Кафедра: Дене тәрбиесі және Бейнелеу өнері


Оқу жетістіктерін бағалау түрлері



бет3/34
Дата18.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#186571
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
lektsiya 3
ПЕДАГОГИКА силлабуспед.мамандық
Оқу жетістіктерін бағалау түрлері
Сабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс - әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс - әрекеті деңгейлеріне (репродуктивті, продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың балдары пайдаланылады.
Жалпылау, тақырыптық және қорытынды бағалауда мұғалім олардың іс - әрекеттерінің барлық деңгейлерін ( репродуктивті, продуктивті, шығармашылық) ескереді:

  • Ағымдық

  • Кезеңдік

  • Межелік

Ағымдық - 2 – 11 сыныптардағы оқу кезеңдерінде бағалау (тақырыптық, сабақ сайын);
Кезеңдік – бөлімді аяқтауда, сондай – ақ жарты жылда, оқу жылында бағалау (тақырыптық, жалпылау);
Межелік – оқу циклдары аяқталғаннан кейін, яғни 2,4,6,8,10,12 сыныптардан кейін (тақырыптық, жалпылау) бағалау.
Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін (4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі.
Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижеге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары соңында өткізіледі.
Бақылау сұрақтары:

    1. Оқу жетістігін бағалау жүйесі

    2. Оқу жетістігін бағалаудың негізгі принциптері

    3. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау түрлері

    4. Формативті және суммативті бағалау жүйесі

    5. 12-жылдық білім берудегі бағалау жүйесі

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Методические пособия АО Назарбаев Интеллектуальные школы по критериальному оцениванию.

  2. А.А. Красноборова. Критериальное оценивание в школе. Пермь, 2010.

  3. Оценка достижения планируемых результатов в начальной школе. Система заданий в 2 частях. Под редакцией Ковалёвой Г.С.Логиновой О.Б. Москва «Просвещение» 2010 год.

  4. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика,2009 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет