Жоспар: Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты


Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты



бет3/18
Дата09.09.2022
өлшемі115,8 Kb.
#149116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тема № 1.2. Пед. қызмет пен Пед.мамандығ. ерекшелігі. ЛК,ПЗ,СРСП. Берикханова А.Е. от 24.08.22.
Дәріс 8. Өмір мен өлім Өмірдің мәні 2
Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі мінездері, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі қалыптасқан балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал осындай ұжым ішіндегі қарым-қатынастық жүйені дұрыс басқара білу үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамытуда педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясының маңызы зор. Мінез-құлықтары әртүрлі, дүниетанымдары толық қалыптаспаған оқушылар ұжымының әр мүшесі үшін қолайлы психологиялық ахуал тудыру, ынтымақтастықта жұмыс істете алу мұғалім қызметінің ұжымдық сипатының мазмұнының күрделілігін аша түспек. Педагог іс-әрекетінің айтарлықтай ерекшелігі – ұжымдық еңбекпен айналыса отырып әр оқушының даралық ерекшеліктерін дамытып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

  • Мүғалімдер аса күрделі үрдісті – оқушы тұлғасының қалыптасуын басқарады. Ұстаздық мұрат - шәкіртін тұлға ретінде қалыптастыра алу, ертеңгі елдің абыройлы азаматын тәрбиелеп шығару. Мұғалім - оқушы өмірінің іргетасын қалаушы және ғылым негіздерін меңгертетін маман. Мұғалім мамандығы баршамызға ортақ игілікті іс болып табылатын жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге негізделеді, себебі адам бойындағы тәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің оншақты жылы өтетін орта мектептен бастап қалыптасады. Орыс халқының белгілі сыншысы, публицисті В.Г. Белинский ұстаздардың шәкірт өміріндегі рөлін жоғары бағалай отырып былай дейді: «Тәрбиеші мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр». Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілулдіруді көздейді. Мұғалім шәкірттердің жас ерекшеліктері мен қатар дербес ерекшеліктерін ескере отырып барлығына ортақ бір тиімді қарым-қатынастық жүйені қалыптастыруға тырысады.

  • Мұғалімдерге аса жауапты әлеуметтік іс жүктелген. Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-қүлқының, дуниетанымының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі сеніп тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетті. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін. Осы ойға байланысты А.В.Луначарскийдің: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдіріп алса, оны қайта балқытып құюына болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып қалуы мүмкін, алайда ең бағалы деген гауһар тастың өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үлкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет» - деген сөздері әр педагогтан үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

    Педагогикалық сөздіктерде педагогикалық іс-әрекет – үлкендердің өскелең ұрпақты экономикалық, саяси, адамгершілік, әлеуметтік, мақсаттарға сай өзіндік белсенді іс-әрекетке дайындаудағы қоғамға пайдалы іс-әрекеттердің бір түрі ретінде қарастырылады. Педагогикалық іс-әрекет деген ұғымның көпқырлылығы мұғалімнің атқаратын негізгі міндеттер тізбегінен-ақ байқалады:

    • хабарлау міндеттері,

    • оқыту міндеттері,

    • дамыту міндетері,

    • тәрбиелеу міндеттері,

    • зерттеу міндеттері,

    • болжау міндеттері,

    • қалыптастыру міндеттері,

    • құрастыру міндеттері т.б.

    Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет. Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі – мұғалім. Ал мұғалім іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық процесс болып табылады. Тұтас педагогикалық процесс теориясы бойынша оның өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма, әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.
    Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бетбұрып отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға – мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл кызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалық іс-әрекеттің әлеуметтік маңыздылығының айқын дәлелі.
    Педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып келеді. Оның өзі философия ғылымы негізінде дамыған, себебі философия ең ежелгі ғылымдардың бірі болып, кейіннен оның тармақтары көбейіп, әр қайсысы өз алдына жеке ғылым негізі болып қаланған. Сондықтан, педагогика ғылымы мен философия ғылымының жанасатын, түйісетін, тоғысатын жерлері жиі кездеседі.
    Ежелгі философтардың еңбектерінде философиялық ойлар мен педагогикалық мәселелердің тығыз өріліп жатуы да осы себептен. Шығыстың атақты философы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ұлан-ғайыр еңбектері, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу-райхан әл-Бируни, Фирдауси, Низами, Қожа Ахмет Яссауи сынды көрнекті ойшылдарымыздың тәлімдік тағылымдары мен даналық ой-пікірлерінде философиялық, әлеуметтік, тәлім-тәрбиелік, психологиялық, педагогикалық идеялардың барлығы үйлесімді ұштасқан.
    Педагогика және философия ғылымдарының тығыз байланыстылығы олардың гуманистік бағыттылығында. Гуманизм деген сөз латын тілінен аударғанда «адамгершілік», «ізгілік» деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық сөздікте гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жақты дамуын қарастыратын ілім ретінде түсіндіріледі. Гуманизм – адамның өмірлік ұстанымы, оның қағидалары адамның адами қасиеттерін сақтап, оны тек жағымды, жақсы ізгі істерге бағыттайды. Қазіргі жаһандану заманында білім беру саласының да жетекші идеясы, жоғарғы гуманистік мәні - әр бала тұлғасын ең жоғары құндылық ретінде қарастыруында. Сондықтан оқыту-тәрбиелеу процесін ізгілендіру мәселесіне басты назар аударылуы қажет. Бұл идея адамзат қоғамының даму тарихында қасиетті діни кітаптарынан басталып күні бүгінге дейін өзектілігін үздіксіз жоғалтпай келеді. Осы ойды «Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» - деген Рудаки сөздерімен негіздей кетуге болады. Ұстаздың өз шәкірттерін ізігілік іздерімен жүруге үйрете алуы олардың бойында философиялық, адамгершілік, мәдени негіздерді дамытады. Солар арқылы оқушылар түрлі қоғамдық қатынастарға араласып мәдени құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерді, азаматтық нормаларды тасымалдаушы және келер ұрпаққа жеткізуші болып табылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет