Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Инклюзивтік білім беру мәселелерінің Қазақстандағы жағдайы



бет3/6
Дата20.03.2022
өлшемі33,66 Kb.
#136470
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Инклюзивтік білім беру мәселелерінің Қазақстандағы жағдайы
Отбасылық-қоғамдық тәрбие негіздері - ғылыми-әдістемелік әзірлеме, ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, Сынып жетекшісі және оның тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ролі.
2. 1. Инклюзивтік білім беру мәселелерінің Қазақстандағы жағдайы
Инклюзивтік оқытудың базалық құқықтың құжаты даму мүмкіндігі шектеулі балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр. Қазақстан Республикасының Ата Заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылу құқығы жазылған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-бабында баланың қалауы, жеке қабілеттері мен ерекшеліктерн ескере отырып ата-ананың білім беру ұйымын таңдау құқығын; сонымен бірге балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда кеңес алу құқығын белгіледі.
Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіру түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 18-тармақшасында көрсетілген: «Ата-аналардың немесе өзге заңды өкілдердің мүдделерін ескере отырып, жергілікті білім беру органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкін. Инклюзивтiк және арнайы сыныптардағы даму мүмкiндiгi шектеулi барлық бiлiм алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкiндiгi шектеулi балалар жалпы бiлiм беретiн бағдарламалар бойынша бiлiм алады». Осы үлгілік қағидалары негізінде бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, мына міндеттерді шешу көзделген:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
- мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
Қазақстанда 1996 жылдан қолданып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді. Оның негізіне төмендегідей қатаң тұжырымдар салынған:
1. Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі болып табылады.
2. Әр бала білім алуға құқылы.
3. Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар.
4. Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда жақсы оқиды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды және Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шекетулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асырады.

  1. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім берудің қағидалары мен құндылықтарын терең түсіну және қабылдау Қазақстан педагогтері мен жалпы қоғамнан тұжырымдары және мінез-құлық рөлдерін едәуір қайта бағалау үшін уақыт пен күшті талап етеді. Осы мақсатта білім беру жүйесіне, олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен тең білім алуына жағдай жасау еңгізіліп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы заңға сәйкес мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті алға қойылған: мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда мүмкіндігінше жағдай жасалуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет