К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет208/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Төртіншіден,
алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін 
зерттеу. 
Бесіншіден,
барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін 
экскурсиялар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер 
өткізу, т.б. қажеттігін анықтау. 
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегі принциптер 
жиынтығын ескеруі қажет: 
1)
Мақсат. 
2)
Оқушылардың жас ерекшеліктері. 
3)
Сынып ұжымының қызығушылықтары. 
4)
Жоспарланатын істің жүйелігі. 
5)
Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану. 
6)
Жоспарлаудың шығармашылық сипаты. 


151 
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда оқушылар қатыстырылып 
және әртүрлі формада іске асырылуы қажет. Мысалы: «Пайдалы істер 
барлауы», «Ақыл-ойға шабуыл», «Пайдалы істер аукционы», «Жоспар жобасын 
қорғау». Ата-аналар ұжымы да жоспарлауға қатыстырылып, балалармен бірге 
өткізілетін іс-шараларды ойластырады.
Сынып жетекшісінің перспективалық және күнделікті тәрбие жоспары 
болады. Перспективалық жоспардың негізінде аптаға, тоқсанға арналған жұмыс 
жоспары жасалады. Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады. 
Мысалы: 
1)
Сынып оқушыларына мінездеме. 
2)
Тәрбиелік міндеттер. 
3)
Саяси мәдениетін қалыптастыру. 
4)
Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. 
5)
Ұлттық мінез-құлық пен әдет- ғұрып негізінде тәрбиелеу. 
6)
Халықтық салт- дәстүр негізінде тәрбиелеу. 
7)
Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру. 
8)
Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтардың достастығын 
құрметтеуге тәрбиелеу. 
9)
Еңбекке, іскерлікке баулу. 
10)
Әсемдікке тәрбиелеу. 
11)
Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие. 
12)
Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   474




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет