Жсатармен јлеуметтік жўмыс


ЖЕКЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ



бет9/19
Дата01.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#147902
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Ақәділұлы диплом
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
2 ЖЕКЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ


2.1 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың қызметі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 7-бабының 13, 14-тармақтарына сәйкес қылмыстық ізге түсу деп, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық ізге түсу органдарына – прокурор /мемлекеттік айыптаушы/, анықтау органы, тергеуші, анықтаушы жатады. Қылмыстық ізге түсу органдарының қызметі қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы міндеттерден туындайдайды. Оларға: қылмысты ашу; кінәсіздерді ақтау, дәлелдемелерді жинау тексеру және баға беру арқылы кінәліні анықтау т.б. Қылмыстық ізге түсу органы барлық жағдайда жасалған қылмыс бойынша қылмыс құрамының барлық белгілері анықталғаннан кейін, іс бойынша мән-жайды анықтау қылмыс жасаған адамды айыпкер ретінде қылмыстық жауапқа тарту қылмыстық процеске қатысушыларға және қылмыстық жауапқа тартылушы адамдарға өздерінің заңмен белгіленген процессуалдық құқықтары мен міндеттерін түсіндіру керек және берілген процессуалдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асуына жәрдем беруге тиіс, сондай- ақ, қылмыстыық ізге түсу тоқтатылған ретте кінәсіз адамды ақтау шараларын жүзеге асыру керек.
Қылмыстық ізге түсу органдары қылмыстық істерді ашқанда, мына мән-жайларды анықтауы керек:
. Қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері мен қылмыс оқиғасы / қылмыстық жасалу уақыты, болған жері, әдісі, және басқа да мән-жайлар/;
. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағанын анықтау;
. Адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп-дәлелдері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктері;
. Айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән – жайлар;
. Айыпталушының жеке басының сипаттайтын мән-жайлар;
. Жасалған қылмыстың зардаптары;
. Қылмыс пен келтірілген сипаты мен мөлшері;
. Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
. Қылмыстық жауаптылық пенн жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән - жайлар жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілгендей мына жағдайлар қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері болып табылады:
. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
. Қажетті қорғану кезінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату;
.Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру;
. Жүкті әйелдердің немесе жас балдары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру;
. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату;
.Төтенше мән-жайлардың салдарынан, жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру;
.Айыптау үкімінің ескіру мерзіміне байланысты жазаны өтеуден босату;
.Рақымшылық немесе кешірімі жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.
Ал қылмыстық ізге түсу органдары кәмелеттік жасқа толмаған адамдарға байланысты мына мән-жайларды анықтау тиіс:
. Кәмелетке толмаған адамның жасы /туған күні, айы, жылы/;
. Кәмелетке толмаған адамның тұрмысы мен әлеуметтік жағдайы;
. Интеллектуалдық ерік жігерінің және психикалық дамуының дәрежесі, мінезі мен тегеуріндік ерекшеліктері, мұқтаждары мен мүдделері;
. Кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуы тиіс.
Қылмыс жасауға ықпал етуші барлық мән- жайлар қылмыстық іс бойынша анықталуы тиіс. Сонымен, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзіреті шегінде қылмыстың белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шаралар қолдануға, сонымен бірге кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті[14,2б].
Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық процестегі өзінің өкілеттігін қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсіз және заң талаптарына сәйкес түрде ғана жүзеге асырады.
Қылмыстық ізге түсу органдары өздеріне берілген процессуалдық мәртебесіне сәйкес әртүрлі өкілеттіктерге ие. Прокурордың қызметі тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының қызметінен үлкен айырмашылыққа ие. Айырмашылығы сонда, прокурор қылмыстық ізге түсуді заңдылықты қадағалау арқылы жүзеге асырады.
Қылмыстық ізге түсу органдары заңда белгіленген өкілеттіктерін еркін түрде жүзеге асырады. Сонымен қатар, процессуалдық әрекеттері мен шешімдерін жүзеге асыруда ешкімге бағынбайды. Қылмыстық іс бойынша обьективтік зерттеу жүргізуге кедергі келтіру мақсатында қылмыстық ізге түсу органына қандай түрде болса да ықпал ету заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады. Мәселен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің , -баптарын алуға болады. Қылмыстық кодекстің -бабының тармағы: Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында соттың қызметіне қандай да болмасын нысанда араласу-екі жүз айлық есептік көрсеткіштен үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысынын мөлшерінде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
. істі жан-жақты, толық және обьективті тергеуге кедергі жасау мақсатында қандайда болмасын нысанда прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамның қызметіне араласу - жүз айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады [15,27б].
Ал, қылмыстық кодекстің -бабының -тармағы бойынша алдын ала тергеу жүргізілуіне, істің немесе материалдардың сотта қаралуына не үкімнің орындалуына, соттың шешіміне немесе өзге сот актілеріне байланысты прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізетін адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына қатысты жасалған нақ сол әрекет – екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуға жазаланады делінген.
Барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар қылмыстық ізге түсу органының заңға сәйкес қойылған талаптарын орындауға міндетті. Аталған талаптарды орындамау, енжарлық көрсету заңда белгіленген тәртіпте жауаптылыққа тартылады. Сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органдарының процессуалдық әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану құқығы да берілген. Бұл туралы қылмыстық іс жүргізу кодексінде шағым беру тәртіптері көрсетілген. Егер жүргізілген іс жүргізу әрекеті өздерінің мүдделерін қозғайтын болса, процеске қатысушылар, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар заңда көрсетілген тәртіптермен анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, соттың немесе судьяның шешімдері мен іс әрекеттеріне шағымдану құқығы беріледі. Шағымды шағымдарды қарауға және олар бойынша заңмен уәкілдік берілген, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін жауапты сол мемлекеттік органға немесе сол лауазымды адамға беріледі.
Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар оны жасаушы мен шағымды қабылдап алушы лауазымды адам қол қоятын хаттамаға енгізеді.
Ал, анықтаушының анықтау органының және тергеушінің іс әрекеті мен шешіміне шағымдар алдын ала тергеу мен анықтауды жүргізу кезінде заңдардың атқарылуына қадағалау жасайтын прокурорға беріледі. Прокурордың іс әрекеті мен шешіміне шағымдар жоғары тұрған прокурорға беріледі. Өзінің жеке іс әрекеті мен шешіміне шағым түскен лауазымды адам шағымдарды өзінің түсініктемесімен бірге дереу тиісті прокурорға жолдауға міндетті. Егер лауазымды адам шағымды негізді деп тапса, онда ол шағым жасалған іс әрекетті тоқтатады немесе шағым жасалған шешімді өзгертеді және ол туралы прокурорға жолдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет