Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Қазақстанның батыс өңірлерінде жарық көрген басылымдар



бет23/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Қазақстанның батыс өңірлерінде жарық көрген басылымдар

Қазақстанның батыс өңіріндегі басылымдар: «Дұрыстық жолы» (1919ж.20ақпан-10 шілде), «Сахара таңы», «Ерік тілі» (1920), «Мұғалім» журналы (1919ж), «Қызыл ту» (1920ж. 7 желтоқсан-1980ж. 13 тамыз).

Қазақстанның солтүстік өңіріндегі мерзімді басылымдар: «Қазақ тілі» (1920ж), «Еңбекші жастар», «Кедей сөзі» газеттері.

Қазақстанның шығыс өңіріндегі басылымдар: «Қазақ тілі» (1919ж. 4 желтоқсан) газеті.

1919 жылы Бөкей облысында „Дұрыстык, жолы" газетімен қатар қазақ және орыс тілінде Қазақстандағы алғашқы әскери газеттердің бірі — әскери істер жөніндегі қазақ комиссариатының „Хабарлары" ( Известия Киргизского комиссариата по военным делам ) деген газет және „Мұғалім" атты қоғамдық-саяси, ғылыми педагогикалық және әдеби журнал шығып тұрды. Оны шығарып таратушы — Ұлт істері жөніндегі халык, комис-сариатының Бөкей облыстық бөлімшесі, редакторы — Ғабдолғазиз Мұсағалиев (Ғ.Мусин) еді. Журналдың 1919 жылы барлығы 7 саны шығып, онан кейін тоқтады. Оның саясат, педагогика, ғылым, шаруашылык., әдебиет және жергілікті хабар бөлімдері болды. Журналдын 2-санында К.Маркс пен Ф.Энгельстің өмірбаяндары аударылып басылған.

Журналдың 1919 жылғы 15 шілдедегі 7-санынын бірінші беті Абайдың махаббат туралы бір шумақ өлеңімеи ашылған. Әдебиет бөліміндегі З.Зұлқайыровтың „Құдалык." әңгімесіндегі мәдениетті жұрттарда қыз бен жігіт бірін-бірі сүйіп қосылады. Қазақтың әділетсіз құдалығы, қалың мал енді Кеңес өкіметі тұсында жойылды, қыз бен әйелдерге шын бостандык, берілді дейді. Ал журналдың саяси бөліміндегі „Қазақ, халқының оқуы" деген мақалада бұрын „Қазақ өзінің балаларым орыс-қазақ мектебіне шын ықыласпен берсе, патша үкіметінін миссионері оларды христиан дініне кіруге зорлап, дін жолында тәрбиеледі", — дей келіп автор „Енді таң атып келеді, өнер-білімге жетеміз", — деп жазды. Осы санда Бөкей облысындағы мәдени-ағарту жұмыстары баяндалған. 1918 жылдың күзінде бөкейлік қазақ жастары „Жігер" деген ұйым құрады. Осы ұйым мүшелері халық арасында пайдалы баяндамалар жасап, курстар ашты, қазақ тіліндегі үлгілі кітаптарды таратты, кітапхана ұйымдастырды. Сонымен қатар спектакль қойып, ел ішінде шаруа, денсаулык. сақтау және басқа жайлардан кино көрсетті. Мәдениетті жастар мектеп жұмысына көмектесіп, шәкірттерді экскурсияға алып шықты. Сонымен бірге мақал, мәтел, жұмбақ, жыр секілді халық ауыз әдебиетінің мұраларын жинап, баспаға әзірледі.

Ақпан төңкерісінен кейінгі уақытша өкіметтің тұсында қазақ жерінде де облыстық, уездік комитеттері құрылғаны мәлім. Мысалы, Ақмолада құрылған осындай «Қазақ» комитетінің құрамында С.Сейфуллин де болған. БҰл комитет солкезде бұрынғы әкімдерді ел билеу қызметінен босату, олардың орнына жұмысшы-кедейлерді іске тарту, дінмен күрес және қазақ әйелдеріне бостандық әперу сияқты төңкерісшіл шараларды жүзеге асырумен айналысқан.

Осы комитеттің қасынан Сәкен 1917 жылдың сәуір айында «Жас қазақ » ұйымын құрды. Оның мүшелері алғашқы кезде 40-50-ден аспаса, кейін көбейе түсті. Бұл ұйымның мақсаты – халық арасына заң, білім тарату, жаңа саясат істеріне қатысу болып табылды. Осы ұйымның жарғысынан: «жас қазақ» Ресейдің ең дұрыс жобалы төңкерісшіл париясымен қатар майданға шығады. Онан соң Ресейдің құрама республика болуын қуаттайды» деген жолдарды оқуға болар еді. «Жас қазақ» ұйымының ең басты қызметі деп біздер олардың мүшелік жарнадан және елден жиналған қаражатпен қазақ баспаханасын құрып, 1917-1918 жылдары «Айна» деген журналдың бір санын, «Тіршілік» деп аталатын газеттің бірнеше нөмірін шығағандарын айтамыз. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы мәліметтерге қарағанда «Тіршілік» газеті шамамен 1917 жылдың шілдесінен 1918 жылдың шілдесіне дейін, яғни Ақмолада кеңес өкіметі уақытша құлағанға дейін, бір жылдай шығып тұрған. Газеттің ресми редакторы «ДУГ», «Айқап» басылымдарынан белгілі Рақымжан Дүйсенбаев пен С.Сейфуллин болды. Басылымның негізгі авторлары болып, оның өз редакторлары және «Жас қазақ» ұйымы басқармасының белсенді мүшелері А.Асылбеков, Ж.Нұркин, Б.Серікбаевтар саналды. «Тіршіліктің» бетінде олардың көптеген мақалалары мен памфлеттері жарияланды.

1917 жылы 27 желтоқсанда Ақмола еңбекшілерінің жалпы жиналысында өкімет билігін кеңес қолына көшіру туралы қаулы қабылданды. Осы жиналыста уақытша ревком құрылып, оның құрамына С.Сейфуллин да енеді. Ал 1918 жылдың ақпан айында Ақмоланың уездік Совдепі сайланып, ол осы Совдептің президиум мүшесі және уездік ағарту комиссары болып тағайындалады. «Тіршілік» 1918 жылдың басында әуелі ревкомның, сонан соң Совдептің органы болып, төңкерісшіл-демократияшыл газетке айналды.

Биыл 95 жылдығын атап өткен Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің іргетасын 1918 жылы Сәкен Сейфуллин қалаған «Тіршілік» газетінен алатынын біреу білсе, біреу білмес. Бірақ,осы фактіге шәк келтіретіндер де бар. Өйткені, мұрағат деректерінен «Тіршілік» газетінің түпнұсқасы табылған жоқ.

Қазақтың қасиетті жерін алатопыраң қылып, ақ қашып қызылдар қуған алмағайып замандарда Колчактың әскері ардагер ақынды тұтқындап, редакция үйін, ондағы дүние-мүлік пен газеттің бүкіл нөмірін өртеп, жойып жіберген. Содан «Тіршіліктің» түтіні өшті, кейінгі зерттеушілер тиянақ қылатындай бір де бір құжаты табылмады. Оның қандай таралыммен, қандай қаржыға басылғаны да белгісіз. Ақтар редакция қызметкерлерін түгелдей қамауға алған. Сәкен «Аненковтың азап вагонына» айдалған. Бұл 1919 жыл болатын. Бүгінде ел ішінде айтылатын «Әлдекедей жалаңдап» деген сөз сол Аненков отрядының қанышерлік озбырлығына байланысты қалған.

Алайда, «Тіршілік» газетінің 1917-1919 жылдары шығып тұрғанын және оның халықтың санасын оятып, өзекті тақырыптар көтергені, ел өміріндегі аса маңызды оқиғаларға араласқандығы жөнінде жанама деректер,газетті көзі көрген куәлер аз емес. Бұл туралы белгілі сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішев, т.б зерттеушілер айтып жүр. Газеттің штабы Абдолла Асылбековтың үйі болған.

Сәкен «Тар жол, тайғақ кешу» романында өзі құрған «Жас қазақ» ұйымы мен «Тіршілік» туралы былай дейді: ...«Жас қазақ» деген жастар ұйымын ашқанбыз. Ұйымның мақсаты: халық арасында заң, білім тарату, жаңа саясат істеріне қатысу. Қауымның қысқаша жобасы және басқармасы болды.

... «Тіршілікті» басқарған – Рақымжан Дүйсенбайұлы. Жазушылары Сәдуақас Сейфуллин (мен), Асылбекұлы, Өмірбай Дөнентайұлы және басқалар.

... «Тіршілікті» анда-санда шығып тұрады. Ресми редактор – Рақымжан. Бірақ ауыр ісінің көбі менің мойнымда. Оның үстіне мен школда беретін сабағымды да қоймадым. Және кешке ересектер оқитын курс ашып, мен онда да сабақ беретін болдым. Қысқасы, күні бойы, кеш бойы тынбастан қызметте аласұрып жүретін болдық.

...Әр жерде-ақ газет шығара бастады. Семейде «Сарыарқа», Ташкентте «Алаш», соңынан «Бірлік туы», Бөкейлікте, Астрахань қаласында «Ұран» газеті, Ақмолада «Тіршілік», Орынборда бұрынғы белгілі «Қазақ» газеті. «Тіршіліктен» басқасы бәрі бір бетте болды, бәрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді.

...Қарашұлы Омар «Алаш» ұранын жыр қылып, кітапша жазып шығарды. Ұмытпасам, кітапшасының аты «Терме» еді. Кітапшасында Әлекеңді мақтайды. «...Ту ұстаған топтың Әлекем жүр басында, Сұр кепкасы басында; гимназистер, студенттер қасында...» дейді. Және қазақтың барлық газеттерін мақтайды. Жалғыз «Үш жүз» газетін боқтайды. «Тіршілік» туралы ептеп, жұмбақтап, ноқат қойып жазады.

...сол 1917 жылы «Тіршілік» газетінің бас жазушысы Рақымжан Дүйсенбайұлы «Тіршілік» газетінде «Мүпти қазаққа керек пе?» деген бас мақала жазды. Бұл мақаланы «Тіршіліктен» «Қазақ» газеті көшіріп басты. Басқанда «біздің пікірімізге қарсы пікір» деп басты...Осындай мақаланы «Тіршілік» газетінен басқа ешбір қазақ газеті ойына алған жоқ та...»

Өздеріңіз көріп отырғандай, «Тар жол, тайғақ кешу» романынан алынған бұл үзінді «Тіршілік» газетінің болғанын айғақтайды. Ал, адуынды ақын Іляс Жансүгіров Сәкеннің «Кім жауапкер жолдас» өлеңіне талдау жасай отырып, ол өлеңнің «Тіршілік» газетінен алынғанына сілтеме жасайды. Талдау мақала араб тілінде жазылған. Оның түпнұсқасы Алматы мемлекеттік фото-құжаттар қорында сақталған.

Жоғарыдағы жайттарға қарағанда Сәкен құрған «Тіршілік» газетінің де бүгінгі көпшілікке кеңінен мәлім «Қазақ», «Айқап», «Жас Түркістан», «Сарыарқа», т.б қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары болғанын және ұлт мүддесі үшін ерен еңбек атқарғаны көреміз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет