Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет2/6
Дата20.03.2022
өлшемі33,66 Kb.
#136470
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Инклюзивтік білім беру мәселелерінің Қазақстандағы жағдайы
Отбасылық-қоғамдық тәрбие негіздері - ғылыми-әдістемелік әзірлеме, ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, Сынып жетекшісі және оның тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ролі.
Күтілетін нәтиже: Инклюзивті балалардың емін-еркін мектепте білім алуы, қоғамнан оқшауланбаған, өзгелермен қабырғасы тең білімді, білікті, еліміздің болашақ арқа сүйер азаматтары.


І. Кіріспе
Қазіргі таңда барлық әлем назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл бөлу. Ондай адамдарға қамқорлық көрсету бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің – парызымыз. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс» деген талап қойған болатын.
Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады. Мектеп педагогтері бұндай категориялы балаларды оқыту тәсілдерін әлі жетік білмейді. Соның нәтижесінде бұл оқушылар үлгермеушілер, әлеуметтік бейімделмеген оқушылар қатарына жатқызылады. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептің ортасына енгізу республикада жекелеген фактілер мен тәжірибелер түрінде іске асуда, әзірше ғылыми-әдістемелік негіздемесі, нормативті–құқықтық тұғырнамасы, кадрлық, материалды-техникалық, оқу-әдістемелік базасы жасалмаған.
Ұсынылып отырған жоба жұмысымда жалпы білім беретін мекемелерде инклюзивтік оқыту шеңберінде шешілетін оның жаңалықтары, әлеуметтік маңыздылығын, проблеманың қиындығы мен жинақтылығын ескере қолдануға және арнаулы мектептері жоқ жерлерде келесі ұйымдастыру формаларын: жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуды ұйымдастыруға әдістемелік кеңес береді деген сенімдеміз.
Бүгінгі таңда шет елдерде денсаулық және тұрмыстық жақтарынан мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды интеграциялық оқыту тәжірибесі болғанына қарамастан, инклюзивті оқыту тек теория түрінде ғана жасалған. Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, маманмен қамтамасыз етуі қарастырылмаған. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі мәселе - оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою керек. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету- осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет