Жоспары: Тұлғаның феноменологиялық теориясы. Клиентке бағытталған терапия түсінігі. Өзін-өзі тану және өзектену


Клиентке бағытталған терапия түсінігі



бет2/4
Дата16.04.2024
өлшемі24,65 Kb.
#200883
1   2   3   4
Байланысты:
Карл Рэнсом Роджерс
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарастары, Есептер дайын, Есептер дайын, математика
Клиентке бағытталған терапия түсінігі
К.Роджерс “Клиентке бағытталған терапия” кітабында клиеттермен жұмыста қажетті принципиалды бағыттың негізін салды. Оның көзқарасы бойынша тұлға өзінің организміндегі туа біткен тенденцияларды өзінің даму үрдісінде басшылыққа ала отырып, шынайылықпен өзара әрекеттеседі.Адам туындаған мәселені шешу үшін және өз мінез құлқын қажетті тәсілмен бағыттауға арналған құзыреттілікке ие. Бірақ бұл қабілет адамның қарым –қатынас орнатуға мүмкіндігі бар әлеуметтік құндылықтар аймағында ғана дамиды.
Клиентке бағытталған тұрғылардың негізгі ұғымдары: “Тәжірибе алаңы”, “Өздік”, “шынайы мен”, “идеалды Мен”.
Тәжірибе алаңы”- ішкі әлемнің қабылдаушы бөлігі.Ол шынайылық болып есептелетін территория картасы. Сонықтан да адам сыртқы орта жағдайларын өзінің ішкі әлемі арқылы, өзәнің тәжірибе алаңңы арқылы өткізеді.
Өздік” К.Роджерс концепциясының негізгі ұғымы. Бұл құрамына, денелік, символикалық, рухани тәжірибелер енетін тұтастық.
Шынайы “мен”– адамның өзгелермен қарым-қатынас барысында олардың өзіне деген көзқарасының тәжірибесі негізінде қалыптасатын өзі жайлы пікірі.
Идеалды“мен”- адамның өз мақсаттары мен мүмкіндіктерін жүзеге асырған жағдайдағы өзін идеал ретінде елестетуі.
К.Роджерстің өз әрекетінің негізінде клиенттің тұлғасын қойды. Ол дәстүрлі психотехниканың “интерпретация-мағынасын ашып көрсету, қандайда бір іс әрекетке түсінік беру”, “суггестия- "сендіру" ”, “үйрету” сияқты типтерінен бас тартып, оларды ең алдымен клиентке емес, психологтың өзіне бағытталған деп сипаттады. Роджерстің концепциясындағы - “эмпатия”, “қамқорлық”, “конгруэнттілік”, “психологиялық климат” ұғымдарын енгізген, соларды қарастырайық.
Эмпатия– психологтың клиентке деген ерекше қарым-қатынасы. Бұл клиенттің ішкі әлемін қабылдау, жағымды жеке қарым- қатынас орнату.
Қамқорлық-экзестенциализмнің дәстүрлі ұғымдарының бірі. Роджерстің концепциясында клиенттің нақты жағдайдағы ерекшелігін қабылдауды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет