Жұқпалық қауіпсіздік Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту Мақсаты



бет30/35
Дата28.01.2022
өлшемі72,83 Kb.
#115271
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Ж??палы? ?ауіпсіздік ?олды ?леуметтік де?гейде тазарту Ма?саты
2срс.Джабаева.М, 1 токсан, Б?лшы?етке д?рі енгізу алгоритмі. Стандарт д?рі – д?рмекті тері , Документ (7), Документ (7), Документ (7), 3тоқсан БЖБ-ТЖБ талдау
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.

  3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

  4. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара).

  5. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

  6. Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

  7. Резеңке бұрауды (венозды манжетаны) иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.

  8. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

  9. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін) сұраңыз.

  10. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, қолдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

  11. Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.

  12. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.

  13. Тері антисептигімен суландырған мақта домалақтарын екі рет тазартыңыз, үшінші мақта домалағын сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.

  14. Оң қолға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясын, V саусақпен – шприцтің поршенін, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

  15. Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

  16. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз.

  17. Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  18. Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

  19. Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

  20. Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, шприцтің поршенін тірелгенге дейін жібермей, жайымен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз.

  21. Залалсыздандырылған, спирттелген 3-ші мақта домалағын тесілген жерге басып, инені шығарыңыз.

  22. Тесілген жерді тері антисептигімен суландырған мақта домалақтарын 3-5 минуттай басып, науқастан қан толық тоқтағанға дейін шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.

  23. Мақта домалағын контейнерге салыңыз.

  24. Шприцті инесімен, иненің қалпағын кигізбей қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.

  25. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту: арнайы венозды манжетканы қолданғанда ондағы клапанды тарс еткізіп ілгешегін жабады және венозды қанағым тоқтағанға дейін оның бос шетін тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет