Журналистиканың функциялары Ғылыми әдістемелік негізі-П. Прохоровтың «Введение в журналистику»



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі12,49 Kb.
#95063
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
бөж журналистика (2)

Тікелей ұйымдастырушылық функция
Тұрғындарға қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін журналистика сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көршілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін журналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп журналистиканың интеграциялық міндеті туындайды. Журналистика қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа межелерге жігерлендіруші. Ол қоғамның, отбасының нығаюы мен беріктігіне, сол арқылы мемлекеттің күшеюіне ықпал етеді, биік мұраттар мен мәдениетті орнықтыруға, соған жас ұрпақты тәрбиелеуге белгілі бір дәрежеде араласады. Тікелей болмаса да, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру арқылы сол нәтижелерге жетеді. Журналистика қарым-қатынас құралы, ол эфир немесе БАҚ арқылы миллиондарды бір мезгілде байланыстырады, журналист үйінде отырған жалғызілікті зейнеткердің әңгімеге деген сұранысын қанағаттандарады. Сол сияқты коммуникацияның қырлары да көп, адам мен адам, топ пен топ, жас пен кәрі, жаяу мен көлікті, бай мен кедей арасында қарым-қатынас бір мезілде орнайды және олардың радиоақпаратқа реакциясы да әртүрлі болатыны заңдылық. Дегенмен, қоғам, оның болашағы бәріне де ортақ, осы арадан ортақ құндылықтар шығады.
Хабар таратудың басты мақсат-мұраты аудиторияның ортақ құндылықтарын қалыптастыру, жалпыадамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе аймақтық құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқіметтерді бірлесіп шешуге үндеу, кертартпа күштер мен ықпалды шектеу болып қала береді.
Әңгімелесу–журналистиканың ең бір негізгі және күрделі жанры, көпшілікке арналған ауызша үгіттің ең басты формаларының бірі. Ол диалогқа құрылатындықтан сыртқы сипаты жағынан сұхбатқа ұқсайды. Ал ішкі мазмұны мүлде бөлек. Сұхбат нақты сұрақ пен нақты жауаптан тұрады. Ал әңгімелесу кезінде сұрақ ең алдымен, сөзді бастап беру үшін, содан соң тақырыпты ашып, оны жан-жақты тарқатып жеткізу мақсатында әңгімелесушінің кілтін тауып, оның ойын өрбітіп, сөзін сабақтау үшін, соңында белгілі бір тұжырымға келіп, ой түйіндеуіне мүмкіндік туғызу үшін қойылады. Сондықтан да әңгімелесу кезінде сұрақ екінші кезекке ығысады да, жауап берушінің сөзі үлкен мәнге ие болады.Өйткені, ол ағынан жарылып, сыр ақтарып, көңіл түкпірінде жатқан ойларды ортаға салып, шешіліп сөйлейтін болуы керек. Сондықтан да ол қойылған сұрақтарға жауап берумен шектелмейді, сол сауал төңірегінде жан-жақты ойланып-толғанып отырып өз тарапынан көкейінде жүрген кейбір мәселелерді қоса сөз етіп кеңінен көсіледі. Әңгімелесудің жанрлық ерекшеліктері осыдан келіп туындайды. Бұл жанрдың көтерер жүгі салмақты болғандықтан оған қойылатын талаптар да күрделі. Онда шебер сөйлеу, тіл құнарлылығы, ой нақытылығы, тыңдаушысын бірден баурап алатын сыршыл сипаттағы еркін әңгімелесу процесі жүзеге асуы тиіс.
Корреспонденция-ақпараттық және талдамалы жанрдың функциясын қатар атқаратын жанр. Онда болған оқиғаның мәні мен сипаты баяндалып, тілші тарапынан баға беріледі. Сондықтан да, оқиғаны кеңінен қамту мен қорытынды ой айту корреспонденцияның негізгі екі элементі болып табылады. Ақпараттың уақыт мөлшері 30-45 секунд көлемінде болса, ал корреспонденцияның көлемі 1,5-2 минутқа дейін созылады.
Мәдени-ағартушылық функция
1. Журналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп, мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды сөзі, диалогтардың психологиялық ширығуы, жанды пікірталас, тосын қисын мен жаңа идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялын қозғап, оқиғаны көз алдына елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында сезінуі, хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен табиғи шулардың өзара үйлесімділігі-осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер. Журналист неғұрлым бейнелеуші құралдарын дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете алса, соғұрлым эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара бермейтін деректің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі тыңдарманына жеткізуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир тәсілі, яғни «жанды» эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі журналистке көп артықшылық береді, әсіресе интерактивті режимде диалогтар құрып, шексіз импровизация жасауға, сөзді тауып айтуға, тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып, күйінуге, сөйтіп, эмоциялық ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды.
2. Журналистика өмірге келген кезден бастап өнердің әр саласын: музыка, театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды радиоэфирге шығаруда көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен жанрлар дүниеге келді және олар шығарманың әрін кіргізіп, эстетикалық талғамын көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, өзі де басқа өнер салаларынан көп жайды үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени және эстетикалық құндылықтарды бірге меңгерді.
3. Аудиомәдениеттің үздік үлгілері жылдар бойы қалыптасты және оның өзіндік дәстүрі бар. Әдебиет пен театрдағы барлық түрлер мен жанрлар дерлік түрленген күйінде радиоэфирге жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі байытты. Радиопоэмалар, фельетондар мен очерктер, трагедиялар, психологиялық драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр жылдары эфирге тарап тыңдарман қиялын шарпығанын қалай ұмытармыз.
Журналистика қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет