Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет10/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   108
Байланысты:
459822.pptx
Басылым: алтыншы 
Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар
: Дәріс сабақтары негізгі материалды 
түсіндіреді. Дәріс материалдары магистранттарға қосымша тереңірек қарастыру үшін 
берілген.
 
Дәріс 1. Кіріспе.Табиғат ресурстарды адамдардың игеруі және олардың тарихы 
Дәріс мақсаты: 
Қоршаған орта компоненттері туралы түсінік беріп, олардың 
қасиеттері мен қоршаған орта жағдайының көрсеткіштерін түсіндіру және табиғи 
ресурстардың жіктелулерін беру.
Дәріс жоспары: 
1.
Алғашқы қоғамның ресурстары 
2.
Неолит. Ауылшаруашылығы пайда болуы мен дамуы 
3.
Қола дәуірі 
4.
Темір дәуірі 
5.
Орта ғасырлық кезең 
6.
Жаңа дәуір
 
Түйін сөздер: жердің географиялық жағдайы, климат, минералды ресурстар, 
энергетикалық ресурстар, су ресурстары, ауа, топырақ, флора мен фауна, табиғи 
процестер мен құбылыстар.
1
. Денелер мен табиғат құбылыстары оларға қажеттілік туындаған жағдайда 
белгілі бір ресурс ретінде әрекет етеді. Бірақ қажеттіліктер өз кезегінде табиғи ресурстарды 
игерудің техникалық мүмкіндіктері дамыған сайын пайда болады және кеңейеді. Мысалы, 
мұнай жанғыш зат ретінде б.з.д. 600 жылы-ақ белгілі болған, бірақ өнеркәсіптік 
масштабтағы отын шикізаты ретінде ол тек XIX ғасырдың 60 жылдарында ғана дами 
бастады. 
Алғашқы қоғамда адамның қажеттіліктері мен оның табиғи ресурстарды игеру қабілеті 
өте қарапайым болды және тек қана жинау, жабайы аңдарды аулау және балық аулау ғана 
болды. Популяция тығыздығы биологиялық ресурстардың қорына тікелей байланысты 
болды, олар климаты жылы және ылғалды аймақтарда жоғары болды. Негізгі аң аулау 
объектісі болып табылатын ірі сүтқоректілердің басым түрлері ежелгі аңшылардың өзіндік 
«мамандануын» анықтады. Адамның алғашқы игерген
ресурстары 
оларға үй салуға және 
отын алуға арналған ағаш көздері қажеттілік туындаған табиғи ресурстар- ормандар болды. 
2
. Ауыл шаруашылығының пайда болуының кенеттен пайда болғаны соншалық, оны 
неолиттік революция деп атады. Табиғатты пайдалану тарихындағы екі жұмбақ осы 
дәуірмен байланысты: адамдар неге ауыл шаруашылығына көшті және неге өзінің өсімдік 
қорегі ретінде дәнді дақылдарды таңдады? 
Ежелгі егіншіліктің географиясын мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын талдау 
негізінде бағалауға болады. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің негізгі жеті шығу 
орталығын анықтады. Көптеген көкөніс дақылдары, соның ішінде қызылша, репа, 
қырыққабат Жерорта теңізі орталығынан бастау алады. 
Кавказ, Батыс Азия таулы аймақтары, Пенджаб, Кашмир, Тәжікстан Оңтүстік-батыс 
Азия орталығын құрайды. Ол бидай, қара бидай, бұршақ, қыша, Еуропадағы жеміс 
дақылдарының көп бөлігін берді. 
Қарақұмық, соя, шомыр, грек жаңғағы және көптеген цитрус жемістері Қытайдың 
оңтүстігіндегі таулы аймақтардан тарады. Қияр, құрғақ күріш және кейбір цитрустық 
жемістер Шығыс Гималай, таулы Үндістан мен Бирмадан келді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет