«каллус өсірудің Ғылыми негіздер»



бет1/3
Дата12.12.2023
өлшемі49,56 Kb.
#196471
  1   2   3
Байланысты:
Каллус өсіру ғылыми негіздері
Ғылыми конференцияға қатысу өтінімі, 4 микробиология Лекция

«КАЛЛУС ӨСІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕР»
Жусупбаева Д.А
Магистр оқытушы (ассистент) ,Павлодар қ .Торайгыроав университеті
Алпысбаева Г.Қ
Павлодар қ.Торайғыров Университетінің студенті
Клеткалардың ретсіз бөлінуі нәтижесінде пайда болған ұлпаны- каллус деп атайды.Каллус ұлпасында қоректік заттар жиналып,арнаулы қорғаныш қабат пайда болады регенерация процессі өтеді.Өсімдіктер медицина мен халық шаруашылығында кең пайдаланылатын қоысмша метоболизм арқылы түзілетін әр алуан заттарды синтездейді.In vitro жағдайында өсірілетін клеткалар да осы заттарды синтездей алады.Жасанды жағдайда өсірілген клеткалар биотрансформацияны жүзеге асыра алады. Клеткаларда in vitro жағдайында қосымша заттардың жинақталуына әсер ететін факторлар:өсімдіктің генотипі,қоректік ортаның құрамы,өсіру жағдайлары болып табылады.Қазіргі таңда каллусогенез мәдениеті көптеген елдерде қарқын алуда.
Қазақстандағы ғылыми зерттеулер
М.Әуезов атындағы ОҚУ-де ауруға төзімді бидай селекциясына зерттеулер жүргізілді Экспланттарды өсіру үшін Мурасиге-Скуг ортасы қолданылды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Al3+, Cd2+ және Mn2+ иондарының уыттылығына және олардың уыттылығына төзімді бидайдың каллустарын алу үшін оңтайлы in vitro селективті орталар әзірленді.Каллус тінінің улы иондардың әсеріне реакциясында өміршеңдігін анықтайтын концентрациялар анықталды.Селективті факторды қолдану каллус тінінің көбею кезеңінде тиімді болып келді. Селективті ортаға (сульфаттар құрамында) металдардың улы иондарын енгізу үшін қышқылдықтың деңгейі рН 4,0-4,5 аралығында болды. Тат ауруы, әсіресе жапырақ пен сабақтың таты бидай өндірісін тежейтін негізгі биологиялық фактор болып саналады,. Күздік және жаздық бидайдың оларды кеңінен жұқтыруы жылдан жылға артуда. Сондықтанда ел ахуалын арттыру мақсатында негізгі шикізат көзі болып табылатын бидайлардың түрлі экологиялық факторларға төзімділігін зерттеп, мол өнімділіккке қол жеткізу қажет. Жасалған жұмыстың нәтижесінде in vitro жағдайында селективті агенттердің жаздық бидайға әсері зерттелді.Алынған нәтижелер жаздық бидайдың ауруға төзімділігін арттыруға болатындығы көрсетті.
Тұздануға төзімді картоп сортын алу. Зерттеу жұмысы Астана қаласында «Ұлттын биотехнология орталығында» орныдалды.Бастапқы нысандар ретінде картоптың Бақша, Тоқтар, Невский жəне Тамыр сорттарының экспланттары — жапырақ, сабақ пайдаланылды.Картоп каллус ұлпасы қараңғы жерде, 22–25°С температурада жəне 70 % ауа ылғалдылығында өсірілді. Оларды жаңа қоректік ортаға пассаждауы əр 30–40 күнде жүргізілді. Каллус ұлпасы түзілу үшін Мурасиге жəне Скуг көректік ортасы қолданылды.Əр түрлі картоп сорттарынан төзімді каллустық линиялар алу үшін тұздануды тудыратын натрий хлориді қолданылды. МС қоректік ортаға натрий хлориді келесі концентрацияларында: 0,3; 0,5; 0,75; 1,0; 1,25 % қосылды. Тұзға төзімді каллус ұлпасын алу үшін биомассасының өсіміне бағалау жүргізілді. 35 күн өткен соң, селективті жағдайларда өскен каллустардың биомассасының өсімі өлшенді. Содан соң натрий хлоридке төзімді каллустық ұлпаларға іріктеу жүргізілді. Қазақстанда картоп өсімдігі негізінен суармалы жағдайда өсірледі, соның нəтижесінде суару кезінде топырақта екінші реттік тұздану жүреді. Сол себепті қазіргі кезде өндіріске жоғары өнімді жəне қолайсыз абиотикалық стрестерге төзімді картоп сорттары мен түрлері қажет.
Стресстерге төзімді асбұршақтың (Pisum sativum L.), жаңа бастапқы материалын алу.Судың стресстеріне төзімді асбұршақтың каллус линиялары осмотикалық белсенді реагенттері, соның ішінде полиэтиленгликоль қосылған қоректік ортада моделді жағдайда өсімдік клеткаларын өсіру жағдайында алынды .Зерттеу нәтижесінде селективті фактордың жоғарғы концентрациясы анықталды, 15, 20 және 25% ПЭГ қосылған селективті ортада 5 көшірімнен кейін асбұршақтың каллус клондары бөлініп алынды, селективті фактордың оңтайлы концентрациясы таңдалып алынды . Асбұршақтың жасушалары мен ұлпаларын селективті ортада өсіру кезінде жасушалық деңгейімен қатар өсімдік-регенерантында да генетикалық өзгерістер байқалған . Генетикалық маркерлер талдауымен дәлелденген каллус культурасынан алынған регенеранттарда генетикалық тұрақтылық байқалған . Дәстүрлі селекция және биотехнология әдістерін қатар пайдалану- сапасы мен жоғары өнімділікпен ерекшеленетін қолайсыз ортаның абиотикалық және биотикалық факторларына төзімді, өзіндік ерекшеліктері бар жаңа селекциялық материал алуға мүмкіндік туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет