ЖұҚпалы аурулар туралы жалпы түсінік. «Инфекция» латын тілінен аударғанда «Жұқтырамын,ластаймын» деген мағынаны білдіреді. Жұқпалы аурулар



бет3/8
Дата04.10.2023
өлшемі38,09 Kb.
#183693
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж, 2 дәріс
Тасымалдаушылық – инфекциялық процесс клиникалық белгілерісіз өтіп, сыртқы ортаға қоздырғыштың бөлінуімен сипатталады. Инфекция тасымалдыушылардың эпидемиологиялық рөлі маңызды, себебі олар аурудың көзі болып табылады.
Жұқпалы аурудың латенттік (инаппарантты, субклиникалық) түрінде инфекциялық процесс субклиникалық деңгейде өтеді, бірақ қоздырғыш зақымдаған ағзаларда патоморфолгиялық өзгерістер дамиды және иммунды жауап қалыптасады (антиделер түзіледі). Жұқпалы аурудың латенттік түрінде қоздырғыш дефектік түрде немесе ерекше бір сатыда болады. Латенттік инфекцияның қоздырғышы иесінің жасушаларында тіршілігін жалғастырып, қоршаған ортаға бөлінбейді
Бақылау сұрақтары:

  1. жұқпалы аурулар деген не?

  2. инфекциялық процесті қалай түсіндресіз?

  3. жұқпалы аурулардың ерекшеліктерін атап өтіңіз?

  4. жұқпалы аурудың кезеңдерін атаңыз?

  5. аурудың ауырлығына байланысты неше түрге бөлінеді?

  6. Тасымалдаушылық дегеніміз не?

  7. Жұқпалы аурудың латенттік түрі қалай өтеді?

ЭПИДЕМИОЛОГИЯ НЕГІЗІ. ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ТҮСНІНК. ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС,


ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ОШАҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.


Эпидемиология - жұқпалы аурулардың адамдар арасында пайда болуы, таралуы және олардың алдын алу, күресу заңдылығы туралы ғылым болып табылады.
Эпидемиология эпидемиялық процессті – күрделі әлеуметтік-биологиялық құбылысты зерттейді. Эпидемиялық процесс – бір-бірімен ажырамайтын үш звенодан тұрады.

  1. жұқпалы аурулардың инфекция көзі (қоздырғыштар көзі)

  2. қоздырғыштардың жұғу механизмі (жұғу жолы)

  3. адамдардың қабылдағыштығы.

Эпидемиялық процессбір немесе бірнеше аурулар, не ауру тасымалдаушылардың эпидемиялық ошағы түрінде болады.
Эпидемиялық ошақ – белгілі бір территорияда немесе оданда тыс жердегі инфекция көзі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет