Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей- бұйымдарды шешіңіз. 2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз. 3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз. 4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-40°С реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды. 5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз: - үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз; - сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.
Достарыңызбен бөлісу: |