Картотека №1 «Көкөніс пен жемісті ажырат»



бет1/6
Дата11.11.2022
өлшемі1,24 Mb.
#157831
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚАТЫНАС ОРТА ТОП
~•Король вечный монарх 2•~

КОММУНИКАТИВТІК
ДАҒДЫЛАРДЫ
ДАМЫТУ
ОРТАҢҒЫ ТОПҚА
АРНАЛҒАН
ОЙЫНДАР
КАРТОТЕКАСЫ
Картотека № 1

«Көкөніс пен жемісті ажырат»

Мақсаты: баланың тілін жетілдіру мен дұрыс сөйлеуге, баулуға арналған бұл ойында табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, жемістердің өсуін, пісіп жетілуін таныстыру арқылы, логикалық ойлауын қалыптастыру.
Ойын шарты: балалар жемістердің түсін, пішінін және неге ұқсайтынын
сипаттап беріп, өз орнына орналастырады.
Картотека № 2
«Орнын тап»

Мақсаты: балаларға өз бөлмесіне қажетті мүліктердің аттарын айтқызып, суреттен таба білуге үйрету. Өз бөлмесіндегі мүліктерді ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: бөлме, үй бөліктерінің суреттері.
Ойын шарты: балалар үй мүліктерінің ішінен өз бөлмесіне қажетті заттарды ажыратып орналастырады.
Үй мүліктерінің атауларын айтады.
Кітап, сағат, диван, төсеніш,
компьютер, орындық,
аквариум, ойыншық,
Картотека №3
«Қайсысы ұнайды?»

 Мақсаты: суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын, не үшін ұнағанын айтқызу.
Сөздік қорын молайту.
Көрнекілік: жануарлар, жыл мезгілдерінің суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі суреттерді көрсетіп, олардың қайсысының
ұнайтыны, не үшін ұнағаны туралы сұралады. Олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады.
Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы
түрлендіруге болады.
Олар туралы балалардың білетін өлеңдерін айтқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет