Жсатармен јлеуметтік жўмыс


Анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы



бет13/19
Дата01.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#147902
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Ақәділұлы диплом
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
2.4 Анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы
Қылмыстық процестік кодексінің 7-бабының 14-тармағына сәйкес анықтау органы қылмыстық ізге түсу органдарына жатады.Заң шығарушы анықтау органдарының егжей-тегжейлі тізбесін белгілейді.
Оларға мыналар жатады:
1. ішкі істер органдары;
2. ұлттық қауіпсіздік органдары;
3.қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша- әділет органдары;
4. қаржы полициясының органдары;
5. контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша - кеден органдары;
6. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша әскери полиция органдары;
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы істер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша шекара бөлімдерінің командирлері;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынысты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскер жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің , құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстары туралы істері бойынша әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
9. Өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша -Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
10. Өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша -мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;
Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері, сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының, осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да мемлекеттің ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да, - көлік қатынастары жоқ болған кезеңде жүктеледі [26,19б].
С.В.Болотиннің пікірі бойынша: «Анықтау органының іс жүргізу мәртебесін иемдену үшін төмендегідей құқықтық алғышартардың болуы қажет: - Заң белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органын құру; - адамды қызметке /оның ішінде осы органның басшысы ққызметіне/ тағайындау; - аталған басқару органының анықтау жүргізуге арналған өкілеттілігінің қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленуі». Сонымен бірге қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық істер жүргізу кодексінің талдау қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысушыға анықтау органының мәртебесін беретін тағы бірнеше белгілері бар екендігі туралы куәландырады. Мұндай қосымша белгілерге мыналар жатады: - Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 61-бабының 2-тармағында аталған органдар анықтауды жүзеге асырған уақыттағы белгілі бір шектеулер /мәселен, кедендік органдар, контрабанда туралы істермен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару жөнінде ғана анықтау жүргізеді; әділет органдары – сотқа құрмет көрсету және сот шешімдерін орындау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер жөнінде анықтау жүргізеді/; - анықтау органы тек аталған орагндардың барлық жүйесін емес, тікелей анықтау мақсаттары үшін қалыптасқан құрылымдық бөлімдерді ғана /департаменттер, басқармалар, бөлімдер, бөлімшелер/ түсіну, мәселен тұтас жүйе ретінде ішкі істер органдары Ішкі істер министрлігінің аппаратының, аумақтық органдардан /облыстық басқармалар, аудандық бөлімдерден/ тұрады, олар өз кезегінде /сондай-ақ анықтауды жүзеге асыру құқығы бәріне бірдей берілмеген Жекелеген қызметтерден тұрады;/ - белгіленген өкілеттіктер шегінде қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана анықтауды жүзеге асыру құқығығның пайда болуы /мәселен, шекара бөлімінің командирі қылмыстық іс қозғап, сотқа құрмет көрсетпеуге байланысты қылмыстар бойынша анықтау жүргізуге құқылы емес/; - анықтау органдарына жедел-іздестіру іс - қимылын орындау құқығын беру;-алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша толық көлемде сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтау.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі бойынша анықтау органдарының процессуалдық жағдайының ерекшелігі осы органдарың заң белгілеген жағдайда алдын ала тергеуді жүзеге асыру құқығы болып табылады.
Анықтау органдарының қызметінің сипаты олар алдын ала тіркеу жүргізу міндетті емес істер бойынша жұмыс істеуіне байланысты ерекшеленеді.
Заң алдын ала тергеу жүргізуді міндеттейтін істердің тобы бойынша анықтау органы қылмыстық іс қозғаумен шектеледі, қылмыстың ізін анықтау және бекіту жөніндегі шұғыл тергеу іс қимылын жүзеге асырады, сосын істі кідіріссіз прокурор арқылы тергеушіге береді .Осы іс бойынша анықтау органының одан әрі қызметі тергеушінің тапсырмаларын орындау нысанында жүзеге асырылады.
Алдын ол тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау органының өкілеттіктері әлдеқайда ауқымды. Қылмыстық процестік кодексінің 288– бабының 1-бөліміне сәйкес осы істер бойынша анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады. Бұл анықтау нысанында іс жүзінде алдын ала тергеу жүргізілетіндігін білдіреді, бірақ бұған процеске жекелеген қатысушылардың құқықтарының көлемі және анықтау жүргізудің мерзімі бөлігіндегі кейбір ерекшеліктері қосылмайды. Қылмыстың белгілерін және оны жасау адамдарды табу мақсатында анықтау органдарына қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау міндеті жүктеледі [27,9б]. Қылмыстық іс жүргізу заңына жедел-іздестіру шараларының мазмұнын ашып көрсетпейді Жедел-іздестіру қызметінің мәні, әдістері, құралдары Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңы реттейтін тақырып болып табыладлы. Мұның өзі өз кезеңінде қылмыстық іс жүргізу құқығының сондай-ақ, тиісті ведомствалық нормативтік актілердің көзі болып табылады.
Бұл орайда мынаны атап өту керек, жедел іздестіру шараларын қабылдау міндетінің іріктеп алатындай сипаты болады және барлық анықтау органдарына қатысы болмайды, ол тек арнайы әдістермен құралдарды қолданбастан өзінің өзгешелігі бар функцияларын жүзеге асыра алмайтын органдарға тән (мәселен, қылмыс жасаған адамдарды іздестіру және табу жария түрдегі қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен мүмкін болмайтын жағдайда) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесі шегінде жедел іздестіру шараларын жүргізу құқығы осы шараларды функционалдық тәртіппен орындайтын арнайы бөлімшелер мен мекемелерге берілген және де анықтау мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу анықтау органдары атқаратын екі дербес функция. Анықтау мақсаттарына қол жеткізу Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нұсқауларын қолдану жолымен де, сондай-ақ жедел іздестіру шараларын үйлестіру жолымен де мүмкін болады. Жедел-іздестіру ақпараты дәлелдемелерге қылмыстық іс жүргізу талаптарын сақтаған жағдайда дәлелдейтіндей ақпаратқа айналуы мүмкін. Қарама-қарсы жағдайда мұндай ақпараттың қосымша бағдар беретіндей ғана сипаты болады.
Анықтаушы. Анықтаушы - өз құзіретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттің лауазымды адам. Анықтаушы сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы және жүзеге асырылуы шешім қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдер қабылдауға және тергеу мен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
Анықтаушы алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуі міндетті.
Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының Жекеленген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстьық процеске қатынасушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті [28,83б].
Анықтау органы бастығының нұсқаулары орындауға міндетті. Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауына прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Нұсқауларға шағым жасалуы қылмыстың саралану мен айыптаудың көлемі айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды. Бұл орайда мынаны атап өту керек, жедел іздестіру шараларын қабылдау міндетінің іріктеп алатындай сипаты болады және барлық анықтау органдарына қатысы болмайды, ол тек арнайы әдістермен құралдарды қолданбастан өзінің өзгешелігі бар функцияларын жүзеге асыра алмайтын органдарға тән (мәселен, қылмыс жасаған адамдарды іздестіру және табу жария түрдегі қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен мүмкін болмайтын жағдайда) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесі шегінде жедел іздестіру шараларын жүргізу құқығы осы шараларды функционалдық тәртіппен орындайтын арнайы бөлімшелер мен мекемелерге берілген және де анықтау мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу анықтау органдары атқаратын екі дербес функция. Анықтау мақсаттарына қол жеткізу Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нұсқауларын қолдану жолымен де, сондай-ақ жедел іздестіру шараларын үйлестіру жолымен де мүмкін болады. Жедел-іздестіру ақпараты дәлелдемелерге қылмыстық іс жүргізу талаптарын сақтаған жағдайда дәлелдейтіндей ақпаратқа айналуы мүмкін. Қарама-қарсы жағдайда мұндай ақпараттың қосымша бағдар беретіндей ғана сипаты болады.
Анықтаушы қызметінің тергеуші қызметінен ерекшелігі олардың іс жүргізу дербестігінің көлемінен анық көрінеді. Осы іс жүргізудің дербестік деңгейі мыналардан көрінеді:
- анықтаушының прокурордың нұсқауларымен келіспеуге құқығы жоқ, ол барлық нұсқауларды орындауға міндетті;
- анықтау органының құзіреті алдын ала тергеу жүргізудің міндетті екендігі немесе міндетті емес екендігіне байланысты шектеледі, осыған сәйкес анықтаушының құзіреті де өзгешеленеді;
- тергеуші прокурордың қадағалауында болады және оның басшылығымен тергеу жүргізеді, ал анықтау жүргізетін адамды прокурордың қадағалауында болады, анықтау органының бастығына тікелей бағынады; -анықтау органдары тергеуші мен анықтау органдары қызметінің ортақ аумағында жасалған қылмыстар туралы істер жөнінде тергеушінің талаптарын орындауға міндетті; -басқа ауданның органдары тергеушінің жекеленген талаптарын орындауға міндетті;
- анықтаушының тергеушіге тапсырма беруге құқығы жоқ.
- тергеу мен анықтау қызметкерлерінен тұратын жедел- тергеу тобында ұйымдық және іс жүргізушілік басшылығы тергеушіге тиесілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет