Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен


PISA: Оқу сауаттылығы бойынша әр жылдардағы қазақстандық оқушылардың көрсеткіші



бет10/11
Дата04.10.2022
өлшемі1,58 Mb.
#151525
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
PISA оқу сауаттылығы
osh sor algebra ogn 10-klass, 5-сынып, бақылау, 207144
PISA: Оқу сауаттылығы бойынша әр жылдардағы қазақстандық оқушылардың көрсеткіші

Пән

2009

2012

2015

2018

Оқу сауаттылығы

390

393

427

387

Оқу сауаттылығы бойынша алғашқы нәтиже 390 балды құрады, одан кейінгі жылдардағы көрсеткіш ілгерілеуді көрсетіп жақсара түсті, яғни 393 және 427 балды құрады. 2018 жылғы қорытынды бойынша құлдырау байқалады, нәтиже 387 балл. Нәтижесінде 78 елдің ішінен 69-орынға тұрақтадық. Салыстырмалы түрде PISA зерттеуіне бірінші рет қатысып отырған Украина мемлекеті 466 балл көрсеткішімен бірден 39-орынға тұрақтап, бізді басып озды. Әлемдегі ең көп оқитын ел болып саналған бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы елдер рейтингтің ортасында тұр. Ресей мен Беларусь 31, 36-орындарда.
Зерттеуге қатысқан қазақстандық оқушылардың нәтижелерінің төмендігі олардың бойында жеке өмірлік ұстанымын таңдауда ой мен түйсіктің дербестігі, қоғамдық, өмірлік міндеттерді шешу тәжірибесінің жоқтығы сияқты сапалардың қалыптаспағанын көрсетеді. Жас қазақстандықтар нұсқау, жарнама, жұмысқа қабылдауға арналған сауалнама және басқа да ісқағаз стиліндегі мәтіндермен таныс емес болып шықты.
. PISA тұжырымдамалық идеясына сәйкес оқу сауаттылығының 6-деңгейіне жеткен қатысушылар жоғары құзыретті оқырман боп саналады, яғни олар толық жауап ұсынады, тұлғалық шешімдер қабылдау дағдыларын көрсетеді, сөздердің астарындағы мағынаны сезеді, оқырмандық түйсік болады.
Функционалдық оқу сауаттылығының 2-деңгейі – қазіргі заман адамының табысты өмірінің ең төменгі бастапқы шарты.
Оқу құзыретінің ең жоғарғы 6-деңгейін ЭЫДҰ елдеріндегі 15 жастағы оқушылардың 1,1%-ы көрсеткен. Оқу сауаттылығының 5-6-деңгейлеріндегі ең көп жетістік көрсеткіші Сингапур, Жапония мен Гонконг (Қытай) елдерінің оқушыларына тиесілі. Қазақстандық оқушылар 6-деңгейді бағындыра алмаған, ал 5-деңгейді Қазақстаннан қатысқан оқушылардың 0,4%-ы ғана көрсеткен.
15 жастағы қазақстандық оқушылар 2-3-деңгейдің тест тапсырмаларын табысты орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет