Как оформить реферат в 2016 году: образец оформления по госту


Отынның жіктелуі, жалпы құрамы



бет4/7
Дата02.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#189063
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат отын
датчик температуры
Отынның жіктелуі, жалпы құрамы.

Отын – жанған кезде жоғары мөлшерде жылу бөліп шығаратын адам денсаулығына зиянды газдар бөлмейтін органикалық зат. Отын табиғатта кеңінен тараған, арзан әдістермен өндіруге қолайлы болуы қажет. Сонымен қатар, отын жер қойнауында дайын күйінде кездесіп қана қоймай, жасанды түрде алынуы да мүмкін. Бұл айтылған шарттарға мұнай, табиғи газдар, көмір, жанғыш шымтезек, торф сияқты шикі заттардың қасиеті сәйкес келеді. Халық шаруашылығында қолданылып жүрген отындардың жалпы түрлері 1-кестеде келтірілген.
Ауыл шаруашылығындағы трактор, комбайн, автомобиль паркінің жұмысын қамтамасыз етуде, негізінен сұйық отындарды пайдаланады.
Отынның құрамы жанғыш және жанбайтын бөліктерден тұрады. Отынның жанғыш бөліктері көміртегі (С), сутегі (Н), оттегі (О), азот, (N) және күкірттен (S) құралған органикалық қоспалардан тұрады. Жанбайтын бөліктері күл (мен ылғалдан (W) тұратын минералдық қоспалардан құралады.


1-кесте. Отынның жалпы жіктелуі.
Осылардың ішінде көміртегі мен сутегі жанғыш және жылу бөлгіш заттар болып саналады. Сондықтан жанғыш заттар өзінің элементтік құрамы бойынша үш класқа бөлінеді (2-кесте).
Көміртегі (С) – отынның негізгі жанғыш бөлігінің бірі болып табылады. Оның отын құрамындағы мөлшерінің көбеюіне байланысты отынның жылу бөлу қасиеті де арта түседі. Отынның түрлеріне байланысты құрамындағы көміртегінің мөлшері 50...97% аралығында болады.
Сутегі (Н) – отынның негізгі жанғыш бөліктерінің ішінде көміртектен соң екінші орындағы зат болып табылады. Отынның құрамында сутегі 25%-ке дейінгі аралықта кездессе, ал жанған кезде жылуды көміртегінен 4 есе көп бөліп шығарады.


2-кесте. Отынның химиялық құрамы бойынша кластарға бөлінуі.
Оттегі (О) – отынның құрамына 0,5 - 43% мөлшерінде түзсе де жанбайды, сол себепті отынның ішкі балластысына жатқызады.
Азот (N) – оттегі сияқты өздігінен жанбайтындықтан отынның ішкі балластысына кіреді. Сұйық және қатты отындардағы азоттың мөлшері өте аз – небәрі 0,5 – 1,5%.
Күкірт (S) – жанған кезде жылу бөлуіне қарамастан отынның құрамындағы ең бір қажетсіз зат болып табылады. Себебі, жану барысында пайда болған күкірт оксидтері ( ) металдармен жанасқанда, осы металдардың бетінде қатты тат (коррозия) пайда болуына әсер етеді. Күкірттің мөлшері қатты отындарда 8%-ке дейін жетсе, ал мұнайда 0,01 – 5,5% аралығында кездеседі.
Күл – жанбайтын құрғақ зат болып табылады, ал оның мөлшерін отын толық жанғаннан кейін ғана анықтауға болады. Сонымен қатар ол өте керексіз, зиянды қоспа болып саналады, себебі оның үйкелуі әсерінен металл заттарының беттері біртіндеп уатыла бастайды да жұқарып кетеді. Сондықтан жылу өндіргіш қазанда күлі жоғары отындардың жылу бөлгіштігі мен жануы өте төмен болады. Күл негізінен отын жанған кездегі минералдық (М) заттардан пайда болады. Күл мен минералдық заттардың алмасуындағы қатынасы мынадай болады:
М = 1,12A.
Ылғал (W) – отынның құрамына кіретін ең бір қажетсіз зат болып табылады. Себебі жылудың біраз мөлшері осы ылғалды буландыруға жұмсалатындықтан, отынның жану температурасы мен жылу бөлу әсері төмендейді. Әрі ылғалдың әсерінен кейбір металдан тұратын тетіктердің бетін тат (коррозия) басады. Отынның құрамындағы ылғалдың химиялық байланысына қарай оны екі түрге бөледі. Біріншісі – ішкі ылғал. Ол заттардың атомдарымен химиялық байланыста болады. Екіншісі – сыртқы ылғал. Ол отынды өндіру, сақтау, тасу кезінде құрамына атмосфералық ауадан қосылған химиялық байланыссыз түрде болады. Ішкі ылғалды отынның құрамын лабораториялық зерттеуде 105°С немесе 130°С температураға дейін қыздыратынк кептіргіштерде анықтайды. Ал сыртқы ылғалды көбінесе табиғи кептіру арқылы жоғалтады.
Практикалық жағдайда жылу техникалық есептеуді жеңілдету үшін құрамындағы заттардың өзгеруіне байланысты отынның төрт агрегаттық құрамын қарастырады: жұмысшы, аналитикалық (лабораториялық), құрғақ және жанғыш массалар.
Отынның жұмысшы массасы деп оның жанғыш бөлігімен қатар күл және ылғалдан тұратын, әрі тұтынушыға табиғи жағдайда қолдануға жарайтын мөлшерін айтамыз. Отынның толық құрамы былай белгіленеді:

Отын, оның қасиеті туралы тереңірек білу үшін лабораториялық зерттеу қажет. Онда отынның аналитикалық массасын анықтайды. Ол үшін оның құрамынан сыртқы ылғалды, яғни бос ылғалды кептіру арқылы жоғалтады.

Ал отынның құрғақ массасында ылғал мүлде болмайды да, оның құрамы былайша анықталады:

Отынның жанғыш массасына күлмен су қатыспайды, сол себепті оның құрамы келесі теңдеумен анықталады:

Барлық жылулық есептеулерді отынның жұмысшы массасына (негізгі) байланысты жүргізеді. Бірақта оның құрамы әр кезде тұрақты емес. Себебі ылғал мен күлдің мөлшері айналымы болады. Сондықтан көп жағдайда есептеудің бір жолын екінші жолына көшуге тура келеді. Егер, зерттеу бойынша отындағы көміртегінің құрғақ массасы белгілі болса, онда оның жұмысшы массасын былай анықтауға болады:

3-кестеде отынның бір массасынан келесі массасына көшу үшін көбейткіштері берілген.


3-кесте. Отынның массалық құрамын есептеуге арналған көбейткіштері.
Газ тектес отын түрлерінің жанғыш бөліктері сутегіден (Н), көміртегінің шала тотығынан (СО), метаннан ( ) және де көміртегінің атомдарының саны бестен кіші әртүрлі көмірсутектерінен ( ) тұрады. Негізгі жылу бөлгіштер болып метан мен ауыр көмірсутектер есептелінеді. Ал көміртегінің оксиді өте аз мөлшерде ғана жылу бөледі. Газ тәрізді отынның құрамындағы байланыстың бөлігін жанбайтын газдар, яғни азот (N), көмірқышқыл газы ( ), күкірт тотығы ( ), оттегі ( ) және судың буы ( ) құрайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет