Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша



бет24/38
Дата08.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#156953
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
multi-213 x606468403

Әдебиеттер:
1. Вечканов Е.М., Сорокина И.А. Основы клеточной инженерии: уч. пос. Ростов-на-Дону, 2012. – 136 с.
2. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 – 260 б.
3. Р.Адамс. Методы культуры клеток для биохимиков. Москва, Мир, 1983.
4. Уәлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы: оқулық. Алматы: ЖШС «Дәуір», 2009 – 336 б.
ДӘРІС 10. КАЛЛУСТЫ ЖӘНЕ СУСПЕНЗИЯЛЫ ӨСІМДІК ӨСІРІНДІЛЕРІНЕ СИПАТТАМА


Жоспар:
1. Каллусты ұлпаларға сипаттама
2.Суспензиялы өсімдік өсірінділері


1. Каллусты ұлпаларға сипаттама
Каллус –өсімдік органдары жасушаларының бытыраңқы жолмен пролиферациялануынан пайда болған ұлпа. Каллусты ұлпалардың дақылдары - әртүрлі органдардың немесе өсімдіктердің бөлек оқшауланған сегменттерінің жасушаларының көбеюі нәтижесінде туындаған ұлпалардың ұзақ мерзімді көшетті дақылда өсіру. Дақылдық өсімдік жасушаларының екі түрін бөліп көрсетуге болады. Олар: қалыпты және қатерлі өспелі. Қатерлі өспе ісік жасушалары морфологиялық жағынан каллустыдан аса ерекшеленбейді. Қатерлі өспе ісік жасушаларының физиологиялық ерекшелігі гормонга тәуелсіздігі, сондықтан қатерлі өспе ісік жасушалары фитогормондардың қосуынсыз-ақ бөлініп, қоректік орталарда өсе береді. Бұл жасушалар қалыпты ұйымдасқан құрылымдарға бастау бола алмайды. Кейде олар тератома түзеді - бірнеше типтегі ұлпалардан тұратын, ісік пайда болған органның және анатомиялық аймақтарға тән емес бір, екі немесе үш ұрық қабатының туындыларынан тұратын ісік.
Қалыпты жасушалар дақылда екі түрде : сұйық қоректік ортада суспензия түрінде және қатты қоректік отаның беткі қабатында каллус түрінде тіршілік етеді. Каллусты ұлпалардың өсірінділері жартылай агарлы ортада (агар-агардың концентрациясы 0,6-1%), басқа да дірілдекті полимерлердің қосылған ортада, полиуретанның дискілерінде, сұйық қоректік ортаға жартылай батырылған сүзгіш қағаз көпірінде өсіріледі. Үстіртін жолмен өсірілетін каллусты ұлпа белгілі бір анатомиялық құрылымы жоқ жіңішке қабырғалы паренхимды жасушалардан тұратын аморфты массадан тұрады. Массаның түсі ақ, сарылау, жасылдау, қызғылтым болуы мүмкін. Шығу тегіне және өсіру жағдайына байланысты каллусты ұлпалар:

  1. Борпылдақ, құрамында суы көп, бөлек жасушаларға оңай ыдырайтын.

  2. Орта тығыздықты, жақсы көрінетін меристемалық ошақтары бар.

  3. Тығыз, камбия мен сауытшалары тұжырылған аймақтары бар.

Құрамында ауксиндері бар орталарда ұзақтық өсіріндіде, каллусты ұлпалар өзінің пигментін жоғалтып, борпылдақ бола түседі. Каллус ұлпасын өсіру циклі кезінде жасушалар бірнеше қатар бөлінуден кейінсозылып, жетілген каллус ұлпаласы болып жіктеледі де, кейін қайта кері кетеді. Каллусты ұлпалар тозып кетпеу, бөліну қабілетін жоғалпау және одан әрі өсу қабілеттілігін жоғалтпау үшін, сондай-ақ, жасушалардың өліп қалуын болдырмау үшін, алғашқы каллусты 28-30 күн өткеннен кейін жаңа қоректік ортаға ауыстырады, яғни каллусты ұлпаның жаңа қоректік ортаға ауыстыру немесе субдақылдау жасалады.

Сурет 1. Өсімдік ұлпасының (каллус) формасыз бөліктері

Ұйымдаспаған күйде өскен каллусты ұлпа үш түрлі жасушадар тұрады: ұсақ, орта және ірі. Ағзаның қалыптасуы мен даму индукторлары бар ұлпаларды жаңа қоректік ортаға ауыстырғанда, ұсақ жасушалар бөлінуге көшіп, меристемалық ошақтар түзеді. Меристемалық ошақ жасушаларының бөлінуі бүршік және одан өскіндердің (геммогенез) пайда болуына әкеледі. Каллусты жасушалардан меристема жасушалары дамудың ерте кезеңдерінен бастап құрамында РНҚ мен ақуыздың болуымен ерекшеленеді. Соматикалық эмбриоидтардың түзілуі кезінде орта өлшемді каллусты жасушалар бөлініп – жарылып, тығыз қабықшамен қоршалып, ірі вакуольдерін жоғалтады. Ол ірі құрылымды ядрошығы бар ядродан тұрады. Жасуша митозды бөлініп, нәтижесінде 2 проэмбрио жасушасы пайда болады. Келесі жасуша бөлінулері шар тәрізді ұрықтың, сондай-ақ дән ұрығының ұрықтық қапшығында аналогты суспензиялы мүшесінің түзілуіне әкеледі.Соматикалық эмбрионның әрі қарай дамуы, бірнеше қатар кезеңдерден кейін тұтас өсімдіктің тамырлары мен өскіндерінің регенерациясына әкеледі. Жоғары морфогенетикалық потенциалды каллус әдетте, күңгірт, шағын, құрылымдалған болып, морфогенез аймақтары көрсетілген, жасыл хлорофиллді бөліктерден тұрады. Нәтижесінде өскіндер немесе өсімдік – регенеранттар түзіледі. Сонымен қатар өсіріндіде глобулярлы сипаттамасы жоқ борпылдақ каллустар да кездеседі. Мұндай каллустар тек қана тамыр түзеді немесе ағза қалыптасуы мен дамуына қабілетсіз. Тамырлардың пайда болуы гормондық тепе-теңдіктің ауксинге қарай жылжуын дәлелдейді. Ол өскіндердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл каллустар ризогенді болып қалуы мүмкін, сондай-ақ олардан өсімдіктерді қайта қалпына келтіре алмайды.Морфогенді емес каллустар екінші ретті метаболиттерді алу үшін суспензиялы өсіріндіге ауыстырылуы мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет