Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



Дата15.09.2017
өлшемі160,76 Kb.
#32287
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

А) Кітаптың пайда болу тарихы

Ә) Кітап басып шығару жолдары

Б)Сирек кездесетін кітаптар қоры



Қорытынды

К І Р І С П Е

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітаптың әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар біздерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі – өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған – тоқығаның көп болса, жеңетін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

Кітап заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып,ертегі, әңгімелермен сыр шертіскен кітап біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді сүюге, талапы, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман ідеттен аулақ болуға шақырады.

Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болу керек. Ол үшін терең білім, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу қажет. Елбасымыз Н.Ә Назарбаев еліміздің барлық балаларының оқып, білім алуын қамтамасыз етуде. Кітап адамзат ақыл – ойының інжу – маржанының ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп беретін ғажайып құрал.

Адамзаттың асыл қазынасы кітап туралы философ Ф.Бэкон былай ой түйіндейді: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі». Кітаптан адам баласы өмір сүруге қажетті азық алып, оны қажетіне жаратады. Ой кемесі адамдарды ізгілік пен руханилыққа жетелеп, надандық шырмауынан құтқаруға, жағаға алып шығуға көмектеседі. Жағаға шыққан адам неде болса алға ұмтылып, көздеген мақсатына жетуге асығады. Осындай  адамның ажырамас бір бөлшегіне айналған баға жетпес дүние – кітаптың мәні мен маңызы ескеріліп,  1996 жылдың   23 сәуірі ЮНЕСКО көлемінде  «Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып бекітіліп, жарияланған болатын.

Кітап –адам баласы ақыл – ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.

Кітаптың пайда болу тарихы

Кітаптың шығу тарихы өте ертеден басталады. Әр ел жазбашаға өзінше жолмен келген, жазуға әр түрлі құрал пайдаланған: тас, сүйек, ағаш, металл, жібек, тері, жүгері сабақтары.

«Кітап» сөзі славянның «кънигы» деген сөзінен шыққан, ол әріп пен хат дегенді білдіреді. Ал Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу» , «жазба» деген мағынаны білдіреді.

Ежелгі заманда жазуға ТАС пайдаланылған. Сол заманның суретшілерінің суреттері алғаш үңгір қабырғаларынан табылған. Заңдар, патша есімдері, естеліктер жақпар тастарда, бағандарда, құздарда жазылған. Кітаптың шығуы мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ол қажетті материалдардың ойлап табысуына және техниканың дамуына сәйкес жетілдіріле берді. Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде, Греция мен Римде кітап қыш тақталарға жазылды. Қыш – ең көне кітаптар. Балшықтан арнайы тақтайшалар құйылып, оның жұмсақ бетіне үшкір қаламшалармен жазу жазылды. Онан соң олар кептіріліп, арнайы пештерде күйдірілді де, белгілі бір ретпен текшеленіп жиналды. Міне осылайша қыш кітаптар дүниеге келді. Кітап тас бетіне де қашалып жазылды. Түркі халықтарының көне жазба мұрасы болып табылатын «Орхон – Енисей жазба ескерткіштерін» (7-9 ғ.) ашық аспан астында тұрған осындай тас кітаптар деп айтуға болады.

Қыш кітаптардан кейін және сол ежелгі Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап папирус деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықталып оралды. Сөйтіп орама кітаптар келіп шықты.

Лондонның мұражайында ұзындығы 40 метрге дейін баратын орама кітап сақталған. Бұл орамада ежелгі Шығыс, Греция және Рим елдерінің тарихи құжаттары, ғылыми еңбектері, әдеби шығмалары жазылған.

Біздін заманымызға дейінгі ІІ ғасырда Кіші Азиядағы Пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазу жазатын жаңаматериал әзірледі. Ол сол патшалықтың атымен «пергамент» деп аталады. Сөйтіп пергаментке, яғни жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді. Олар да алғашында жұмыр таяқшаларға оралып, орта ғасырларда дәптершелеп бұктелетін болды. Ол дәптершелер бір – біріне қаттала тігіліп, шүберек не терімен тысталған ағаш мұқабалармен қапталды. Сонымен біздің заманымыздың І ғасырынан бастап қазіргідей түптелген парақтар шыға бастады.

Кітап басып шығару жолдары

Біздің заманымыздың ІІ ғасырында тұңғыш рет Қытай елінде қағаз жасалды. Оны Цай Лунь ойлап тапты. Бұл ең арзан материал болып саналды. 800 жыл бойы Қытай халқы қағаз шығаруды құпия сақтаған. Осыған орай орта ғасырларда қолжазба кітап өнері қауырт өркендеді. Археологиялық байқауларға қарағанда, Қытайда шамамен б.з.б. І ғасырдың өзінде-ақ қағаз пайдаланылған екен. Әйтсе де, бұл дәуірдегі қағаз тоқымашылық кәсібіндегі малшып-жуғанда қалған кендірдің қалдықтарынан жасалған, өнім мөлшері аз, сапасы нашар болғандықтан, жазу жазуға келмейтін. Шығыс Хан династиясы дәуіріне келгенде Цай Лунь алдыңғылардың тәжірибесі негізінде қағаз жасау техникасына батыл инновациялық реформа жүргізіп, кендірден басқа да ағаш қабығы, ескі ау, тозған шүберек сияқты талшықты нәрселерді де шикзат етіп, әк-сілті сұйықтығымен буға қайнату сынды мәнерлеу техникасын қолданып, өсімдік талшықты қағаз жасап, қағаздың өнім мөлшері мен сапасын барынша жоғарлатқан. Қағаздың тапқырлануымен адамзат жазуы жаңа тасымалдаушыға ие болды. Ол жеңіл, әрі сақтауға қолайлы болғандықтан Шумерлердің балшық тақтасы, бабилондықтардың тас бәдізі, байырғы римдіктердің мыс баспасы, байырғы үнділердің паттра жапырағы сияқтылардан қолайлы да, қолданылмалы болды. Қытайдың қағаз жасау техникасы б.з. III ғасырында Вьетнамға, IV ғасырда Кореяға, V ғасырда Жапонияға, VII ғасырда Үндістанға жетті, VII ғасырда Орта Азия арқылы Араб елдеріне, XII ғасырда Еуропаға таралды. Сонымен қағаз мәдениет таратудың, идеалық ауыс-күйіс жасаудың маңызды құралына айналды.

Қағаз жасау техникасы барлыққа келгеннен кейін кітап шығарудың қажетінен баспа техникасы жарыққа шықты. Б.з. VI ғасырының бас шеніндегі Сұй, Таң дәуірінде ең алғаш ойма баспа техникасы дүниеге келді. Мұнда жайшылықта ағашты материал етіп, алдымен ағаш тақтайшаға әріп ойып түсіріп, оған сия жағып, қағазға басқан. Атаулы техника жұмыс уақытын үнемдеу қажетімен өте тез жалпыласып кетті. Сұң дәуірінде ойма баспа техникасы шарықтау шегіне жетіп, үкімет баспасымен қоса жекелік баспаларда болды. ағаш ойма кітаптар 700-ден астам түрге жетті. Сұң Тайзу Кайбаудың 4 жылы (971 жылы) Чыңдуда бастырған «Ірі Бұдда номы» 5048 томнан асып, ойма тақтайша 130 мың данаға жетіп, ол 12 жылда ойылып біткен екен. Мұндай зор көлемді баспа жұмысы ойма техникасының соншалық жоғары деңгейге жеткендігін аңғартады. 1041 — 1048 жылдар аралығында оймашы Бишың термелі әріп баспа техникасын тапқырлады. Ол алдымен сағыз балшықтан үлкендігі бірдей кішкене шикі кесек дайындап, оған кері әріп ойып түсіріп, отқа өртеп қатайтып, балшық әріп жасап шыққан. Содан кейін осы әріптерді тізу арқылы баспа жұмыстарын жүргізген. Сонымен уақыт, қаражат үнемделіп, ерекше қолайлы болған. Термелі әріп баспа техникасының жарыққа шығуы баспа техникасы тарихындағы келелі төңкеріс, ол осызаманғы термелі баспа техникасының басты жұмыс тәртібінің негізін қалады. Юан династиясы дәуріндегі Уаңжын термелі балшық әріптер негізінде ағаш термелі әріптерін жасап, айналмалы әріп тізу қондырғысын тапқырлады. Осыдан кейін қалайы, мыс, қорғасын сияқты металдарды шикізат еткен термелі әріптер барлыққа келді. Термелі әріп баспа техникасы XII ғасырдан кейін Корея, Жапония елдеріне таралды. ХV ғасырдың орта шенінде германиялық тапқырлаушы Гутенберг Қытайдың баспа техникасы негізінде Еуропаның қорғасын термелі әріп баспасын дамытып, 1455 жылы қорғасын әріппен «Інжілді» басып шығарды. Баспа техникасы Еуропаға таралғаннан кейін ғылым, оқу-білім істері христиан шеркеулерінің бұғауынан құтылып, монахтар ғана кітап оқып, жазу жазатын жағдай өзгереді. Содан тартып, Еуропаның ғылым өзегі монастырлардан жер-жердегі жоғары білім жұрттарына ойысып, әдебиет-өнердің қайта өрлеу қозғалысының тебінді өрістеуін барынша жебеді.

Кітап іші әдемі суреттермен көркемделіп, мұқабалары алтын, күміс және басқа бағалы металдармен әшекейленді . Мұндай қолжазба кітаптардың саны өте аз, бағасы аса қымбат болды. Алтын кітапты американдық геологтар Шри – Ланкадан тапқан. Оның беттері таза алтыннан жасалынған. Кітапта ежелгі үнді поэмасы қашап жазылған.

Балгарлық ұста Ангел Костов Враца мекенінде салмағы 4 кг тартатын темір кітап жасаған, форматы 18×22 см. Оның 22 бетіне әлемге әйгілі әзілдер және мақалдар жазылған. Сондықтан кітапты көшіру мен көбейтудің басқа жолдары қарастырылды және ол табылды да.

Бұл тәсіл бойынша кітап әріптері арнайы өңделген ағаш тақтайдың бетіне терісінен жазылған. Онан соң жазу айналасындағы ақ жерлер өткір құралмен ойылып тасталды. Тақтай бетіндегі жазу бедеріне бояу жағылды да,оның үстіне пергамент не қағаз басылды. Сөйтіп ондағы жазудың оң көшірмесі алынды. Кітап суреттері де солай көшірілді. 704 – 751 жылдар аралығында Кореяда 12 тақтайдан осылайша басылып шыққан кітап ең алғашқы баспа кітабы деп есептеледі.

Тақтай бетіне кітаптың ондаған мың әрпін бедерлеп шығу оңай болмады. Сондықтан кітап басудың басқа әдісі іздестірілді. Оны XI ғасырда қытай өнерпазы Би Шэн , XV ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг ойлап тапты. Олар әрбір әріпті металдан бөлек – бөлек құйып алып, кітап бетін сол әріптерден теріп құрастырды. Оның бетіне бояу жағылды да, оған қағаз басылып, көшірмесі алынды. Бұл өнер табыс кітап басып шығару ісін қауырт өркендетті.

Кітап басу үрдісі одан кейін де тоқтаусыз жетіле берді. Кітап әрпі жай қолмен емес, автоматты машиналармен терілді.Оның суреттерін де машиналар әзірледі. Кітапқа енетін барша материалдардан баспа үлгілері жасалды. Одан аса қуатты машиналар сағатына 4-5 мың дана көшірме басып шығарды. Кітап беттері басылған қағаздарды топтау, бүктеу, түптеу, кесу, мұқабамен қаптау сияқты жұмыстарды да машиналар атқаратын болады. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған.Адамдар кітап басатын әріп теретін машиналарды ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап басып шығару ісі механикаландырылған.

Ал енді ғылым мен техника шарықтап дамыған қазіргі кезде кітап басу ісі одан да әрі жетіле түсті. Баспалар мен полиграфия комбинаттары компьютерленді. Кітап компьютерде теріліп, оның сурет – сызбалары мен баспа үлгілері - бәрі – бәрі компьютерде әзірленетін болды. Сурет пен жазуды түрлі түсті етіп берудің де мүмкіндігі молайды. Мәселен, біздің алғашқы оқулықтарымыз «Әліппеден» бастап, қазіргі қолымыздағы оқулыққа дейін «Атамұра» баспасында әзірленген. Олар осы заманғы ең озық техникасымен жабдықталған баспаханада – «Атамұра» корпорациясының Полиграфия комбинатында басылып шыққан.

Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа аманатталып келген ұлттық сана сезімді өшірмеу, тарихын ұлықтау, салт – дәстүрді насихаттау және ел мәдениетін көтеруде әдебиеттердің алатын орны ерекше. Ол халықтың тарихи тағдырымен тығыз байланысты рухани құндылық болып табылады.



Сирек кездесетін кітаптар қоры

Сирек кездесетін кітаптар қоры – ерекше құнды басылған шығармалардан, бірегей кітап коллекцияларынан тұратын (библиографиялық сирек басылымдар жинақталған ) ерекше сақталатын кітапхана қорының бір бөлігі. Оның көп бөлігі отандық және әлемдік ғылым мен мәдениеттің өзіне тән кітап ескерткіштері болып табылады.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің акамедик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында миллионға жуық баспа басылымдары бар. Соның негізінде алғашқы сирек кездесетін кітаптар қоры жинақталған болатын. Оны жинақтау жұмысы 2002 жылы ғылыми кітапхана бекіткен «Кітап ескерткіштері» деп аталатын мақсатты бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты:


  • Кітаптар ескерткіштерінің кітапханалық коллекцияларын жинау, есепке алу, сақтау және пайдалану;

  • Ұлттық, мәдени және ақпараттық мұралардың сақталуы жөніндегі мәселелерді шешуде ғылыми және өндірістік – потенциялын тарту;

  • Қорды көрнекті рухани, эстетикалық немесе дерекнамалық қасиеттерге бай, қоғамдық – маңызды ғылыми, тарихи, мәдени құндылықтарды көрсететін кітапханалық коллекциялармен молырақ толықтыру мақсаты қойылды

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің акамедик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасы XVIII, XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында жарық көрген құнды басылымдарды көрсете алады.

Сирек кездесетін кітаптар қорын қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі мыңға жуық данадан тұратын басылымдар құрайды. Олар төмендегідей коллекциядан тұрады:



  • XVIII, XIX және XX ғасырдың басындағы басылымдар;

  • Қазақ басылымы, Қазақтар туралы кітаптар;

  • Репринттік басылымдар;

  • Миниатюралар;

Сирек кездесетін кітаптар қорындағы әдебиеттер мазмұны, әр саладағы білімді қамтитындықтан өте бағалы болып саналады. Мысалы ретінде математика, тарих, биология, техника айдарларындағы кәтаптарды атауға болады.

Қордың орыс тіліндегі көркем әдебиет бөлімінде С.А Пушкиннің, А. Герценнің , Ф.М. Достоевскийдің, И.С. Тургеневтің , А. Дюманың шығармалар жинағы орын алады. Аталған басылымдар XIX ғасырда және XX ғасырдың басында Мәскеуде, Санк –Петербургте А.С. Суворин, П.П.Сойкин, Э.Лисснер, Ю. Роман және Госиздат баспаларынан шыққан.

Шығу тарихы алыс заманда қалған миниатюралық, яғни ең кішкентай кітапшалар библиофилдердің кітапқа деген әуестілігін өашанда болсын арттырып келген. Себебі миниатюралық басылымдар өздерінің көркем безендіруімен, полиграфия өндірісі үшін әдеттен тыс материалға, ерекше тәсілмен басылғандығымен ерекшеленеді.

«Қазақстан кітаптары» коллекциясына енген жүзден аса басыламдар, Қазақстанда шыққан және Қазақстан туралы әр саладағы әдебиеттерді көрсетеді. Коллекцияға көбінесе XX ғасыр кітаптары мен қазіргі заманғы құнды басылымдар енген. Мысалы: «Қазақстан фотоальбомы», «казахстан за 40 лет», статистикалық жинағы, «Промышленность Казахстана за 40 лет», «Абайдың өмірі мен шығармашылығы», Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұдтың ақындығы» және тағы басқаларды атауға болады.



Қорытынды

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев еліміздің барлық балаларының оқып, білім алуын қамтамасыз етуде.

Саған білім жеңісті

Оқулығын береді,

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Біздің елімізде бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар. Білім туралы заң қабылданған.

Оқулықты бүктеп жыртып бүлдіруге болмайды өйткені әр кітап Отан байлығы аға-апаларымыздың маңдай тері.

Кітапты құрметте,

Қаптап ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,



Дақ түсірмей бір бетке.

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітапты әрбір адам ұстап оқуға құқылы. Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін беріледі.
Каталог: uploads -> doc -> 0d07
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d07 -> Сабақтың тақырыбы: "Көкөністер, жеміс жидектер және бөлме өсімдіктері"
0d07 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев
0d07 -> Сабақ №68. Сыныбы: 5 Күні: Пән мұғалімі: Тексерген
0d07 -> Е. Сиқымов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы
0d07 -> Отдел образования акимата города Костаная. Гккп «Ясли-сад №69 отдела образования акимата города Костаная»
0d07 -> Келісемін: Оқу ісінің меңгерушісі Э. Базылбаева Қаралды: ӘБ жетекшісі А. Жексенова Үйірменің атауы: «Жас қаламгер»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет