шетелдерге әскери программа құруда көмек көрсетеді, сонымен қатар шетелге әскери мамандар дайындауға қатысады. Әскери мекемелердің ықпалы дипломатиялық аппаратқа да, ағылшын дипломаттарының қызметтеріне де тиеді. Өйткені Форин офистің басшылық құрамының жартысынан көбі әскери институттардан сынақтан өткен. Имперлік әскери колледждегі 1 жылдық оқу қызметтік жоғарылаудың бірден-бір жолы және ол үш-төрт жыл уақыт алатын сынақтан өтуге балама жол болып табылады. Сонымен бірге, осындай сынақтан кейін дипломаттарды барынша жауапкершілігі жоғарғы лауазымға тағайындайды.

Британ дипломатиялық қызметінің БҰҰ-на назары, Ұлыбританияның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше болғандығымен түсіндіріледі. Ұлыбритания бейбітшілікті сақтау, нығайту іс-шараларына белсене қатысады және БҰҰ-ның шеңберінде өтетін жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуде қызығушылық білдіреді. БҰҰ-дағы британ дипломатиясының қызметі БҰҰ-ның мамандандырылған бағыты мен бірнеше секторы бойынша Форин офистің БҰҰ департаментімен атқарылады. Департаменттің қызметкерлері ретінде халықаралық ұйымдарда қызмет атқарған біліктілігі мен тәжірибесі бар тұлғалар тағайындалады. 70-жылдардың соңында және 80 жылдары оның қызметкерлері Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің механизмін жетілдіруде бірқатар ұсыныстар жасаған болатын [7,с.159]. Мысалға, қарулы қақтығыстардың алғышарттарын болдырмау шаралары, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері мен сыртқы істер министрлері арасындағы консультацияны қарастыру. Тұрақты жұмыс істейтін «әлемнің ең қауіпті нүктелерінде» болған «БҰҰ-ның елшілері» институтын құру проектісін айта кеткен жөн [7,с.159-160].

Форин офистің штаттық тізіміне, сонымен қатар Британ Кеңесінің көпшілік бөлігі және БИ-БИ-СИ халықаралық қызметі енеді. Олардың қызметі негізінен Сыртқы істер министрлігі бөліп отырған бюджетпен қаржыландырылады. Ұлыбританияның дипломатиялық аппараты қызметінің шығындарының барлығы (ақпараттық-тарату жұмысы, «мәдени дипломатия», халықаралық ұйымдардағы өкілдікті қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдарға гранттар және т.б.), (1997 жылы) 1,1 млрд фунт стерлингті құрады, яғни бюджеттің шығын көлемінің 0,3 пайызын ғана құрады (бұл көрсеткіш АҚШ-та 1 пайыздан көбірек) [1,с.28].

90-жылдары дипломатиялық қызметті құрылымдық және кадрлық модернизациялауды 60-80 жылдардағыдай парламенттік және үкіметтік комиссия емес, өздері ұсыныс жасайтын болды [1,с.26]. Кәсіби дипломатиялық қызметтің өзгешелігін 1994 жылғы үкіметтің Ақ кітабында мемлекеттік басқару сұрақтары бойынша былай делінген: «Дипломатиялық қызмет - өзінің арнайы қажеттілігі және ұйымдастырылуы бар, мемлекеттік қызметтің жеке бөлігі» [6,с.7-8].

Форин офистің және шетел мекемелеріндегі жұмыс атқару принципінің негізі – мәселелер мен сұрақтарды мүмкіндігінше төменгі деңгейде қызметінде шешу. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, мәселелердің 80-90 пайызы департаменттер деңгейінде министрлердің орынбасарларына жеткізілмей шешіледі. Соңғыларына аса маңызды істер жайында ғана хабарлайды [1,с.28с].

Министрлердің орынбасарлары арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, арбитр рөлінде тұрақты орынбасар болады. Мемлекеттік маңызды жағдайларда, мемлекеттің қауіпсіздік мүдделеріне қатысты болса ғана (мысалға, 1982 жылғы Флокленд дағдарысы) Сыртқы істер министрлігінің саяси жетекшілері, сонымен қатар министрдің өзі де қосылады. Қалған жағдайларда министр, оның кабинеті кәсіби дипломатиялық аппараттың қызметкерлеінің ұсыныстары мен ойларына жүгінеді. Осындай жағдайда, оның сыртқы істердегі рөлі сөзсіз өте жоғары болып келеді.



Форин офис мекемесі

Ұлыбританияның дипломатиялық мекемесі дәстүрлі функцияларды, үкіметаралық саяси келісімдерді ғана жүргізумен шектелмейді, сонымен қатар мәдени байланыстар сферасына қатысты, халықаралық ақпарат, шет мемлекеттерге көмек көрсету, саяси іссапарлар жүргізу қызметтерін атқарады. Көпшілік мемлекеттерде мұндай қызметтер жеке мекемелерге тапсырылған.

Ұлыбританияның дипломатиялық қызметі - британ үкіметінің шетелдердегі уәкілі болып табылады. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңдағы дипломатиялық қызметте әлемнің 170-тен аса мемлекеттерінде қызмет атқаратын 14400 қызметкерден құралған. Жұмыс күшінің үштен бір бөлігі британдық мемлекеттік қызметкерлерінен және үштен екі бөлігі жергілікті масштабтағы елшіліктер мен қызметкерліктерінде жұмыс атқарады [6].

Өз уақытында В.И.Ленин ағылшын үкіметі «жоғары тәжірибелі буржуазиялық дипломаттардың» қызметін қолданғанын деп атап өткен еді [7,с.8-9]. Ұлыбританияның Сыртқы және одақ істері министрлігі (Форин офис) шетел дипломатиялық өкілдіктерімен біріге отырып, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтауда және дәстүрлі шешуші рольге ие болуын сақтап отыр.

Ұлыбританияның дипломатиялық қызметі елдің мүддесін қорғау және дамыту мақсатында бүкіл әлемдегі жаһандық офистер (Елішіліктер, Жоғарғы комиссилар мен Консулдықтар) жүйесімен қызмет атқарады [6].


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет