Жоспары: Кіріспе 1 Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту



бет3/3
Дата30.09.2022
өлшемі278,73 Kb.
#151264
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері

Қорытынды
Қорыта келе тілдің қатынас құралы болып қызмет аткаруы сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Ал мұның өзі адамдардың сөйлеу әрекеті болғандықтан психология ғылымының зерттеу объектісіне айналады.
Сөйлеу әрекеті алдымен ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен диалектикалық тығыз байланыста іске асып отырады, Өйткені олардың физиологиялық негізі бір, ол негіз — ми жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары. Олардың негізінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.
Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін заттарды «зерттеумен» қатар жұреді: бала заттарды қарап шұқып, ұстап және сипап көреді, оларды шертіп, қандай дыбыс шығатынын тыңдап, дәмімен иісін байқайды. Баланың назары ауған зат оның санасына барлық бас сезім органдары көру, есту, иіс сезу, сипап сезу органдары – арқылы енеді. Дүниені сезім арқылы танып білу баланың эмоционалдық сезімдерін дамытады: ол «тамаша»-«жексұрын» сияқты тіптен қарама –қарсы сезімдерді ғана емес, сондай-ақ аралық сезімдердің де бүкіл гаммасын сезінуге қабілетті болып шығады. Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік орныққан соң оны атайтын сөз баланың жадында ең алдымен, ол осы затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдердің бәрін қоздырады.
Таным процестерінін бірте-бірте дамуы бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлегенін сөзін естісек, тіл дыбыстарын анық ажырата алмаймыз. Бізге ол дыбыстар тек шудан тұратын болып көрінеді. Мұның себебі қалыптаспағандықтан, ана тілімізде естіген сөздер белгілі ережеге бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есіту деп атайды. Фонематикалық есіту дегеніміз әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды ажырата алмауы. Осы қасиет тек бөбек жасынан басталып, өз тілінің фонематикалық есіту ерекшелігін басқа тілдерден дәл ажырата бастайды. Фонематикалық есіту мектепке дейінгілерде ана тілінде, тереңірек сипатқа ие болады.
Тіл үйренуге тек адамнын, перзенті ғана қабілетті. Тіпті биологиялық жағынан аса жақын маймылға да тілді үйретуге болмайды, демек нәресте де ғана тілге икемділік бар. Осы икемділік іштен туа беріле ме, не жүре қалыптаса ма де­ген сұрақ туады. АҚШ ғалымы Н.Хомский балаға икемділік туа берілетіндігін айтады. Бұл пікірді М.М.Мұқанов қолдайды. Бірақ белгілі бір тілді меңгеру (ағылшын, өзбек т.б.) қоршаған ортаға, өмір талабына сай қалыптасады.
Бала қарым-қатынас жасауға қажетті жаңа сөздер мен грамматикалық формаларды ересектердің жетілген тілінен, балалар әдебиетінің көркем туындыларынан алады. Мектеп жасына дейінгілердің (6-7) байланыстырып сөйлеуін дамытуға әсер ететін маңызды көздердің бірі — үлкендер оқып беретін ертегілер, өлеңдер мен әңгімелер. Ана тілінде сөйлеуді жүйелі түрде үйрету олардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда жетекші рөл атқарады. Мектепке дейінгі кезеңде ситуациялық және контекстік сөйлеу формалары қатар орып алады, алайда бала қарым-қатынастың нақтылы мақсатына қарай оның бірін пайдаланады.
Ғалымдардың пікірінше, ана тілін меңгерудің сензитивтік кезі мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста бала ана тілінің грамматикалық құрылысын толық игеріп, ересектер және құрдастарымен пікір алысу дәрежесіне дейін көтеріледі. АҚШ-тың лингвист ғалымы Э.Пульгремнің айтуынша, егер баланы шет тілінде 4-5 жастан оқытса, тез үйреніп жақсы меңгерген болар еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сенгеннен кейін меңгертетін болса, оған көп уақыт және мол қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады.


Пайдаланылған әдебеттер тізімі
1. Л.П. Федеренко, Г.А.Фомичева, В.К. Лотарев, Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. А., «Мектеп», 1981, 244 бет[1]
2. Мұқанов М. Ақыл -ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы. 1980 жыл [2]
3. Баймұратова Б «Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету» Алматы, «Мектеп» 1981 ж [3]
4. Баймұратова Б « Тіл дамыту әдістемесінің методикасы» Алматы,-2007ж [4]
5. Әуелбаев Ш. «Бастауыш класта қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы «Мектеп». 1987ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет