Жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды күту ерекшеліктері және инфекцияның алдын алу Мақсаты: а білімділік



бет5/12
Дата05.02.2022
өлшемі334,87 Kb.
#16374
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Инфекцияның таралу жолдары

  1. Ауа арқылы (воздушно-капельный путь). Инфекция жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде түкірік тамшыларымен тарайды (тмау, туберкулез, ветрянка).

  2. Қан арқылы (через кровь). Жарақат алғанда, медициналық инструменттермен, қансорғыш жәндіктермен инфекция жұғады (сіреспе, безгек).

  3. Су арқылы (воный путь). Патогендік микробтары бар суды адам ішуге немесе жуынуға қолданғанда ішектік (тырысқақа) немесе тері (теміретке) инфекциялары пайда болады.

  4. Тағам арқылы (пишевой путь). Инфекция (дизентерия, гератит) сау адамның ағзасына ауыз арқылы түседі (уланған немесе бұзылған тамақ, кір қол, ыдыс-аяқ, шыбын-шіркейлер).

  5. Тікелей қатынас арқылы (контактно-бытовой путь). Ауру адаммен тікелей қатынаста болғанда немесе оның жеке заттармен қолданғанда пайда болатын инфекция (қышыма, теміретке).

  6. Жыныстық қатынас арқылы (половой путь). Ауру адаммен жыныстық қатынаста болған кезде жұғатын аурулар (мерез, соз).

  7. Жануарлардан (от животных). Ауру малдың сүтін, етін пайдаланғанда (бруцеллез), мал сойғанда, жануарлар тістегенде (құтыру)жғатын аурулар.

Тұмау (Грипп)
Тұмау (грипп) – вирустар қоздыратын жұқпалы ауру. Оған шалдыққан адамның жоғарғы тыныс жолдары зақымданып, организмі уланады. Грипп ауру адамнан сау адамға тез тарап, жылдың кез келген маусымында ересектерге де, балаға да жұғады. Аурудың жасырын кезеңі өте қысқа 1-2 күндей. Гриптің адамдарға те жұғып, жаппай таралуы оның бірден өршитіндігіне байланысты. Грипп эпидемиясы оқтын-оқтын (3-4 жылда) қауырт өршіл, белгілі бір аймаққа, тіпті дүние жүзіне жайылады (мұны пандемия деп атайды).
Гриптің қоздырғышы – вирустар: оның бірнеше түрі бар. Қоздырғыштары сырқат адамның мұрын, ауыз, жұтқыншақ кілегей қабықтарында болады да, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлескенде түкірігі не мұрын суы арқылы ауаға тарайды, кейде тұтынған затынан жұғады.
Ауырған адамның бірден тұла бойы қалтырап, дене қызуы 38-390C, кейде 400C температураға дейін жетеді. Басы шаншып ауырып, денесі әсіресе белі мен аяқ буындары сырқырайды, ауру адам бей-жай болып, маужырай береді, кейде керісінше тітіркенеді. Беті мен көзі қызарып, терісі қызады. Дене қызуы басталысымен немесе одан біраз уақыт өткеннен кейін түшкірік пайда болып, аузы кеберсиді, кеудесі ауырып, құрғақтай жөтеледі. 3-5 күннен кейін қызуы басылады, бірақ бірнеше күндей әлсіреп, шаршайды, басы айналады.
Грипп асқынған жағдайда ауру адамның өкпесі, кеңсірігі, құлағы қабынып, плевритке т.б. сырқатқа шалдығады. Кейде гриптің салдарынан жүрек, буын, бүйрек, ми және ми қабықтары зақымданады. Гриптен кейін дәрігердің рұқсатынсыз жұмысқа шығуға болмайды, мұны әсіресе қарт адамдардың мұқият ескергені жөн.

Каталог: materialy -> texnologia
texnologia -> Тақырыбы: Ағаш өңдеу және ағаштарды көркемдеп өңдеу технологиясы
texnologia -> ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ. Байменов атындағы жалпы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Нысанбекова Айгүл
texnologia -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық табақ тарту рәсімі
texnologia -> Сабақ Тақырыбы : Ағаш өңдеуде сыйкәделік домбыра жасау технологиясы
texnologia -> Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасымен жұмыс істеу
texnologia -> Сабақтың тақырыбы : Қуырдақ дайындау Сабақтың мақсаты
texnologia -> Сабақтың тақырыбы: Кестелеп тігу, қолмен тоқу, құрастыру әдісімен қолөнер бұйымдарын дайындау. Сабақтың мақсаты
texnologia -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы
texnologia -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының Басқұр ою-өрнектері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет