Жоспар: Кіріспе Қарахан мемлекеті



бет5/5
Дата16.04.2022
өлшемі37,12 Kb.
#139513
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТМТ Ахмад Хабибуллаев
Тәлімгерлер журналы 1503-21а 2022-23ж (копия) 2, ТФП21-29 GMP
4.Ыдырауы
Үлесті жүйеде негізі қаланған Қарахан мемлекеті шығыс және батыс иеліктерінен тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс иелігіне, Мауараннахр батыс иелігіне кірді; шығыс иелігінің саяси орталығы Баласағұнға жақын мандата Орда (Қара Орда, Күз Орда), содан соң Қашғар, батыс иелігінің орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Екі иелік бертін келе жеке-жеке мемлекетке — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғасырдың басында Туған-хан билеп тұрды. Онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадыр-хан Жүсіп бәсекелес болды (араб тіліндегі кейбір деректемелерде Қадыр-хан Хотанды иеленді деп көрсетілген). 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Қашғардан Туған-ханды тықсырып, қаланы қаратып алды.12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді.
1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.

Қорытынды
Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін көшпелі қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды. XII ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі қидандардың шапқыншылығына ұшырай бастады. 1141 жылы Жетісудың негізгі аумағындағы саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тәуелді етті. Алайда қарақытайлар тек салық алумен ғана шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына, дініне, мәдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан қарақытай үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды.
1210 жылы наймандармен күресте Шығыс Қарахан әулеті талқандалды. 1212 жылы Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды. Бір кездегі аса қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚСЭ. 6-т. - Алматы, 1975. – 510-б.
2. Қазақ ССР тарихы. 2-т. - Алматы, 1983. – 15-б.
3. Қарахан мемлекеті // Қазақ ССР тарихы. 2-т. - Алматы, 1983. - 13-33 бб.
4. Қазақстан тарихы. 2-т. - Алматы, 1998. – 89-б.
5. ҚСЭ. 1-т. - Алматы, 1972. – 302-б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет