Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


Дәріс–13. Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен Web-кескіндерді өңдеу



бет5/84
Дата24.04.2017
өлшемі10,11 Mb.
#15087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84

Дәріс–13. Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен Web-кескіндерді өңдеу


Дәрістің мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері

2. Macromedia Flash бағдарламасының саймандар панелі.

Дәрістің тезисі:

FLASH бағдарламасы мүмкіндіктері:

Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді. (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады.

FLASH бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді енгізе алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).

FLASH бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.

FLASH бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де сүйемелдене алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай – ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан кезде).

FLASH бағдарламасы арқылы автоматты түрде FLASH роликтері қолданылатын веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде FLASH роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, FLASH бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар.

Егер сіз өзіңіздің ролигіңіз үш өлшемді сценалар немесе редактрленген дыбысты қолданғыңыз келсе, онда болашақ роликтің фрагменттерін мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс болады. Дегенмен FLASH бағдарламасы (әсіресе графика – анимациялық бөлімінде) кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады.

FLASH бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары бірден кез келген програмист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.

Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым операцияларды FLASH бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл қоланушы интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.

FLASH бағдарламасының құралдар панелі

FLASH бағдарламасының негізгі терезесінде құралдар панелін, роликпен жұмыс істейтін жұмыс үстелін және қосымша панелдерді көруге болады.

Енді құралдар панелімен таныссақ. Суретте көрсетілгендей ол төрт бөлімнен тұрады. Жоғалғы бөлігінде обьектіні салу және трансформациялау үшін Tools (құралдар) деген құралдар орналасқан. Сонан соң кескінді басқаратын құралдар орналасқан, яғни View (вид) Оларға: “руки” (Hand tool) және “лупа” (Zoom tool) арқылы оның масштабын үлкейтуге немесе кішрейтуге болады (кішрейту үшін жұмыс үстеліне тышқанды Alt пернесін баса отырып шерту керек) Бұл екі құрал роликтің кескінін ғана басқарады, ал оның мазмұнына әсер етпейді. Ары қарайда құралдар панеліне түс таңдайтын Colors (түстер) құралдары орналасқан. Бұл арқылы контурдың және бояудың түсін оңай таңдауға болады. Ең ақырғы ол Options (параметрлер) құрылады.

Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:

Flash редакторының мүмкіндіктерін атап беру

Flash редакторының құралдар сайманы панеліндегі саймандарды атап беру


8 тақырып. Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті. AutoCad жүйесі.

14,15 - дәріс. AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері және артықшылықтары

Дәрістің мақсаты: Сызба графикасының ерекшеліктерін студенттерге таныстыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері

AutoCad графикалық жүйесінің артықшылықтары
Дәрістің тезисі: Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті AutoCad сызу жұмыстарына арналған қуатты құрал болып табылады. Ол сіздің нұсқауыңыз бойынша сізге қажетті сызбаның тез және дәл, нақты генерациясын алуды қамтамасыз етеді. Бұл программа сонымен қатар сізге сызу барысында жіберілетін қателерді оңай жөндеуге және үлкен дәлдеп түзетулерді бүкіл сызба жұмысын қайтадан құрмай-ақ орындауға мүмкіндік береді. Ол программа сызудың таза, нақты және соңғы вариантын генерациялайды. AutoCad жүйесі сіз үшін жұмыс істейді. Сызбаңызға «өзінен» ешнәрсе қоймайды. AutoCad жүйесінің көмегімен дайындалған сызба сіздің асықпай анық қолмен дайындаған сызбаңызбен ойша бірдей болып келеді. («Ойша» дейміз себебі AutoCad жүйесі өзінің мүмкіндіктеріне байланысты оның нақтылығын арттырады). Сіздің сызбаңыз нұсқауыңыз бойынша дәл болады, және әрбір элемент қалаған орныңызда дәл орналасады.

AutoCad программалар пакеті сіздің микрокомпьютеріңізге арналған қосымша сызба жұмыстарының жүйесін ұсынады. Сызба жұмысын автоматизациялаудың қосымша жүйелері өте қуатты құрал болып табылады. Есептеу жүйесінің пайдалануымен дайындалған сызбаны дайындау және модификациялаудағы жылдамдық пен жеңілдігі қолмен сызудан қарағанда көп уақыт үнемдеуін қамтамасыз етеді. AutoCad жүйесі микрокомпьютер қолданушыға бұрын тек үлкен және қымбат есептеуіш жүйелерінде ғана мүмкін болған үлкен мүмкіндіктерді береді.

Негізінен алғанда AutoCad жүйесін пайдаланғанда сызба жұмыстарына шектеу жоқ. Егер сызба қолмен дайындалған болса, ол компьютермен де генерацияланған болу керек.

Төменде жүйенің кейбір мүмкіндіктері көрсетілген:

барлық архитектуралық сызбалар

интерьерді жобалау және орналастыруды жоспарлау

технологиялық сызбалар және ұйымдастырылған диаграмалар

кез келегн қисықтар

электронды, химиялық, құрылыстық және машина жасаудағы қосымшаларға арналған сызбалар.

Графиктер, математикалық және т.б. ғылыми функцияның көрінісі.

Суреттер салу.

Қазіргі кезде Автокад жобалық-сызба жұмыстарының автоматизациясының стандартталынған жүйесіне дейін өсті. Компьютерлік техникалық ақпараттық құралдарының жақсы дамуы Автокадты ойлап шығарушылардың оны екі өлшемді жазық сызбалар жасауға, сонымен қатар күрделі көлемді концтрукцияларды модельдеуге, әр түрлі сандық және символдық массивтермен байланысты құрылымдық жүйелер құруға мүмкіндік туғызды. Жүйенің аты ағылшын тіліндегі қысқартылған “Automated computer Aided Drafting and Design” сөз тіркесінен алынған, аударғанда «ЭВМ көмегімен автоматизацияланған сызба салу және жобалау» және бұны былайда түсінуге болады: автоматизацияланған жобалауды программалау жүйесі.

Автоматизацияланған жобалау есептегіш техника қолданылатын бірден-бір маңызды облыс. Компьютер технологтар мен құрастырушыларға САПР толық мүмкіндігін береді, оларды қолмен жұмыс жасаудан босатады, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін САПР таратылуы баяу жүрген, оған 1-шіден себеп құрастырушы есептердің алгоритмдерінің қиындығы, 2-шіден құрастырушыға онша жақындатылмаған диолог пен компьютерлік жүйелер. Автокадпен жұмыс жасауды әр бір адам мыналарды білу керек: жүйеге қалай кіру керек, бұрын жасалған суретті қалай жүктеу керек, жаңадан қалай құру керек, оны қалай сақтау керек, түстермен, қабаттармен қалай жұмыс істеу керек т.б.

Auto CAD сызбалы - графикалық жұмыстарды автоматизациялау жүйесін басқарады. Auto CAD графикалық пакетінде сызба құруға қажетті барлық конструкторлар бар. Автоматизацияланған ортада қолмен сызу құралдары графикалық примитивтермен (нүкте, кесінді, шеңбер және т.б) оларды реттейтін командалар (өшіру, орын ауыстыру, көшіру және т.б), команданы құру примитивтері (ендік тапсырма, графикалық обьектілердің типімен түрі) сәйкес келеді. Керекті форматтағы беттерді және сызбаның масштабын таңдау үшін сызбаны баптауға сәйкес келетін командалар бар. Өлшемін алу үшін конструктор сызбаның өлшемін береді, өлшем, сызылған сызық және тіл (стрелка) және жазулар автоматты түрде орындалады.



(1 - сурет) Суретте AutoCAD – тың жұмыс экраны көрсетілген.

Бұл экранда төрт функционалдық зонаны ерекшелеуге болады:

Жұмыстық графикалық зона – бұл экранның ортасындағы үлкен зона, осы зонада сызба орындалады. Сол жақ төменгі бұрыштан қолданушының координаттық жүйесінің пиктограммасын табуға болады. Тіл бағыты осьтің үйлесімді бағытымен сәйкес келеді.

Жүйелік мәзір және құралдар тақтасы. Ең жоғарыдан тақырып жолын табуға болады, ал соның астында Auto CAD жүйелік мәзірі орналасқан. Одан төменде құралдар таұтасымен жабдықталған үш жол бар. Жұмыс зонасының сол жағында құралдар тақтасының «қозғалмалы» («плавающие») құралдар тақтасы орналасқан. Оларды экранның кез – келген жеріне орналастыруға болады. Auto CAD – та қажетті жағдайда қолданылатын басқа да көптеген құралдар тақтасы бар.

Командалық жол. Бұл экранның төменгі жағында жолдың алдына қарай орналасқан және командалық қорытынды шығару үшін қызмет етеді. Жүйелік диолог құруда осы команданың қозғаласын нақтылайды. Командалық жолда пернетақтаның көмегімен оның атын тере отырып жүйеге команда беруге болады.Егерде команда құралдар тақтасына немесе мәзір бөлігіне пиктограмма арқылы жіберілсе де командалық жолдағы реакция сәйкес командалық жүйеде де бейнеленеді. Қай команда болмасын алдыңғы команда аяқталғаннан кейін ғана орындалады. Бұл үшін командалық жолдан «Команда» командасын шақырамыз. Егер сіз басқа бір команданы шақырып қойсаңыз немесе осы командада қателессеңізосы команданы аяқтамай пернетақтадан ESC пернесін баса салуға болады.

Қалып күй қатары. Қалып – күй жолында перекрести координаталары бейнеленген. Олар тышқанның көмегімен перекересттің араласуы арқылы өзгертіледі. Келесіде жүйенің түрлі мәзірлерін , диологтық терезе олардың құралдарын толық қарастырамыз. Бірақ ең болмағанда графикалық примитив (мысалы, кесінді) сызып алмайынша бұл негізгі түсініктің мағынасын беру қиын болады. Сондықтан берілген нұсқауға көңіл бере отырып кесіндінің сызбасын тура сызу керек, содан соң оны өшіріп, қайтадан қалпына келтіру керек, соңында осы сызбаны сақтау керек. Сызбаны бастамас бұрын көз алдымызда сызылатын обьектінің барлық жобасы сиатындай зона болу керек. Программаны жіберу үшін немесе жаңа сызба сызу үшін көрінген зона және оның кеңістігі жобалаушыға қажетті мөлшерден аз болуы мүмкін. Көзбен шолып кіруге болатын үлкен зона AutoCAD экранының операциясы арқылы қамтамасыз етіледі де, қолданушының баптауына жатады және сызбаның шектелімі (лимит) деп аталады. Берілген шектелім жобаланған обьектінің суммарлы габариттық өлшемінен бірнеше есе басымырық болады. Сызбаның мөлшерін беру үшін жүйелік мәзірдегі Файл бөлімін таңдап, оның ішінен Параметры страницы және диологтық терезеден (2-сурет) беттің мөлшерін, өлшем бірлігін және т.б құру керек.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері

AutoCad графикалық жүйесінің артықшылықтары
8 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

 1 тақырып. Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық графикамен жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының ерекшеліктері.



1 Практикалық жұмыс. Көлемді батырмалар құру

1-әдіс. Жаңа файл құрыңыз (фонның түсі - ақ). Шеңбер салыңыз. Фон түсі - қызыл, ал алдыңғы түс – қара қылып алдын-ала таңдап алып, бөліп алынған шеңберге градиентті құюды қолданыңыз.
Мәзірден Выделение → Модифицировать → Сжать командасын таңдаңыз. Қарама-қарсы бағытта жаңа шеңберге градиентті құюды қолданыңыз. Батырмаға әріп, сан немесе сөз енгізіңіз. Көлеңкемен толықтырыңыз (1-сурет).

1-сурет (нәтиже)


2-әдіс. Ең бірінші, дайындаманы салып алу керек. Ол үшін Rounded Rectangle (Бұрыштары дөңгелектелген тіктөртбұрыш, Скругленный прямоугольник) құралын немесе ерекшелеу құралдарының бірігуін пайдалануға болады. Біз екіншісін таңдайық, себебі, оны Photoshop-тың ескі версияларын пайдаланушылар да қолдана алады.

Rectangle Marquee (Тіктөртбұрышты ерекшелеу, Прямоугольное выделение) құралын алып өлшемі батырмаға сәйкес келетіндей аймақты ерекшелеп алыңыз. Содан кейін Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение) құралын алыңыз және мәндер панеліндегі Add to Selection (Ерекшеленгенге қосу, Добавить к выделению) батырмасын шертіп, 2-суреттегіге сәйкес ерекшелеуді құрыңыз.



Ерекшеленген аймақты ақ түске бояп, оның көшірмесін алыңыз (Ctrl+C) және оны қойып (Ctrl+V), Free Transform (Еркін тасымалдау, Свободное трансформирование) құралының көмегімен оны айналдырыңыз. Нәтижесінде батырманың дайындамасын аламыз (3-сурет). Сосын батырма бөліктері орналасқан қабаттарды біріктіріңіз.

Сосын Paint Bucket (Құю, Заливка) құралының көмегімен батырманы басқа түске бояйық. Мысалы көк түс (R 85, G 140, B 187). Алайда ақ пен қарадан басқа кез келген түсті таңдай аласыз.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет