Жүргузіші: Балалар қараңдаршы қандай әсем шырша! Біз қандай мереке тойлауға келдік? Балалар



бет3/3
Дата18.12.2021
өлшемі20,24 Kb.
#102766
1   2   3
Байланысты:
Жаң жыл аққаламен
Ай, Ай, Ай
Би: « Ұлпақарлар құрсаумен биі»

(бидің соңында балалар орталарына аққаланы алып кіреді)



Аққала:(шығып, үстін қағып) -Рахмет, рахмет, балалар! Ал хатым қайда?

Енді Аяз Атаға жеткізейін.

Жүргізуші: Ал балалар Аққала Аяз атаға хатты алып барып бергенше біз кезегімізді тақпаққа берейік

6-бала Нұрсұлтан

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

7-бала Даниял

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау, қарлы шың.

8-бала Әділет

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

9-бала Айсұлтан

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

10-бала Али

Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

Музыка сүйемелдуімен залға Ақшақар кіреді

Ақшақар:

Келді менің мезгілім

Қуантумен сіздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймын сіздерді!

Тәрбиеші-балалар: Хош келдіңіз Ақшақар! Келгенің жақсы болды.Бізде бүгін жаңа-жыл мерекесі.Аяз атамызда кешігіп жатыр.

Ақшақар: Уайымдамаңдар Аяз ата келеді. –Ал, жаңа жыл көркі шыршамыз неге көңілсіз? Неге шамдары сөніп тұр а? Келіңдер балалар шыршаны айнала тұрайық.

Шапалақтап, қуанып

Маған көмек беріңдер!

«Шырша, шырша, шыршамыз,

Өтінеміз бәріміз-

Шамдарыңды жарқырат,

Жұрттың бәрін таңырқат!»

(2-рет айтқанда шырша жанады)



Жүргізуші:

Керемет! Тамаша!

Шыршамыздың мол шамы

Жарқырады, жайнады!

Арайланды бақшамыз,

Ән шырқаймыз баршамыз.



Ән: «Шыршаға бардық»

Музыка қойылады

Аяз Ата: -Кім мені шақырды?

Аққала: -Амансың ба, Аяз Ата! Мен саған балалардан хат алып келдім.(береді)

Аяз Ата:(оқиды) -Аққала, сен неге кешіктің? Балалар мені күтіп қалған шығар... Кәзір, бөбектерім, кәзір.

(Боранның дыбысы естіледі)

Аяз Ата:

-Сәлеметсіңдер ме, бөбектерім,қызықтарым!

Сәлеметсіңдер ме момын, ерке, бұзықтарым!

Жаңа Жыл мерекелерің құтты болсын,

Әрдайым өмірлерің асқақ болсын!

Балалар: -Сәлеметсізбе бе, Аяз Ата!

Аяз Ата: -Ал, балалар, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.



11-бала Айзере М

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

12-бала Жангир

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын.

13-бала Арнур

Аяз –ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата,

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата
14-бала Қасымхан

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты.
15-бала Дәулен

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Би: Гномдар

Аяз Ата: -Бәрекелді! Жарайсыңдар!Мынандай балаларды әлі кездескен жоқпын ән де шырқайды, би де билейді, тақпақ та айтады. Ал ойынды ұната ма?

Жүргізуші, балалар: -Ия!

Аяз Ата: -Қазір мен оны тексерейін. Ойынымыз жәй емес,сиқырлы. Сендердің қолбақтарың жүгіре ала ма? (балалардың жауабы) Ал менің қолғабым жүгіреді. Көресіңдер ме?!

Мен қолбақты қоямын (жерге),бұйрықты беремін: «Балаларға жеткізбе, қолдарына сен түспе! 1, 2, 3!»,-деп жүгіреді.



Жүгіріп, омбы қардың жанына келеді.

Аяз Ата: -Міне, менің сиқырлы қолбағым омбы қарға жеткізді – қолымызға алайық, қар атысып ойнайық

Жүргузіші: Ал Аяз ата ойнап болсақ балалардың тақпақтары бар екен сізге арнаған
16-бала Ясмина

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр
17-бала Айзере К

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.
18-бала

Шарики сияют,

Огоньки блестят,

Елочка-красотка

Радует ребят.
Дед Мороз подарки,

Торопясь, несет.

Здравствуй, зимний праздник,

Добрый Новый год!



19бала Роберт

Новый год мы очень ждали,

Елку с мамой наряжали.

Чтобы добрый Дед Мороз

Нам подарки преподнес.
Целый год мы не шалили,

Стих для дедушки учили.

Очень рады мы с утра,

Новый год пришел. Ура!




Би :Ақ аюлар

Жүргузіші: -Құрметті Аяз Ата, балалар сізден сыйлықтар күтуде.

Аяз Ата:-Дайын, бөбектерім, дайын сыйлықтарым,

(айналасына қарап) бірақ қайда менің қызыл қабым?



Жүргузіші:Аяз Ата, сіз келгенде қолыңызда қапшық болған жоқ.

Аяз Ата:О, менің қу басым,сендерге асығып

Жолда түсіріп жоғалтып алдым...



Жүргізуші: Аяз ата , сіз сиқыршысыз ғой! Шақырыңыз қапшықты!

Аяз Ата:Жатсаң қардың үстінде

Қапшық, жедел жет бізге! (таяғымен тарсылдатады үш рет)



«Тірі» қапшық жүгіріп келеді.

Аяз Ата: (қуанып) – Қане, қапшық, биле! (билейді)

Қане, қапшық, айнал! (айналады)



Қане, қапшық, жүгір!(жүгіріп, қашып кетеді)

Аяз Ата қапшықтықуып, сыйлықтар толған қапшықты әкеледі

-Әрең ұстап алдым ғой! – деп, сыйлықтар толған қапшықты ортаға қойып, ашып,балаларға таратады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет