Жұқпалық қауіпсіздік Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту Мақсаты



бет32/35
Дата28.01.2022
өлшемі72,83 Kb.
#115271
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Ж??палы? ?ауіпсіздік ?олды ?леуметтік де?гейде тазарту Ма?саты
2срс.Джабаева.М, 1 токсан, Б?лшы?етке д?рі енгізу алгоритмі. Стандарт д?рі – д?рмекті тері , Документ (7), Документ (7), Документ (7), 3тоқсан БЖБ-ТЖБ талдау
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  2. Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

  3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз.

  4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.

  5. Тері антисептигіне суландырған мақта домалақтары мен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

  6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

  7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

  8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз.

  9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз.

  10. Тамызғышты ақырын қысып, жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

  11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.

  12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.

  13. Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

  14. Тері антисептигімен суландырған мақта домалақтарын, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді салыңыз.


Ескерту: Кейбір системаларда ауа кіруге арналған тесік тұп-тура тамызғыштың үстінде болады. Бұл жағдайда тек тесікті жабатын бітеуішті ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет