Жоспары; Кіріспе Негізгі бөлім

бет2/4
Дата11.03.2023
өлшемі6,89 Mb.
#171871
1   2   3   4
Байланысты:
Айка педиатрия

Із қалдыратын ісіну

Квинке ісінуі (ангионевротикалық ісінуі, гиганттық есекжем) - әр түрлі биологиялық және химиялық факторлардың әсеріне ағзаның реакциясы, көбінесе аллергиялық түрде болады. Жедел аяқ астынан басталатын дененің бөліктенген ісігі, немесе тері асты ісігі не шырышты қабықтардагы кездесетін ауру болып табылады. Дененің барлық жерінде кездесуі мүмкін. Ісінулер көбіне, ерін, тіл, көз, қол-аяқ, жыныс мүшелерінде орналасады, бірақ ісіну орын ауыстыруы мүмкін. Жиі кездесетін патологиялық түрі ол ми кабыктарынын ісігі, жатырдың шырышты кабаттары, және зәр шығару жүйесінің, куыктың шырышты қабаттары сонымен қоса буынның синовиальды қабыктарын зақымдайтын түрі бар.

Бұл сондай әр түрлі факторлардың әсерінен шектелген тері және тері асты шелмай қабатының (май тіні тек тері асты шелмай қабатында ғана емес, сонымен қатар ішкі ағзалардың борпылдақ дәнекер тінінде де болады) ісінуі болатын жағдай. Көбіне бұл үлкендерде болады. Ал балаларда аз — 2% кездеседі. Бірақ бұл жағдай кез келген жаста, тіпті емшектегі балаларда да болуы мүмкін, әсіресе әйел адамдарда дамиды

Квинке ісінуінің аллергиялық және псевдоаллергиялық (тұқым қуалайтын) түрлерін ажыратады. Аллергиялық Квинке ісінуі көбінесе есекжеммен қатар келеді. Квинке ісінуі бар науқастарда басқа да аллергиялық аурулар түрі кездеседі: бронхиалды демікпе, поллиноз және т.б. Аллергиялық квинке ісінуі себептері мен даму механизмі аллергиялық есекжемдегідей. Ал псевдоаллергиялық түрінде комплемент жүйесінің белсенуінің , кинин тәрізді пептид түзілуінің генетикалық тұрғыдан бұзылуымен жүретін ісіну болады. Псевдоаллергиялық ісінудің себебі аздаған физикалық, термиялық немесе химиялық әсерлер болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет