Жүрек гликозидттерді қабылдауды тоқтату калий иондарының сарқылуы



бет3/8
Дата18.10.2022
өлшемі33,6 Kb.
#153566
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-25 билет

12 билет. Макролидтер тобының антибиотигі. Коккты флораға, риккетсияға, хламидияларға, патогенді спирохеталарға бактериостатикалық әсер көрсетеді. Айырмашылығы антибиотикке төзімділік тез дамиды. Мерезді емдеуде резервтегі антибиотик болып саналады. Жағымсыз әсерлері – диспепсиялық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар.
1.Препаратты анықтаңыз
Эритромицин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Макролидтер
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Бактериялардың рибосомасы деңгейінде жасушаішілік белок синтезін тежейді. Пептидтранслоказа ферментін тежеумен байланысты.


13 билет. Микробтарға кең спектрлі әсер етеді, микроб клеткасында белок синтезін тежейді, бактериостатикалық әсер етеді, аса қауіпті инфекцияларда (оба, холера, бруцеллез) және бациллярлы дизентерияда таңдау препараты болып табылады. Терінің ультракүлгін сәулелерге сезімталдығын арттырады, сүйек пен тіс тіндерінде жинақталады. Дисбактериоз жәе диспепсиялық бұзылыстар туғызады.
1.Препаратты анықтаңыз
Тетрациклин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Атибиотиктер: Тетрациклиндер
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Рибосома деңгейінде белок синтезін тежейді.


14 билет. Жедел психозбен (елес және сандырақпен) ауыратын науқасқа нейролептик енгізілді. Психоз белггілері жойылды, бірақ кушеткадан тұрын жатқанда науқас есінен танып құлап қалды.
1.Науқасқа қандай препарат енгізілді?
Жауап: Аминазин
2.Оның фармакологиялық тобын жазыңыз
Жауап: психозға қарсы «типтік» заттар
3.Препараттың психозға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Жауап: мидағы постсинапстық мезолимбиялық және мезокортикалық дофаминергиялық рецепторлардың тежелуімен байланысты.
4.Препарат қандай жағымсыз әсер туғызды?
Жауап: әлсіздік, апатия, ұйқышылдық, гипотензия, ортостатикалық коллапс, іркілістік сарғаю.
5.Бұл немен байланысты екенін және қалай алдын алуға болатыны түсіндіріңіз
Жауап: Препаратты қолданғаннан кейін енгізу тәсіліне қарамастан науқастар 1,5-2 сағат жатуы тиіс; горизонталды жағдайдан ертикалдыға күрт ауысу артериялық қысымның айқын және тез түсуін тудырады, ортостатикалық коллапс дамиды.


15 билет. Азалидтер тобының өкілі. Спектрі мен белсенділігі бойынша эритромицинге жақын. Әсер ету қзақтығы 24 сағат. Тәулігіне 1 рет қабылдайды. Жақсы сіңіріледі, емдік әсері тоқтатылғаннан кейін 5 тәулік бойы сақталады. Эритромицинге және басқа макролидтерге аллергия кезінде қолдануға болмайды.
1.Препаратты анықтаңыз
Азитромицин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Азалидтер тобы
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Әсер ету механизмі бактериялардың рибосомасы деңгейінде жасуша ішілік белок синтезін тежеуге негізделген.Бұл пептидтранслоказа ферментін тежеуіне байланысты.


16 билет. . Қуық атониясы бар Х. атты науқасқа дәіргер бір дәрілік зат тағайындады. Науқас оның мөлшерін өз бетінше ұлғайтып қабылдады. Зәр шығару қалыпқа келді, бірақ тершеңдік,сілекейдің көп бөлінуі, іштің өтуі байқалды.

  1. Науқасқа қандай препарат тағайындалған?Ацеклидин

  2. Бұл препарат қандай фармакологиялық топқа жатады?М-холиномиметик

  3. Препараттың қуыққа әсер ету механизмін түсіндірңіз?Қуық тонусын жоғарлатады,ол м3 холинорецепторларды қоздыруына байланысты

  4. Препараттың жағымсыз әсерлерінің пайда болу механизмін түсіндіріңіз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет