Жоспар: Кіріспе Қарахан мемлекеті



бет4/5
Дата16.04.2022
өлшемі37,12 Kb.
#139513
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТМТ Ахмад Хабибуллаев
Тәлімгерлер журналы 1503-21а 2022-23ж (копия) 2, ТФП21-29 GMP
3.Саяси құрылысы
Қарахан мемлекетінің негізгі құрылысы феодалдық үлестік жүйеге негізделді. Ірі екі бөлік - Шығыс және Батыс бөліктерден тұрды. Жоғарғы билік шығыс бөліктің қолында болды. Шығыс иелік аумағы Жетісу мен Шығыс Түркістан болып, билеуші ставкасы Қашғар мен Баласағұнда орналасты. Билеуші шігіл тайпасының өкілі, Арслан Қарахан лауазымын иеленді. Батыс бөлік кіші қағанның қолында, ол Боғырахан лауазымын иеленіп, яғма тайпасынан шықты. Батыс иелікке Мәуереннахр аумағы кірді. Кейін XI ғасырдың 40-жылдары Ибраhим ибн Насыр тұсында Қарахан мемлекетінің екі дербес қағанатқа Шығыс және Батыс қағанаттарына түпкілікті бөлінуі аяқталды.Қарахандар иеліктері батыста Амудария мен Сырдарияның орта ағысына дейін, шығыста Қашғар, солтүстікте Тараз маңынан өтіп оңтүстікте Мәуереннахрға дейін созылды.
Ірі екі бөлік - Шығыс және Батыс ұсақ үлестерге бөлінді. Үлес билеушілері «ілік», «тегін» лауазымдарына ие болды. Үлестік жүйе өзара қырқыстар туғызып, соған сәйкес билеушілері де жиі алмасып отырды. Қаған билігін жоғарыда аталған іліктер шектеді. Қағанға ең жақын адамдардың бірі уәзір еді. Билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Оның ішінде сатылы жүйе, яғни ағасынан інісіне берілді.
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылыс жүйесі өзіне дейінгі түрік ммлекеттеріне қарағанда өзгешелеу болды. Ол қағанаттағы жер иелену түрлерінен, алым -салық жинау жүйесінен де байқалады.
Жер билеуші әулеттің меншігі болып есептелінді. Қарахан мемлекетінде жер иеленудің бірнеше түрлері қалыптасты. Олар иқта, коммендация институты, вакфтық жер үлесі, т.б.
Иқта - билеушілердің өздерінің туысқандары мен жақындарына сыйлаған жер үлестері, феодалдық жер сыйлықтары. Мұндай жерлер ірі, орташа және ұсақ болып бөлінген. Жер сыйлықтарына тек әулеттің мүшелері, орташа және ұсақ төрелер ғана емес, сонымен қатар әскербасылар да ие болған. Мұндай түрі «әскери иқта» деп аталған. Онда олардың қызметі, әскери дәрежесі, сіңірген еңбегі ескерілді. Бұл тартулардың иелері муқта (араб термині) немесе иқтадар (парсы термині) деп аталды.
Жер иелері - иқтадарлар ауданның, аймақтың немесе қаланың халқынан бұған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген салықтарды алуға құқылы болды. Олар тек салықтар алумен шектелмей, сол жерлердің тұрғындарына да өз құқықтарын сақтауға тырысты.
X-XII ғасырларда Қарахан мемлекетінде дамыған коммендация институтының мәні мынада болды: «әлсіз (адам) өзінің жер учаскесін күштінің қамқорлығына береді, ол (күшті адам) әлсіз адамды қорғауға тиіс», сөйтіп олар феодал шонжарларға тәуелділікке түсті. Мұндай «қамқорлық» кедей шаруаға арзанға түскен жоқ. Олар салық төлеуге, түрлі міндеткерліктерді атқаруға (феодалдың малын бағу, мүлкін қорғау, шаруасына қарау), қажет жағдайда жауынгер беруге, т.б. міндеттенді.
Вакфтық жерлер- Дін ірі жер иеленушілер, басыларға, діни мекемелерге, көшпелі әскербасылар өсиет етіп қалдырған жерлер. Вакфтық жерлерден салық алынбаған.Қарахандар тұсында да Жетісу мен оңтүстік Қазақстанда бұған дейін үстемдік етіп келген негізгі шаруашылық түрі - жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталынды. Жылқы өсіру жетекші орын алып, отар-отар қой мен түйе, ешкі, ірі қара мал өсірген. Көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың үстем тобы арасында аң аулау демалудың, қызық қуудың ролін атқарса, қарапайым халық үшін күн көрістің көзі болғандығы белгілі. Суы мол осы бір аумақта балық аулау да айтарлықтай роль атқарды.Қарахан мемлекеті өзіне дейінгі түрік қағанаттарының тікелей мұрагері болғанымен де, әскери-лендік жүйе, жер иеленудің түрлері, жалпы экономикалық тұрғыдан жаңа, дербес дамыған саяси жүйе болып қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет