Жоспар: Табиғаттану және экология пәнінен оқу тәжірибесінің мақсат міндеттері



Дата15.10.2023
өлшемі12,53 Kb.
#185576
Байланысты:
МД-31 Практика 09.10.23 Оқу практикасысынң мақсат міндеттері
МД-31 практика № 12.10.23

Күні: 09.10.23 Топ: МД-31


Тақырыбы: Табиғаттану және экология тәжірибесінің мақсаты мен міндеттері.
Жоспар: Табиғаттану және экология пәнінен оқу тәжірибесінің мақсат міндеттері.

- өндірістік оқу – жалпы кәсіптік және арнайы пәндерінен білім алушылардың неғұрлым сапалы және терең білім алуына бағытталып, таңдаған мамандықтары бойынша кәсіптік тәжірибелік құзыреттіліктерді, біліктіліктерді және дағдыларды меңгертеді;


Мақсаты:
-білім алушылардың табиғаттағы жыл мезгілдерінің құбылыстары, заңдылықтары және қоршаған орта туралы ұғымдарды қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру. Экологиялық сана-сезімдерін, түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
-балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығын көре білуге үйрету, олардың қызығушылығын, сүйіспеншілігін артыру, табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру;
-дүниетану зертханасын жабдықтау әдістемесін меңгеру.
Жергілікті өлке табиғатын зерттеу. Қоршаған табиғатты қорғау және бақылау жұмыстары. Экологиялық сана және экологиялық мәдениет. Өсімдіктердің, гүлдердің гербарий коллекциясы. Туған жер табиғаты туралы мәліметтер.
Кәсіптік тәжірибеден өткеннен кейін білім алушылар:
Біледі:
-қоршаған табиғатты қорғаудың мақсат –міндеттерін;
Орындай біледі:
-бөбекжай және балалар бақшасында жас ерекшелік топтарында табиғат
мүйісін ұйымдастыру;
-хайуанаттар бағына,өлкетану мұражайына саяхат жасаудың талаптарын;
-жергілікті өлке табиғатының гүлдер,өсімдіктер дүниесінен гербарий коллекциясын жинактауды;
-фенологиялық бақылауды жасау;
-қоршаған ортаны қорғау тақырыбына біркүндік іс-шара ұйымдастыру;
-балалардың өсімдіктер және жануарлар әлеміндегіжәне табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастырып,өткізуді.
дағдыларды меңгереді:
-дүниетану зертханасын гүлдендіру;
-бау-бақша,колледж ауласын көгалдандыру,гүлзарларды ұйымдастыру;
-табиғатты қорғау және бақылау жұмыстарының әдістемесін;
-бау-бақша,колледждегі бөлме өсімдіктерін,аквариумдағы балықтарды,декаративті құстарды күтіп,баптау,қамқорлық жасауды;
-«Әкологиялық дебат» ұйымдастыру;
-табиғат туралы байқаулар ұйымдастыру (газет,сурет,шығарма,өлең,жырлар,қолөнер,слайд шоу т.б)
-еңбекті қорғау,техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау,өрттен қорғау

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет