Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет65/84
Дата24.04.2017
өлшемі10,11 Mb.
#15087
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84
226-сурет 227-сурет
Жазуға көлеңке қосу арқылы, мәтіннің тереңдігін береміз. Ол үшін Interactive DropShadow (Интерактивная тень) құрал-сайманын алып, көлеңке жүргізіңіз және көлеңкенің түсін көгілдір түске өзгертіңіз (228-сурет).

228-сурет


Эффект жасаудың негізгі кезеңі орындалды. Мәтіннің тереңдігі мен жазудың жылтырлығын беру қажет.

Ендігі жұмыс осы мәтінді мұзға айналдыру болып табылады. Ол үшін Interactive Distortion (Интерактивная деформация) құрал-сайманын таңдап алып, мәтінді белгілеп, біраз жоғарыға тартыңыз (229-сурет).



229-сурет
Енді күнге шағылысқанда мұзда пайда болатын сәуле эффектісін келтіру керек. Ол үшін Polygon (Многоугольник) құрал-сайманын алып, жұлдызша салыңыз да ұштарын Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен ұзартыңыз (230-сурет).

Дайын болған объектіні белгілеп, Arrange Shaping Weld (Расположение

→ Изменение формы → Объеденить) командасын орындап объектілерді біріктіріңіз (231-сурет).

Объектіні ашық көк түске бояп, сыртқы контурын Outline (Обводка) құрал- сайманының ішінен No Outline(Удалить обводку) құрал-сайманының көмегімен алып тастаңыз.



Сәулеге тереңдік беру үшін Interactive DropShadow (Интерактивная тень) және Interactive Transparency (Интерактивная прозрачность) құрал саймандарын қолданыңыз (232-сурет).


230-сурет. 231-сурет 232-сурет Дайын болған сәуленің бірнеше көшірмесін алып мәтіннің әрбір жеріне

орналастырыңыз (233-сурет).


233-сурет (нәтиже).


3 тақырып. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы. Web-кескіндерді өңдеу: HTML құралдарымен; Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен. 3D Studio Max бағдарламасы.

20 Практикалық тапсырма. Мәтінмен жұмыс істеу

Macromedіa Flash программасы фильмге мәтіндік элементті қойып, қасиеттерін беруге және жөндеуге мүмкіндік береді. Баспа жүйелеріне және иллюстрациялар құруға арналған басқа да программалар тәрізді Flash ортасында сол бетте орналасқан мәтінге қатысты мәтінді беттің кез келген жеріне орналастыруға болады. Ол үшін кестелер немесе ұяшықтар құрудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, мәтіннің өлшемін өзгерту, бұру және бұрмалау мүмкіндіктері қарастырылған. Енгізілген мәтіннің түсін, стилін өзгертіп, оны туралауға да болады. Графикалық объект сияқты мәтін әр түрлі формада болуы мүмкін.

Мәтінді графикалық объектіге түрлендіріп, оған векторлық графиканың барлық мүмкіндіктерін қолдануға болады. Сонымен қатар, мәтін анимациялық объект те бола алады. Flash ортасында мәтіннің үш түрі құрылады: статикалық мәтін; динамикалық мәтін; енгізу өрісі.

Мәтіннің типі объектілер инспекторы терезесінің көмегімен беріледі. Оны экранға шақыру үшін Window-Properties командасын орындау қажет. Нәтижесінде «қасиеттер» терезесі (234-сурет) ашылады.



234-сурет. Қасиеттер терезесі
Text type ашылатын тізімінің опциялары мәтіннің типін анықтауға мүмкіндік береді. Ал, Properties панелі мәтіннің әрбір түріне қажетті параметрлер жиынтығын береді.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет