Казахстан


iciктep миелограммада төмен қараған  конус болып сипатталады. Түзілген бағана күмбез тәрізді болып



Pdf көрінісі
бет9/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия
Лекция-СД-2курс-каз, Макро- мен микропрепаратар №1, Лейкозы
 
iciктep миелограммада төмен қараған 
конус болып сипатталады. Түзілген бағана күмбез тәрізді болып
 
көpiнеді. 
Созылмалы арахноидиттер немесе тамырлы мальформация- 
лар кезінде, толық тежегіш болмаған жағдайда, контраст заттар iciк 
үстінде, негізінен төмен қараған конус ретінде жинақталады. 
Түзілген бағана күмбез тәрізді болып көрінеді [5]. 
Омыртқалық дискiлерінің жарығын диагностикалау үшін бел 
белөмінде L2-L1 деңгейі арасын пункция жасап, 5-6 мл контраст 
зат енгізіліп, ал алдын - ала 4-6 мл жұлын сұйықтығын шығарып 
алады. Дискілердің жарығы болған кезде контраст заттың бағаналы 
толуы шеткі ойықтар түзе толады. 
Миелографияның контраст заттарын тежегіш деңгейінен төмен 
люмбалды пункция арқылы 6-9 мл мөлшерде енгізеді. Науқас бас 
жағы төмен түсетін арнайы рентген устелінде жатады, рентген 
экранының бақылауымен контраст заттар науқастың бас жағын 
төмен түсіргенде зерттеу орнына әкеледі. Зерттеу соңында 
люмбалды пункция арқылы контраст заттарды қайта алып тастайды. 
Пневмомиелография ауаны немесе оттегіні жұлынның торлы 
қабықша асты кеңістігіне люмбалды немесе сирек қолданылатын 
субокципиталды жолмен енгізу, кейіннен рентгенография 
жасаудан тұрады. Газды аздаған мөлшермен (5-10 мл) 60-90 мл-гe 
дейін кішкене жұлын-ми сұйықтығын қосып енгізеді. Зерттеу 
деңгейіне байланысты рентген үстеліне әр түpлi қалыпта қойып 
қарау арқылы, науқастағы газдың қозғалысын байқайды. 
Пневмомиелографияның кемшілігi, жасалған миелограммада 
газдың айқын шекарасы болмайды, сондықтан да диагноз 


15 
қойылмайды. Томографиялық әдісті пайдаланғанда зерттеу 
нәтижелері жақсарады. Патология бар кезінінде үрдістің сипатын 
жұлынның торлы қабықша асты кеңесістігінің пішінінің өзгеруіне 
байланысты бағалайды. Сондықтан да ажыратпалы диагностиканы 
позитивті контраст заттармен жасалатын милографиядағыдай 
жасауға мумкіндік туады [6]. 
Изотоптық миелографняны жұлынның торлы қабықша асты 
кеңістігінің әр түрлі дәрежедегі блокадасы кезінде патологиялық 
үрдістің орналасуын анықтау үшін қолданады. Люмбалды 
пункциядан және жұлын-ми сарысулы динамикалық сынауларды 
жасағаннан кейін науқастың торлы қабықша асты кеңістігіне 2 мл 
радиоактивті газ қоспасын (5-10 мКн) ауамен қосып береді. 
Люмбалды пункция орнынан жоғары iciк барына күмән болса, 
науқас жағдайына қарай, мүмкін болса, отырғаны жөн. 
Жоғары сезгіш сцинтилляциялық eceптегіш пен радиометрлік 
зерттеу радиоактивті заттардың торлы қабықша асты кеңістігіне 
және толық немесе жартылай тежегіш аймағына таралуын 
керсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет