Казахстан


Миды радиоизотопты сканерлеу



Pdf көрінісі
бет5/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия
Лекция-СД-2курс-каз, Макро- мен микропрепаратар №1, Лейкозы
Миды радиоизотопты сканерлеу.
Бұл әдіс негізінен 
бассүйек ішілік ісікті анықтауда қолданылады. Әдіс, ми ұлпасына 
радиобелсенді препаратты енгізгенде, ісіктің және басқа да 
бассүйек ішілік патологиялық түзілістердің ішінде оның 
концентрациясының әpтүpлi болып жинақталуына негізделген. 
Ыдырау мepзімi қысқа, гамма сәулелену қасиеті бар әpтүpлі 
радиобелсенді заттар қолданылады. Радиобелсенді заттарды 
көктамырға немесе артерия ішіне (ангиосканирлеу) 0,65,-2 мК 
мелшерінде енгізеді. 
Ең аз дегенде, сканерлеу 2 проекцияда тура және бүйір 
жағынан жасалады. Сцинтилляцилық датчиктер бастың үстінде 
қозғалып жүреді, ал жазып алғыш құрал импульстер санын жазып 
тұрады. Бастың әpбip нүктесі бағаланған кезде штрихтардың 
жиілігіне, түсуiне, немесе сандар көрсеткішіне сүйенеді. 
Сканограмма талдауы ісіктің бар не жоғын, орналасуын, көлемін, 
пішінін анықтайды. 
Қатерлі ісікте изотоптың шамадан тыс көп жиналуы 
гематоэнцефалиялық өткізгіштің жоғарылауымен, ісіктегі кан 



айналымның және зат алмасудың күшеюімен түсіндіріледі. 
Қатерсіз астроцитомаларда изотоптар аз жиналады. 
Жетілдірілген 
аппараттармен бастын барлық 
гамма 
активтілігін 6ip уақытта арнайы гамма камералардың көмегімен, 
қозғалмайтын детекторларды қолданып тіркейді. Сонымен, аз 
уақыт ішінде зерттеу аймағының әр түрлі проекциясындағы 
радиоактивті заттар туралы кең көлемді ақпарат алуға болады,бұл 
жүйелерде 
мәлiмeттepдi 
компьютерлік 
өңдеуден 
өткізу
қолданылады. 
Люмбалды пункция – диагноздық мақсатпен жұлын 
сұйықтығының қысымын, түсін, мөлдірлігін, кұрамын зерттеу 
үшін, 
миелография 
мен 
пневмоэнцефалография 
кезінде 
субарахноидальды кеңістікке контраст заттарды енгізу үшін 
жасалады. Люмбалды пункцияны емдік мақсатпен: а) ликворлы 
қысымды уақытша төмендету үшін, б) инфекциялық менингитте 
және миға операция жасағаннан кейін ликвордың құрамында ірің, 
қан мен оның ыдырау өнімдерi көп болған жағдайда сұйықтықтың 
белгілі мөлшерін бөліп алу ушін,субарахноидальды кеңістікке 
дәрілік заттарды енгізу ушін жасалады. 
Бассүйек ішілік кысымы бipдeн жоғарылаған жағдайда және 
науқастардың миында ісік пен абсцесс болып, тенториумдық және 
үлкен шүйде тегісі маңында мидың қысылып қалу қayпі бар 
жағдайда ликворды алғанда өте сақ болу қажет. Осы жағдайларда 
субарахноидальды кеңістіктен көп мөлшерде ликвор белініп 
алынса, адам өмipiне қayiптi ми дислокациясы синдромы туындауы 
мүмкін. Мұндай жағдайларда люмбалды пункциядан бас тартқан 
жөн. Өте қажет болған жағдайда, науқастын жағдайы нашарлап 
кетсе, нейрохируриялық емханада жасалады. Сұйыктықты ақырын 
және мөлшері 2-3 мл, зерттеуге жеткілікті етіп алады. Пункция 
жасалғаннан кейін науқастар 2-3 күн қатаң төсек тәртібін сақтауы 
тиіс.
Жасалу әдісі: Науқасты қырынан жатқызып ,аяқтарын тізе 
және жамбас буындарында бүктіріп, басын аздап игізеді. Пункция 
жасалатын аймақтағы теріні дезинфекциялап, L3-L4 омыртқалары- 
ның ось тәрізді өсінділерінің арасындағы тері астына 0,5 % 2-3 мл 
новокаин ерітіндісін енгізгеннен кейін, субарахноидальды 


10 
кеңістікке жуандығы 0,5-1 мм, ұзындығы 9-12 см, өткір ұшы 45 
градус болып келген, мандрені бар иненің көмегімен пункция 
жасайды. Пункция кезінде инені сагитталды жазықтыққа 
бағыттайды. Қатты ми қабықшасынан өткенде дәрігер "түсіп кету" 
сияқты сезімді аңғарады. Осыдан кейн инені алға қарай 1-2 мм 
жылжытып, мандренді алып, ликворды ағызады. 
Диагностикалық мақсатта негізгі зерттеуге 2-3 мл ликвор 
алынады. Басқа зерттеулер қажет болған жағдайда (Вассерман 
реакциясы және т.б) ликворды қажетінше көбірек алады. 
Keйбip 
жағдайларда (мысалы, пневмоэнцефалография 
кезінде) люмбалды пункцияны науқастың отырған қалпында 
жасайды. 
Ликвордың қысымын өлшеу үшін әртүрлі конструкциялы 
монометрлер қолданылады. Ұзын вертикалды иінінде өлшем 
бірліктері бар тік бұрышты иілген шыны түтікше және резіңкелі 
түтікшенің көмегімен темір канюляға жалғасқан қысқа вертикалды 
иіні бар түтікше жиі қолданылады. Канюляның бос ұшын пункция 
инесінің саңылауына енгізеді, содан кейін ликвор өлшегіш 
түтікшелердің горизонталды және вертикалды иіндерін толтырады. 
Ликвор қысымын өлшегенде науқасты жатқызады, қалыпты 
жағдайда люмбалды бөлігінде қысым 100-180 мм су бағанасы 
шамасында болады. Ал науқасты отырғызып өлшегенде 
гидростатикалық қысымның әсерінен 250- 300 мм - ге дейін 
көтеріледі [12]. 
Ликвородинамикалық сынамалар: жұлын өзегі ішіндегі торлы 
қабыкша асты кеңістігнің өтімділігін анықтау үшін жасалады. 
Неврологиялық 
тұрғыдан 
жұлын 
немесе 
құйрығы 
компрессиясы бар ма, әлде жоқ па, не болмаса компрессия 
тудырмайтын паталогиялық үрдістердің әсерінен бе екенін 
анықтау қиын болған жағдайда бұл сынамалардың ерекше мәні 
бар. Кейде ликвородинамикалық сынамалар торлы қабықша асты 
бойынша 
ликвордың 
eнгізу 
жартылай 
компрессияда 
қиындайтынын анықтайды [7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет