Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


   Кіріктіре оқытудың қолданыстағы үлгілері



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата11.02.2020
өлшемі0,93 Mb.
#57613
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ИББ, ИББ диссертация

3  

Кіріктіре оқытудың қолданыстағы үлгілері  

 

Қазақстан  Республикасының  инклюзивтік  білім  беруінің  тұжырымды 

негіздері біріктірудің саналуан үлгілері мен түрлерін білім беру ұйымының түрі 

мен мүмкіндіктеріне байланысты қолдануды қарастырады. Бұл түрлі санаттағы 

балаларды  біріктіріп  оқытудың  артықшылықтарын  мейлінше  толық  жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді.   

Қазыр  әлемде  инклюзивтік  білім  беруді  ұйымдастырудың  барынша 

жеткілікеті үлгілері белгілі, олар көптеген авторлармен арнайы педагогикалық 

әдебиеттерде  ұсынылады  [17,18].  Жалпылап  алғанда  олар  кіріктіре  оқытудың 

келесі нұсқаларын ұсынады: 

1.  Қажеттіліктері  ерекше  жекелеген  оқушыларды  жалпыға  білім  беру 

мектептерінің  қалыпты  сыныптарына  қосу:  жалпыға  білім  беру  мектептерінің 

оқу  үдерісіне  балаларды  ішінара  қосу  (бала  тұрақты  арнайы  мектепте  оқиды 

және қалыпты мектептің жекелеген сабақтарына ғана қатысады); баланы оқуға 

белгілі  бір  мерзімге  уақытша  қосу  (әдетте,  ұзақ  уақытқа  емес  және  баланың 

барлық  пәндер  бойынша  өз  қатарларымен  бірдей  оқу  мүмкіндігін  тексеру 

үшін); барлық оқу мерзіміне толық қосу. 

2. Қажеттіліктері ерекше балалар үшін жалпыға білім беру мектептерінің 

жанынан  енгізілген  арнайы  сыныптар  ұйымдастыру:  жалпыға  білім  беру 

мектептерінің  қалыпты  жоспарлары  және  бағдарламалары  бойынша  бірдей 

жұмыс жасайтын; қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы жоспарлар 

мен  бағдарламалар  бойынша  жұмыс  жасайтын;  білім  беру  жеке  білім  беру 

жоспарлары  негізіндегі  жалпы  білім  беру  стандарттары  бойынша 

ұйымдастырылады. 

3.  Модулді  кіріктірілген  білім  беру  психикалық  және  тұлғалық 

кемшіліктері  бар  балалар  үшін  жалпыға  білім  беретін  мектептер  жанынан 

арнайы  (түзету)  мектептің  жоспарларымен  және  бағдарламаларымен  жұмыс 

жасайтын,  оқу  үдерісімен  қатар  оңалтуды  да  қамтамасыз  ететін  жеке 

инфроқұрылымы бар модуль-сыныптарын ұйымдастыруды білдіреді. 

Білім берудегі интеграциялық үдерістердің дамуы мүмкіндіктері шектеулі 

барлық балаларды дендері сау қатарларымен бірге оқытудың пайдалылығы мен 

мүмкіндіктері  туралы  пікірталастар  тудырды.  Жалпыға  білім  беру  жүйесін 

өзгерту шегінің және әр оқушының білім алу қажеттілігін қанағаттандыру үшін 

қажетті  жағдайдың  болуы  туралы  ереже  осы  пікірталасқа  негіз  болды.  Келесі 

пікірлер  айтылды:  кейбір  жағдайларда  (негізінен  интеллектуалдық  саласында  

бұзылулары  бар  балалар  үшін)  сыныптастар  арасындағы  когнитивтік  даму 

деңгейінің  бірталай  алшақ  болуына  байланысты,  тек  жалпыға  білім  беру 

сыныбында  оқыту  тиімсіз.  Сонымен  қатар,  табысты  бірлесу  үнемі  бірге  оқу 

арқылы ғана қамтамасыз етілмейтіні туралы да айтылды. (Алехина).  

Бұл  пікірталастар  бірге  оқытудың  көптеген  нұсқаларын  жасауға  алып 

келді,  оларға  жоғарыда  келтірілген  үлгілердің  түрлі  элементтері  кіреді. 

Сонымен,  Н.Н.  Малофеевтің,  Н.Д.  Шматконың  жіктеулеріне  сәйкес[18], 

24 

 


жалпыға  білім  беру  мектептеріне  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  

кіріктірудің келесі түрлерін қарастыруға болады: 

1. 

Тұрақты толық кіріктіру – бұл нұсқада ақыл-есі және психикалық 

даму  деңгейі  бойынша  жасына  сай  келетін  даму  мүмкіндіктері  шектеулі 

балалар  жалпыға  білім  беру  сыныптарында  жалпы  негізде  оқытылады  және 

қажетіне  қарай  жеке  маманның  көмегін  алады.  Тұрақты  толық  кіріктіру 

дамуында  қандай  да  бір  кемшілігі  бар  баланы  мектепке  дейінгі  топтар  мен 

сыныптарда  дамуы  қалыпты  балалармен  тең  оқытуды  білдіреді.  Бұл  үлгі 

психофизикалық және тілдік даму деңгейі жасына сәйкес немесе соған жақын 

келетін  балалар  үшін  және  дендері  сау  қатарларымен  бірге  оқуға 

психологиялық жағынан дайын балалар үшін тиімді болуы мүмкін.  [13]. Даму 

мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларды  толық  кіріктірудің  маңызды  шарты  – 

жалпыға  білім  беру  сыныбында  жалпы  және  арнайы  білім  беру  жүйесінің  екі 

мұғалімінің болуы. Қосымша мұғалімнің міндетіне білім алу қажеттілігі ерекше 

оқушыға  көмек  көрсету  мен  оның  сабағын  қадағалау  ғана  кіріп  қоймайды, 

сонымен  қатар  негізгі  мұғаліммен  бірігіп,  білім  беру  үдерісін  жекелендіру 

қағидасына сәйкес, педагогикалық әдістер мен тәсілдерді түрлендіру де кіреді. 

2. 


Тұрақты,  бірақ  толық  емес  кіріктіру  мүмкіндіктері  шектеулі 

мектеп  жасына  дейінгілермен  қатар  мектеп  жасындағы  балаларға  да  тиімді 

болуы  мүмкін.  Ол  психикалық  даму  деңгейі  жасынан  біршама  төмен,  түзету 

көмегін  жүйелі  және  мейлінше  қажет  ететін,  бірақ  бірқатар  пәндер  бойынша 

қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен бірге және тең оқуға, сонымен қатар 

сабақтан тыс уақытының көп бөлігін олармен бірге өткізуге  қабілетті мектеп 

жасындағы  балалар  үшін  тиімді  болуы  мүмкін.    Тұрақты,  бірақ  толық  емес 

кіріктіру  психикалық  даму  деңгейлері  әртүрлі,  бірақ  жанама  ауытқулары  жоқ 

мектеп  жасына  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балаларға  пайдалы  болуы 

мүмкін.    Бұндай  кіріктірудің  мағынасы  –  баланың  бойында  бар  барлық 

жасырын  мүмкіндіктерді  және  қалыпты  дамып  келе  жатқан  балалармен 

араласу, әрекеттесу, оқу мүмкіндіктерін мейлінше пайдалану болып табылады. 

[12].  

          



Кіріктіре оқытудың бірнеше тәртіптері мен түрлері бар.  

3. 


Жартылай  кіріктіру  –  кіріктірудің  бұл  түрінде  оқушылар  жеке 

сынып  жағдайында    оқиды,  бірақ  қалыпты  дамыған  оқушылармен  бір  білім 

беру  ортасында  біріктірілген.  Олар  жалпы  мектепішілік  барлық  оқыту  және 

тәрбие  беру  шараларына,  жалпыға  білім  беру  сыныптарының  оқушыларымен 

қатар, тең құқықта тартылады. Сонымен қатар, бұл түр жеке оқытылатын, бірақ 

сыныптағы кейбір сабақтарға оқушылармен бірге қатыса алатын балалар үшін 

де қолданылады. Жартылай кіріктіру қажетті біліктер пен дағдылардың аздаған 

бөлігін  ғана  өзінің  қалыпты  дамып  келе  жатқан  қатарларымен  тең  игеруге, 

олармен  бірге  сабақтан  тыс  уақытының  аз  бөлігін  ғана  өткізуге  қабілетті 

балалар  үшін  пайдалы  болуы  мүмкін.  Жартылай  кіріктіру   ‒  мектеп 

бағдарламасын  дендері  сау  қатарларымен  тең  меңгеруге  қабілетсіз  балалар 

үшін  басым  түр  болып  саналады.  Жартылай  кіріктіру  аясында  дамуларында 

25 

 


кемшіліктері  бар  балалар  уақыттарының  бір  бөлігін  ғана  дендері  сау 

қатарларымен бірге өткізеді (мысалы, күннің екінші жартысын). 

Тұрақты жартылай кіріктірудің мәні – мүмкіндіктері шектеулі балалардың 

өздерінің  қалыпты  дамып  келе  жатқан  қатарлармен  қарым-қатынастарын 

кеңейтуі  болып  табылады.  Жартылай  кіріктіру  қалыпты  топтары  да,  арнайы 

топтары  да  бар  аралас  түрдегі  мектепке  дейінгі  ұйымдарда,  сонымен  қатар 

дамуларында  белгілі  бір  ауытқулары  бар  балалар  үшін  ашылған  арнайы 

сыныптары  бар  жалпыға  білім  беру  мектептерінде  қамтамасыз  етілуі  мүмкін. 

[13].  

Жартылай кіріктіру үлгісі мүмкіндіктері шектеулі балаларды тек жалпыға 



білім  беру  сыныптарында  оқыту  мен  арнайы  білім  беру  мекемелерінде  оқыту 

арасындағы аралық нұсқаны білдіреді. Жартылай кіріктіру үлгісін жүзеге асыру  

білім беруді  ұйымдастырудағы екі  түрдің  үйлесуін білдіреді – қалыпты дамып 

келе  жатқан  қатарларымен  біріктіру  жағдайында  және  арнайы 

ұйымдастырылған  сыныптарда  немесе  аз  топтарда    (жалпы  мектеп 

кеңістігіндегі). Сипатталып отырған бұл үлгі аясында  білім алу қажеттіліктері 

ерекше барлық оқушылар толық кіріктіру үлгісіндегіге ұқсас қажетті қосымша 

психологиялық-педагогикалық көмек алады. 

Бірқатар елдерде (Германия, Австрия, Польша, АҚШ және басқа) бұл үлгі 

интеллектуалдық  дамуларында  ауытқулары  бар  балаларды  оқытудағы  басым 

түр  ретінде  қарастырылады.  Даму  деңгейлері  қалыпты  балалардан  бөлек 

оқытылатын  пәндер  тізімі,  оқушылардың  білім  алу  мүмкіндіктері  ескеріле 

отырып,  анықталады:  мейлінше  қиын  пәндер  (математика,  ана  тілі  және 

басқалар)  ‒  бөлек  оқытылады,  аса  қиындық  тудырмайтын  пәндер  (мысалы, 

эстетикалық циклдегі) - біріктіріліп оқытылады. Сонымен бірге, жалпыға білім 

беру  мектептебінде  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  үшін  сабақтан  тыс 

шараларға  (экскурсиялар,  мерекелер,  мектептегі  концерттер  мен  мерекелер) 

қатысуға жағдайлар жасалады.    

4. 

Уақытша кіріктіру – кіріктірудің бұл түрі денсаулық мүмкіндіктері 

шектеулі,  жеке  оқытылатын,  бірақ  өздерінің  дендері  сау  қатарларымен 

әлеуметтік  араласуға  (сыныптан  тыс  тәрбие  сағаттарына,  жалпы  мектепішілік 

шараларға қатысуға) мүмкіндіктері бар балалар үшін қолданылады. Уақытша 



кіріктіру  кезінде  арнайы  топтың  немесе  сыныптың  барлық  тәрбиеленушілері, 

қол жеткізген даму деңгейлеріне қарамастан,  біріккен тәрбие сағаттарын өткізу 

үшін  айына  2  реттен  кем  емес    өздерінің  қалыпты  дамып  келе  жатқан 

қатарларымен  бірігеді.  Уақытша  кіріктірудің  басты  мақсаты  қалыпты  дамып 

келе  жатқан  қатарларымен  қарым-қатынас  жасаудың  алғашқы  тәжірибелерін 

меңгерту  болып  табылады.  Уақытша  кіріктіру,  негізінен,  келешекте  мүмкін 

болатын кіріктіре оқытудың мейлінше жетілдірілген түріне дайындық сатысы. 

Кіріктірудің  бұл  үлгісі    қалыпты  топтары  да,  арнайы  топтары  да  бар  аралас 

түрдегі  мектепке  дейінгі  ұйымдарда,  сонымен  қатар  арнайы  сыныптары  бар 

жалпыға білім беру мектептерінде жүзеге асырылуы мүмкін. [12].  

5. 

Кіріктірудің  эпизодтық  үлгісі  -    өз  тәрбиеленушілерін  қалыпты 

дамып келе жатқан балалармен бірге тәрбиелеу және оқыту бойынша бағытты 

26 

 


жұмыс  жасау  мүмкіндіктері  шектеулі  арнайы  мектеп  пен  мектепке  дейінгі 

ұйымдарға  бағытталған.  Эпизодтық  кіріктірудің  мәні  дамуларында  айқын 

кемшіліктері  бар  балалардың  қатарларымен  аз  да  болса  араласуын 

ұйымдастыру, тек мүмкіндіктері шектеулі балалар ғана оқитын арнайы (түзету) 

ұйымдарда  жасалатын  әлеуметтік  қарым-қатынастың  объективті  шектеулерін 

жеңу.  


6. 

Аралас  кіріктіру  –  кіріктірудің  бұл  түрі  даму  мүмкіндіктері 

шектеулі балаға жоғары білікті маманның көмегін ұсына отырып, оны жалпыға 

білім  беру  сыныбына  қосуды  және  жалпы  сыныпта  оқыту  үшін,  оның  білім 

алудағы ерекше қажеттіліктеріне сәйкес, арнайы жағдай жасауды қарастырады.  

Аралас  кіріктіру  даму  деңгейлері  қалыпқа  жақын  балаларға,  арнайы 

ұйымдастырылған  сабақтарда  дефектолог  мұғалімнен  көмек  ала  отырып, 

жалпыға білім беру сыныптарында оқуға мүмкіндік береді. 

7. 


Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпыға  білім  беру 

мектептерінің арнайы сыныптарында оқытуды кіріктірудің бір түрі деп санауға 

болады. Дегенмен де, бұны инклюзивтік білім беру деп атауға болмайды. Жеке 

сыныптарда оқыту кезінде  қатарларының мүмкіндіктері шектеулі балалармен 

жиі  араласа  бермейтіндерін  тәжірибе  көрсетеді,  ал  инклюзивтік  білім  берудің 

алғышарты  қарым-қатынас  екені  белгілі.[12].  Кіріктірудің  түрлі  үлгілері  1- 

кестеде мейлінше толық келтірілген. 

Кіріктірудің  саналуан  үлгілерін  сараптау  әр  баланың  өзінің  білім  алу 

құқығын білім беру ұйымының кез-келген түрінде жүзеге асыруына және бұл 

кезде  өзіне  қажетті  арнайы  көмек  алуына  мүмкіндігі  барын  растайды.  Білім 

беру  үдерісін  осылай  ұйымдастыру  кезінде  барлық  оқушы  балалар  мектептің 

қоғамдық  өміріндегі  әлеуметтік  белсенді  қызметке  тартылады,  бұл  баланың 

бейімделу мүмкіндіктерін жоғарлатуға және тұлғаның жеке қабілеттерін ашуға 

мүмкіндік береді. 

 

1- 


Кесте  – Кіріктіре оқытудың нұсқалары 

 

Кіріктіре 



оқытудың 

нұсқалары 

Сипаттамасы 

 

 

Іріктеу ережелері  Қосу 

уақытын 

мөлшерлеу 

Тұрақты, 

толық 

кіріктіру 

 

Психофизикалық 

және 

тілдік  даму  деңгейі  жасына 



сәйкес 

немесе 


жақын 

келетін  балалар  үшін  және 

дендері  сау  қатарларымен 

бірге  оқуға  психологиялық 

жағынан  дайын  балалар 

үшін тиімді  



 

Дамуларында 

ауытқушылықтары 

бар  балалар  1-3 

адамнан  жалпыға 

білім 


беру 

сыныптарына 

енгізіледі 

 

Балалар 


қалыпты 

дамып  келе 

жатқан 

балалармен 



күні  бойы 

бірге 


болады 

 

Тұрақты, 

толық емес 

 

Қажетті 



білік 

пен 


дағдылардың  аз  мөлшерін 

1/3  – 


дамуларында 

ауытқушылықтары 

Түзету 

сағаттары, 



27 

 


кіріктіру 

 

қалыпты дамып келе жатқан 

қатарларымен 

бірге 


меңгеруге  және  сабақтан 

тыс  уақытының  аз  бөлігін 

ғана  олармен  бірге  өткізуге 

қабілеттілер үшін тиімді  

бар балалар  

 

кластан  тыс 

шаралар 

Уақытша, 

жекелей 

кіріктіру 

 

Мүмкіндіктері 

шектеулі 

балалр қалыпты дамып келе 

жатқан 

балалармен 



бірлескен  шаралар  өткізу 

үшін біріктіріледі 



 

Айына 


реттен  кем 

емес 

 

Эпизодтық 

кіріктіру 

 

Бұл 


кіріктірудің 

мәні 


дамуында  ауытқулары  бар 

балалардың  қатарларымен, 

білім 

беру 


және  

ведомствоаралық 

ұйымдардың  әрекеттесулері 

аясындағы,  аз  да  болса 

әлеуметтік  әрекеттесулері 

болып 


табылады  

(

мерекелер, 



сайыстар, 

балалар 


жұмыстарының көрмесі, 

үйірмелер және басқалар)  

Егер  мекеменің  өз 

тәрбиеленушілерін 

дамулары қалыпты 

қатарларымен 

бірге 

тәрбиелеу 



мен 

оқытуға 


бағытталған 

жұмыстарды 

өткізу 

мүмкіндіктері 



шектеулі болса 

 

Шақырту 


бойынша 

Қашықтықта

н оқыту 

 

Мүгедек  балаларға  жеке 

бағдарлама  бойынша  үйден 

білім алу мүмкіндігін ұсыну 

қашықтықтан 

оқытудың 

мақсаты болып табылады.  

 

Уақытша 


жеке 

немесе  эпизодтық 

кіріктірумен  бірге 

инклюзивтік 

болады  

Белгіленген 

тәртіпке 

сәйкес 


 

 

 

 



Қазақстан  Республикасында  «Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға 

кіріктірілген  (инклюзивтік)  білім  беру  бойынша  ұсыныстарға»  сәйкес  [19],  

жалпыға білім беретін мектепте даму мүмкіндіктері шектеулі балалар контингенті 

болған жағдайда сыныптар ашылуы мүмкін:

 

1) 


Кіріктіре оқыту сыныптары, олар мүмкіндіктері шектеулі балаларды 

жалпыға білім беру үдерісіне толық кіріктіруді жүзеге асырады. Кіріктіре білім 

беретін  бір  сыныпта  оқитын  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  саны  үштен 

аспауы тиіс; 

2) 

арнай  (түзету)  сыныптар  (бұдан  әрі  –  арнайы  сыныптар),  даму 

мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпыға  білім  беру  үдерісіне  ішінара 

кіріктіруді жүзеге асырады. 

28 


 

Сонымен,  баланың  даму  деңгейіне  және  психологиялық  дайындығына, 

оның  ата-аналарының  (заңды  өкілдерінің)  ықыласына  байланысты  жалпыға 

білім  беру  ортасынан  мүмкіндіктері  шектеулі  әр  бала  үшін  кіріктірудің 

қолжетімді және пайдалы  үлгісінің таңдау мүмкіндігі бар. Н.Н. Малофеевтің, 

Н.Д. Шматконың зерттеулерін сараптау [18] кіріктіре  оқытуды жүзеге  асыратын 

білім  беру  ұйымдарының  тиімді  түрлерінің  бірі  ретінде  аралас  түрдегі    білім    беру 

ұйымын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.  Балалардың қалыпты да, арнайы да, аралас та 

топтарын құруға дәл осы ұйымдарда мүмкіндік бар, бұл әр балаға қажетті арнайы 

кәсіби  педагогикалық  көмекті  таңдай  отырып,  біріктірудің  барлық  түрлерін 

жүзеге  асыруға,  жалпыға  білім  беру  мектептері  мұғалімдерінің  дефектолог 

мамандармен дұрыс әрекет етулерін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл уақытта 

аралас  білім  беру  ұйымында  дамуларында  айқын  ауытқулары  бар  балаларға, 

арнайы  және  қалыпты  дамып  келе  жатқан  балаларға  сапалы  білім  беруді 

қамтамасыз  етуге  болады.  Бұл  «қалыпты»  балаларға,  өздеріне  қатысты  емес 

себептерге байланысты, қабілеттері, ойлаулары мен біліктері төмендеу, бірақ 

мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттері мол, адамгершілік ережелері 

мен  тәртіптерін  сақтауға  қабілетті  жандармен  араласып,  келешектегі  ересек 

өмірлерінде  қажет  болатын  әлеуметтік-эмоционалдық  дамуларын  бірегей 

тәжірибемен байытуға мүмкіндік береді [13].  

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпыға білім беру мектептеріне 

кіріктірудің түрлері мен шекаралары туралы көптеген пікірталастар,  олардың 

мейлінше  тиімді  үлгілерін  іздеу  мәселесінің  көп  қырлы  әрі  қиын  екендігінің 

куәсі. С. В. Алехинаның ойынша [17], әлеуметтік кіріктірудің артықшылығы, 

демек қалыпты дамып келе жатқан қатарларының ортасында үнемі болу (білім 

алудың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай болмаған кезде),  

мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  табысты  білім  алуына  және  қолайлы 

дамуына  кедергі  келтіретін    фактор  болуы  мүмкін.  Бұл  көзқараспен  Н.Н. 

Малофеев  те  келіседі[13],  инклюзивтік  білім  берудің  негізгі  артықшылығы 

ретіндегі  «енгізілген»  баланың  әлеуметтік  тәжірибені  табысты  меңгеруі 

туралы  дәлелге  ол  мектепке  кез-келген  бала,  соның  ішінде  «енгізілгені  де» 

білім  алу  үшін  келеді  деп  жауап  береді.  Осыған  сәйкес,  білім  алу 

қажеттіліктері ерекше бала үшін кіріктіре білім берудің қандай да бір үлгісін 

таңдау  оның  білім  беру  және  әлеуметтік  сипаттамаларын  сараптау  негізінде 

жүргізілуі тиіс. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

29 


 

4  

Жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға  

    

кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру  

    

үлгісі   

 

Алдыңғы  бөлімде  жүргізілген  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың 



білім  алу  құқықтарын  жүзеге  асырудың  тұжырымдамаларын  және  олардың 

философиялық,  мәдениеттанушылық  алғышарттарын      сараптауды 

қорытындылай келе, қарастырылған тұжырымдамалардың әрқайсысы әртүрлі 

мақсаттарға бағытталатындығына және бұндай балаларды білім беру үдерісіне 

енгізудің  ерекше  үлгісі  ретінде  қаралуы  мүмкін  екендігіне  көңіл  бөлу 

маңызды.  Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  баланы  кіріктірудің  нақтылы 

жағдайында,  шешілетін  міндеттерге  байланысты,  бұл  үлгілердің  кез-келгені 

қолданылады  немесе,  мүмкін  болған  кезде,  оларды  (үлгілерді)  біріктіруге 

болады,  бұл  осы  үлгілерді  белгілі  жағдайларда  бір-біріне  қосымша  ретінде 

қарауға мүмкіндік береді.  

Білім  алу  қажеттіліктері  ерекше  балаларды  жалпыға  білім  беру  үдерісіне 

енгізу  моделі  барлық  элементтерің  тұтасымен  біріккен  жүйесін  білдіреді. 

Инклюзивтік  білім  беруде  кез-келген  әлеуметтік  жүйеге  тән  оң 

тұжырымдамалармен қатар кері тұжырымдамалардың барын есте сақтау қажет. 

Егер  инклюзивтік  білім  беруді  ұйымдастыруда  дифференциациялау  үрдісі 

басым  болса,  ал  білім  беру  жүйесіндегі  жіктелген  бөліктер  арасындағы  ішкі 

байланыстар  нығайтылмаса,  онда  бұндай  жүйе    жалпы  қатардан  «түсіп 

қалатын» құрылымдық элементтерді шеттетеді [2]. 

Жоғарыда  айтылып  кеткендей,  қазыр  әлемде  инклюзивтік  (кіріктірілген) 

білім беруді ұйымдастырудың  мейлінше көптеген үлгілері белгілі, олар арнайы 

педагогикалық  әдебиеттерде  көрсетілген.  Жалпылама  түрде  олар  кіріктіре 

оқытудың келесі нұсқаларын ұсынады [2]: 

1. 

Қажеттіліктері  ерекше  жекелеген  оқушыларды  жалпыға  білім  беру 

мектептерінің қалыпты сыныптарына кіргізу:  

• баланы жалпыға білім беру мектептеріндегі оқу үдерісіне ішінара кіргізу 

(бала тұрақты арнайы мектепте оқиды және жалпы білім беру мектебіндегі тек 

жекелеген сабақтарға қатысады);  

• баланы білім берудің белгілі бір мерзіміне уақытша кіргізу (әдетте,  ұзақ 

уақытқа  емес  және  баланың  барлық  пәндер  бойынша  қатарларымен  бірге  оқу 

мүмкіндігін тексеру үшін);  

• 

барлық 



оқу 

мерзіміне 

тұрақты 

кіргізу.  

2. 

Жалпыға  білім  беретін  мектептердің  жанынан  қажеттіліктері  ерекше 

балалар үшін кіріктірілген арнайы сыныптар ұйымдастыру:  

•  жалпыға  білім  беретін  мектептердің  қалыпты  жоспарларымен  және 

бағдарламаларымен бірдей жұмыс жасайтын; 

• қажеттіліктері ерекше балалардың белгілі санаттарына арналған арнайы 

жоспарлар мен бағдарламалар бойынша  жұмыс жасайтын; 

•  оқыту  жеке  білім  беру  жолдарының  негізінде  жалпы  білім  беру 

стандарттары бойынша ұйымдастырылады.  

30 


 

3. Модульді кіріктірілген оқыту, психикалық және тұлғалық кемшіліктері 

бар  балалар  үшін  жалпыға  білім  беретін  мектептер  жанынан  арнайы  (түзету) 

мектептің  жоспарларымен  және  бағдарламаларымен  жұмыс  жасайтын,  оқу 

үдерісімен  қатар  оңалтуды  да  қамтамасыз  ететін  жеке  инфроқұрылымы  бар 

модуль-сыныптарын ұйымдастыруды білдіреді.  

Сәйкесінше,  қажеттіліктері ерекше баланы жалпыға білім беру үдерісіне 

кіргізгендегі  ең  басты  міндет  кіріктіруді  ұйымдастыру  үлгісінің  оған  келетін 

түрін  анықтау  болып  табылады.    Н.Д.  Шматко  [20]    даму  мүмкіндіктері 

шектеулі баланы қалыпты дамып келе жатқан балалардың білім алу ортасына 

енгізу  мәселесін  шешкен    кезде,  шамамен  «ішкі»  және  «сыртқы»  деп  бөлуге 

болатын бірқатар көрсеткіштерге көңіл бөлу керектігін атап көрсетеді. Сыртқы 

көрсеткіштерге  баланы  оқыту  мен  дамытуды  жүзеге  асыратын  жағдайлардың 

жиынтығы  жатады,  ішкіге  –  оның    психофизикалық  және  тілдік  даму  деңгейі 

жатады [20]. 

Қажеттіліктері  ерекше  балаларды  тиімді  кіріктіруді  қамтамасыз  ететін 

сыртқы жағдайларға жататыны: 

• 

ауытқуды  ерте  анықтау  (өмірінің  алғашқа  жылында)  және  өмірінің 



бірінші айларынан бастап түзету жұмыстарын жүргізу, себебі бұл кезде 

баланың дамуында жалпыға білім беру ұйымында білім алуға мүмкіндік 

беретін нәтижелерге қол жеткізуге болады;  

• 

ата-аналардың  баланы  дендері  сау  балалармен  бірге  оқытуға  деген 



ынтасы және оқу барысында балаларына шынайы көмек көрсетуге деген 

ұмтылыстары мен дайындықтары; 

• 

кіріктірілген балаға тиімді кәсіби түзету көмегін көрсету  мүмкіндігінің 



болуы; 

• 

кіріктіре оқытудың түрлі нұсқаларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау. 



Ішкі көрсеткіштерге жататыны: 

• 

психофизикалық  және  тілдік  дамудың  жасына  сәйкес  немесе  соған 



жақын келетін деңгейі; 

• 

жалпы  білім  беру  стандарттарын  қалыпты  дамып  келе  жатқан  балалар 



үшін белгіленген мерзімде меңгеру мүмкіндігі; 

• 

бланың кіріктіре оқытуға  психологиялық дайындығы. 



Мектеп  жүйесінде  жаңа  элементтің  (мысалы,  арнайы  түзету  сыныбы) 

пайда  болуы  белгілі  бір  шиеленіс  тудыратынын  да  ескеру  керек,  жаңа 

элементтің  бейімділілігін  көтеруге  бағытталған  үдерістерді  реттеу  бойынша 

шаралар, оны шешуге ықпал етеді.  

В.  В.  Коркунов  пен  С.  О.  Брызгалованың  ойларынша,  бұндай  шараларға 

келесілер  жатады  [2]:  жалпыға  білім  беру  ұйымының  жұмыс  мақсаттарын 

түзету,  жалпы  мектептік  біріге  қызмет  ету  түрлері  мен  нысандарына  жаңа 

элемент енгізу, бұл, жинақталып, жүйенің басқа элементтерімен бірігуіне алып 

келуі мүмкін.  Сонымен, жалпыға білім беру мектебінің ұйымдастыру жүйесіне 

қандай да бір арнайы (түзету) сынып енгізу келесі шараларды жасаумен және 

өткізумен қатар жүруі тиіс: 

31 


 

1. 

Жаңадан құрылған арнайы (түзету) сыныпты ескере отырып, мектептің 

мақсаттары мен міндеттерін тұтасымен түзету. 

2. 


Жаңадан  құрылған  арнайы  (түзету)  сыныптың  дәрежесін  анықтау  

(

белгілі  түрдегі  бағдарламаларды  жүзеге  асыратын  арнайы  түзету 



сыныбы). 

3. 


Түзету сыныбын жалпыға білім беру мектебінің жағдайына бейімдеу.  

4. 


Арнай сыныптың балаларына білім беру мен басқа қызыметтер көрсету 

үшін материалдық негіз құру. 

5. 

Кіріктірілген сыныптың әрбір оқушысына білім беру бағдарламаларын 



меңгеруде көмек көрсету үшін қызметкерлер дайындау. 

6. 


Бейімделудің,  оңалтудың  және  білім  алудың  жеке  бағдарламаларын 

жасау және жүзеге асыру. 

Сонымен, білім алу қажеттіліктері ерекше  балаларды қалыпты дамып келе 

жатқан балалардың ортасына кіргізу білім беру үдерісін ұйымдастыруға елеулі 

өзгерістер енгізуді талап етеді және жалпы білім беру мектебіндегі барлық оқу 

мерзімінде  оқушыларға  материалдық-техникалық  және  психологиялық  – 

педагогикалық  жағдайлардың  тұтас  кешенін  қамтамасыз  ету  қажеттігін 

анықтайды.     Бұндай  жағдайларды  таңдау  көбіне  кіріктіре  оқытудың  үлгісіне 

байланысты болады.  

Білім  алу  қажеттіліктері  ерекше  балаларды  қалыпты  дамып  келе  жатқан 

балалардың ортасына енгізу моделі келесі қағидалармен сипатталады:  

1. 

Жүйелілік  –  түрлі  бағыттағы  психологиялық-педагогикалық  көмек 

көрсету  барысында  жүзеге  асырылады:  балаларға,  мұғалімдерге,  ата-

аналарға  (баланы  шынайы  оқыту  кезінде  көрсетіледі,  орын  алған 

қиындықтарды,  оқушының  мүмкіндіктерін,  оның  күшті  жақтарын,    білім 

алудың жеңіл жолдарын анықтайды және барлық құрама бөліктері ескеріле 

отырып, 


психологиялық-педагогикалық 

қолдау 


көрсету 

жүйесі 


анықталады, жасалады); 

2. 

Жиынтықтылық  –  балаға  мұғаліммен,  психологпен,  логопедпен,  ата-

аналармен,  оның  барлық  қызмет  саласын  (танымдық,  эмоционалдық-

жігерлік,  қимылдық)  қамтитын,  кешенді  көмек  көрсетілуінен  көрінеді; 

оқудағы  жетістіктерді  қадағалауға  және  тұлға  аралық  байланыстарды 

орнатуға  көмектесетін  әлеуметтік  байланыстар  мен  қарым-қатынастар 

оңтайландырылады;  



3. 

Ықпалдастық  –  әртүрлі  тәсілдердің  (психотерапевтік  және 

психологиялық-педагогикалық), әдістемелердің, амалдардың, дидактикалық 

және  психотерапевтік  әдістердің  (білім  беру  саласын  ғана  қамтып 

қоймайды, микроәлеуметтік ортаны да қамтиды) бірігуін қарастырады.     



4. 

Баланың  ерекше  қажеттіліктерінің  басымдылығы    –  баланың  сабақ 

оқудағы  қиындықтарының  себептерін  анықтау,  айналма  жолдар  ретінде 

пайдалану үшін оның ерекше қажеттіліктерін білу және ескеру (білім беру 

үдерісін ұйымдастырудың арнайы жағдайын қажет етеді);  

32 

 


5. 

Үздіксіздік  –  оның  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін  ерте  анықтау 

қажеттілігін,  білім  алудың  барлық  сатыларында  психологиялық- 

педагогикалық қолдау көрсетуді білдіреді.  

 «

Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  кіріктіре  (инклюзивтік) 



оқытуды  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік  ұсыныстарға»  сәйкес  [19], 

мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпыға білім беру мектебіне қабылдау ата-

анасының  және/немесе  басқа  заңды  өкілдерінің  жазбаша  өтініші, 

психологиялық-медициналық-  педагогикалық  кеңестің  (бұдан  әрі  –  ПМПК) 

оқыту  түрін  ұсынған  қорытындысы  негізінде  жүргізіледі.  Құжатта  даму 

мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу,  бұзылған  немесе 

жоғалтылған  қызметтерін  түзету  және  өтеу  мақсатында  оларға  жалпыға  білім 

беру  мектептерінде  арнайы  білім  беру  және  материалдық-техникалық 

жағдайлар  (қазырғы  заманғы  техникалық  және  қосымша  құралдармен 

қамтамасыз  ету,  жалпыға  білім  беру  және  арнайы  білім  беру 

бағдарламаларын толық меңгерулері үшін осы топтың барлық оқушыларына 

қажетті деңгейде қолдау көрсету және басқалар) жасалу керек делінген.  

 

Әдістемелік  ұсыныстарда  білім  беру  ұйымының  ішіндегі  педагогикалық 



түзету  жұмысы  арнай  маманмен  (дефектолог  мұғаліммен,  психологпен, 

әлеуметтік  педагогпен)  жүргізілуі  керек  делінеді.    Даму  мүмкіндіктері 

шектеулі балаларды білім беру ұйымынан тыс оқыту үдерісіне қолдау көрсетуді 

арнайы  түзете  білім  беру  ұйымдарының,  ПМПК,  психологиялық-

педагогикалық түзету кабинеттерінің, логопедтік пунктің мамандары, сонымен 

қатар,  келісімшарт  негізінде  медициналық  мекемелердің  мамандары  жүзеге 

асырулары тиіс.  

 

Білім  алу  қажеттіліктері  ерекше  балаларға  жалпыға  білім  беру 



мектептерінде  кешенді  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетуді 

ұйымдастыру  үлгісі  бұл  үдерістің  құрылымдық-ұйымдастырушылық  және 

мағыналық-процессуалдық  ерекшеліктерін  көрсетеді.  Білім  алу  қажеттіліктері 

ерекше балаларды қалыпты дамып келе жатқан оқушылардың ортасына енгізу 

үлгісі келесі түрде ұсынылуы мүмкін [21]: 

1) 


Ынталандыру сатысы – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын 

алдағы  іс-әрекетке  ынталандыруды  жүзеге  асыру  үшін  қолайлы  жағдай 

жасауды  қамтамасыз  ету.    Білім  алу  қажеттіліктері  ерекше  балалардың  кез-

келген  санаты  үшін  (тіл  мүкістігі,  психикалық  дамуының  артта  қалуы, 

тәртібінің  бұзылуы)  ересектермен,  әсіресе  мұғалімімен  және  ата-анамен  

эмоционалдық байланыстың маңызы өте зор. Түзету жұмысы мұғалім-бала-ата-

ана  үштігінің  арасындағы  қалыптасқан  қарым-қатынасқа  байланысты  болады. 

Білім  беру  үдерісінің  барлық  қатысушыларының  арасында  түсіністік  пен 

қолдау  орнаған  кезде  ғана,  түзету  үдерісін  қысқа  мерзімде  тиімді  жүзеге 

асыруға болады. Ыталандыру сатысы көп жағдайда  мұғалімнің, психологтың, 

дефектолог  мұғалімнің,  логопедтің  жеке  қасиеттеріне  және  кәсіби 

біліктіліктеріне,  олардың  психологиялық-педагогикалық  қолдау  стратегиясын 

қаншалықты сенімді етіп жеткізе алатындықтарына байланысты болады. 

33 


 

2) 

Бағытталу  сатысы  –  алдағы  жұмыстың  мағынасы  мен  мазмұнын 

анықтау,  жалпы  тәсілдер  дайындау,  балаға  қатысты  рөлдер  мен  кәсіби 

ұстанымдарды  анықтау,  қолдауға  қатысушылар  арасындағы  функционалдық 

міндеттерді  бөлу.  Бұл  сатыда  қолдаудың  құрылымдық  элементтері 

нақтыланады  (баланың  мектептегі  бейімсізденуінің,  қиындықтарының 

себептерін анықтау; түзете-дамыту жұмыстарының мазмұнын және оны жүзеге 

асыру  түрлерін  негіздеу;  қолдауды  жүзеге  асыруға  қатысушы  ересектердің 

мүмкіндіктерін және баланың қорын ескере отырып, осы үдерісті ұйымдастыру 

тәсілдерін  таңдау;  баланың  қиындықтары  және  күтілетін  нәтиже  туралы  ата-

аналардың  ойлары  анықталады).  Түзете  –  дамыту  үдерісі  баланы  оқыту 

барысында  және  арнай  сабақтарда  (тренингтер  мен  түзету  сабақтары)  жүзеге 

асырылады.  Психологиялық  -  педагогикалық  қолдау  көрсету  тұжырымы 

жасалады,  отбасындағы  микроәлеуметтік  ортаға  қойылатын  талаптар 

нақтыланады.    

3) 

Мазмұндық  –  операциялық  саты  –  нақтылы  балаға  қатысты  нақтылы 

міндеттерді жүзеге асыру бойынша анықтау негізіндегі түзету бағдарламалары 

жасалады. 

Әрекеттестіру 

мақсатында 

балалармен, 

психологтармен, 

мұғалімдермен,  логопедтермен,  ата-аналармен  жұмыс  жүргізіледі.  Қажет 

болған  жағдайда,  жұмыс  барысында  қиналатындар  үшін,  психологиялық-

педагогикалық дайындық жүргізіледі. 

4) 

Бағалау  сатысы  –  педагогикалық  және  психологиялық  анықтаудың 

қорытындысы,  команда  нәтижелерін  барлық  мамандардың  сараптауы, 

рефлексия кіреді. Ата-аналардың қанағаттану дәрежелері, тілектері ескеріледі. 

Берілген қорытынды осы балалармен одан әрі жұмыс жасауға негіз бола алады.  

Кіріктіре  оқыту  жағдайындағы  психолого-педагогикалық  қолдаудың 

негізгі бағыттарын бөлу орынды: 

психофизикалық  дамудағы  аутқуларды  педагогикалық  және 



психологиялық  анықтау  және  түзету  көмегіне  деген  қажеттіліктеріне  қарай 

анықтау; 

жеке, топтық, жаппай түзете-дамыту жұмысы; 



оқушылардың  қажеттіліктеріне  сай  келетін  арнайы  түзете-дамыту 

ортасын құру; 

тиісті түзету міндеттерін шешу мақсатында, нақтылы балаға бағытталған 



жеке және топтық түзету бағдарламаларын жасау (құру); 

отбасылық  қарым-қатынастарды  үйлестіру  мен  оңтайландыруда  ата-



аналарға психотерапевтік және педагогикалық көмек көрсету; 

білім  беру  және  тәрбиелеу  үдерістерінде  қолданылатын  түзету 



технологияларына ғылыми негіздеме беру. 

  

Бұл бағыттарды нақтылап қарастырайық. 



 

Психологиялық-педагогикалық анықтау 

 

34 


 

Дамуларында  ерекшеліктері  бар  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытудың 

табысты  болуы  үшін  олардың  мүмкіндіктерін  дұрыс  бағалау  және  білім 

алудағы  ерекше  қажеттіліктерін  анықтау  қажет.  Осыған  байланысты  

психологиялық-педагогикалық  анықтауға  ерекше  рөл  беріледі,  ол  келесілерді 

қамтамасыз етуді білдіреді: 

мүмкіндіктері шектеулі балаларды дер кезінде анықтау; 



даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың,  психикалық  дамуларындағы 

кемшіліктерге  байланысты  болатын,  білім  алудағы  ерекше  қажеттіліктерін 

анықтау; 

тиімді педагогикалық жолды анықтау; 



даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  психофизикалық  дамуындағы 

ерекшеліктерін  және    балалардың  жеке  даму  мүмкіндіктерін  (психологиялық- 

медициналық- педагогикалық комиссияның ұсынысына сәйкес) ескере отырып, 

жеке  бағытталған  психологиялық-  медициналық-  педагогикалық  көмек 

көрсетуді жүзеге асыру; 

түзету  шараларын  жоспарлау,  түзету  жұмысының  бағдарламаларын 



жасау; 

түзету жұмысының тиімділігін және даму динамикасын бағалау; 



баланың ата – анасына кеңес беру. 

 

Диагностика (анықтау) үш сатыда жүргізіледі: 

Баланың  даму  ерекшеліктері  туралы  мұғалімнің  берген  қорытындысы 

бірінші сатының нәтижесі болады. Қорытындыны анықтау және нақтылау үшін 

екінші  саты  (анықтаушы)  өткізіледі,  ол  келесі  әдістерге  сүйенеді:  әңгіме, 

нәтижелі қызметті сараптау, тестер, сұрақтар, мұғалімдерден сауалнама алу. 

Үшінші  сатының    (соңғы)  мәні  бастапқы  немесе  анықтаушы  сатыда 

алынған  диагноздардың  мәліметтерін  жалпылау  ғана  емес,  сонымен  қатар 

салыстыру  мен  теңестіру  болып  табылады.  Алынған  мәліметтерді  сараптау 

үдерісі және олардан белгілі бір қорытынды шығару интерпретация (түсіндіру) 

деп  аталады.  Көбіне  сараптық  бағалау  әдісі  қолданылады.  Баланың  даму 

мониторингіне  баланың  психикалық  дамуын,  денсаулық  жағдайын,  сонымен 

қатар  жалпы  қабілеттердің  (танымдық,  қарым-қатынастық,  реттеуші)  дамуын 

бағалау кіреді. 

Бала  ағзасының  мониторингі  жылына  екі  рет  жүргізіледі:  бағдарлама 

бойынша  жұмыстың  басында  және  аяғында.  Алынған  мәліметтер  білім  алу 

қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісін ұйымдастыруда 

алдағы уақытта мақсатты өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. 

 

Инклюзивтік сыныпта дене шынықтыру мен оқыту ортасын 



ұйымдастыру 

 

З.А.Мовкебаеваның, 

И.А.Оралқанованың, 

И.А.Денисованың, 

Д.С.Жакупованың  әдістемелік  ұсыныстарында  [14]  инклюзивтік  білім  беруді 

ұйымдастыру  кезіндегі  маңызды  мәселелердің  бірі  ретінде  инклюзивтік 

35 

 


сыныпта дене шынықтыру кеңістігін ұйымдастыру аталады. Әрбір баланың оқу 

үдерісіне  қатысуға  және  басқа  оқушылармен  әрекеттесуге  мүмкіндігі  болу 

үшін,  оқу  кеңістігі  барлық  балалар  үшін  қолжетімді  болуы  керектігін  ескеру 

қажет.  Ол үшін сыныптың есігі арбада отырған балаға жеңіл ашуға ыңғайлы 

болып,  айқарыла  ашылуы  қажет және  «ерекше  бала»  өтіп  кеткенше  жабылып 

қалмауы керек. Көру қабілеттері бұзылған «ерекше балалар» жартылай ашалған 

есіктің  арасынан  өтпеулері  үшін,  есіктер  толық  ашық  немесе  толық  жабық 

болуы керек.   

 

Қимыл-қозғалысы  бұзылған  «ерекше  баланың»  сынып  ішінде  еркін 



жүріп-тұруы  үшін,  ол  оқитын  сынып  мейлінше  кең  болуы  керек.  Көптеген 

заттар  қойылған  кеңістік  көру  қабілеттері  бұзылған  балаларға  кері  әсерін 

тигізеді.  Сынып  бөлмесінде  парталарды  орналастырған  кезде,  «ерекше 

баланың»  сынып  ішінде  еркін  қозғалуын  қамтамасыз  ету  керек.  Мүгедек 

арбасындағы «ерекше балалар»  үшін оқушы орнының ең аз көлемі (мүгедек 

арбасының  бұрылуын  ескергенде)  1,5м  х  1,5м.  құрайтынын  ескеру  қажет. 

Тірек-қимыл  аппараттары  бұзылған  балаларға  партаның  жанынан    мүгедек 

арбасын  (егер  бала  одан  партаға  ауысатын  болса),  балдағын,  таяғын  қоятын 

қосымша  орын  қарастыру  қажет.  Парталардың  арасындағы  өтетін  орынның 

кеңдігі  90  см.  кем  болмауы  керек.  Кіреберіс  есіктің  кеңдігі  де  осындай, 

табалдырығы  жоқ болуы тиіс.   

Сыныптағы  тақта  барлық  балалардың  қолдары  жететін  биіктікке 

орналастырылуы  керек.  Тақтаның  алдында  арбадағы  немесе  балдақтағы 

«ерекше  бала»  кедергісіз  қозғала  алатындай  бос  орын  қалдыру  ұсынылады.  

Көру  қабілеттері  бұзылған  балалар  үшін  жалпы  бөлме  ішінде  едені  бедерлі 

фактурамен  немесе  кілем  жапқышпен  бөлінген  біркісілік  оқушы  орынын 

дайындау қажет. Көру қабілеті нашар баланың жұмыс орнындағы жарыққа да 

көңіл бөлу керек. Көру қабілеті нашар баланың партасы терезе жанында және 

бірінші қатарда болғаны дұрыс.  Түрлі сабақтарда пайдаланылатын оқулықтар, 

қажеттіліктері  ерекше  бала  оны  ұстай  алуы  үшін,  көрнекліктіктерімен  қатар 

бедерлі де болуы керек [22].  

Өз  кезегінде,  есту  қабілеттері  бұзылған  балалар  үшін  олардың  оқу 

орындарын  электроакустикалық  құралдармен  және  жеке  құлаққаптармен 

жабдықтау  қажет.  Есту  қабілеттері  бұзылған  балалардың  сыныпта  дұрыс 

бағытталулары  үшін,  сабақтың  басталғаны  мен  аяқталғаны  туралы  белгі 

беретін белгі беру шамдарын орнату керек. Және де сыныптағы үстелдер мен 

орындықтардың  биіктігіне  де  көңіл  бөлген  дұрыс.  Инклюзивтік  сыныптарда 

парталардың  биіктіктерін  өзгерту  қажет  болуы  мүмкін:  парталарды  біршама 

жоғарлату  қажет.  Сөрелер  мен  стеллаждар  да  балалардың  қолдары  жететін 

биіктікте болуы керек.  

Инклюзивтік мектептегі дендері сау балаларға қолжетімді барлық жерлер 

мен  бөлмелер  дамуларында  ерекшеліктері  бар  балалар  үшін  де  қолжетімді 

болуы керек. Бұл оқу алаңына да, мектеп әкімшілігінің бөлмелеріне де, спорт 

залға және мектеп ауласындағы ойын алаңына да қатысты.  Көру қабілеттері 

бұзылған балалардың мектеп ауласында қауіпсіз жүріп-тұруларын қамтамасыз 

36 


 

ету  үшін  қосымша шаралар қажет болуы мүмкін, мысалы: түрлі бағандарды, 

қоршауларды,  баспалдақтарды,  орындықтарды    қандай  да  бір  ашақ  түске 

(мысалы,  сары)  бояу.  Бұл  балалар  байқаусызда  бір  жерлерге  соғылып, 

денсаулықтарына  зиян  келтіріп  алмаулары  үшін  қажет.  Оқу  бөлмесіндегі 

түстерді де назардан тыс қалдыруға болмайды, бөлменің ақ түсті қабырғаның, 

күн  сәулесінің  және  қажет  болған  жерлерде  қосымша  жарықтың  есебінен 

жарық болғаны дұрыс.  Қажеттіліктері ерекше балалардың кейбір өсімдіктерге, 

жануарларға  аллергиялық  реакцияларының  болу  мүмкіндігін  ескеріп,  сынып 

ішінде  олардың  көп  мөлшерде  орналастырылмауларын  қадағалаған  жөн. 

Бөлмені  желдетіп,  ондағы  температураның  қалыпты  болуын  қадағалау, 

ылғалдылықтың    және  балаларға  кедергі  келтіретін  шудың  болмауына  көңіл 

бөлу [23]. 

 

Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету 

 

Жалпыға  білім  беру  ұйымында  оқитын  қажеттіліктері  ерекше  балаларға 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетудің  мақсаты  -  баланың  дұрыс 

дамуын,  социумға  табысты  енуін  қамтамасыз  ету.  Жалпыға  білім  беру 

мектебінде  оқитын  қажеттіліктері  ерекше  балаларға  психологиялық-

педагогикалық қолдау көрсетудің міндеттері:  

• бала дамуында қиындықтардың пайда болуының алдын-алу;  

•  балаға  дамудың,  білім  алудың,  әлеуметтенудің  өзекті  мәселелерін 

шешуге көмек (қолдау) көрсету: сабақ оқудағы қиындықтар, білім алу мен кәсіп 

таңдау  мәселелері,  эмоционалдық-жігерлік  саланың  бұзылуы,  қатарларымен, 

мұғалімдерімен, ата-аналарымен қарым-қатынастағы қиындықтар;  

• 

білім беру бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;  



• 

оқушылардың,  мұғалімдердің,  ата-аналардың  психологиялық-

педагогикалық құзіреттіліктерін жетілдіру. 

Сонымен,  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  екі  келісілген 

үдерістерді қамтамасыз етуге бағытталған [21]: 

1) 


баланың  дамуына  қолдау  көрсетуге  және  оны  оқыту  үдерісіне,  орын 

алған бұзылушылықты түзетуге немесе азайтуға бағытталған түзету жұмысына,  

және  баланың  жасырын  мүмкіндіктерін  ашуға,  даму  деңгейін  жоғарлатуға 

бағытталған дамыту жұмыстарына қолдау көрсету, 

2)   

кешенді  технология  –  балаға  қолдау  көрсетуді  оған  даму,  білім  мен 



тәрбие алу,  әлеуметтену мәселелерін шешудегі көмек көрсетудің ерекше жолы. 

Кіріктірілген  сыныптағы  сабақтың  құрылымы  аз  қамтылған  мектептегі 

сабақтың  құрылымына  ұқсас.  Ішкі  дифференциация  негізінде  мұғалім 

оқушылардың жекелеген топтарымен жұмыс жасайды (жаңа сабақты түсіндіру, 

бекіту), бұл кезде басқа балалар тапсырмаларды өз беттерімен орындайды [22]. 

Түзету  көмегінің  негізгі  түрі    міндетті  түрде  ата-аналарының  қатысуымен 

өтетін жеке сабақтар немесе аз топтағы  (2-3 баладан) сабақтар.  

37 


 

Түзету  сабағын  балаларға  дефектолог  мұғалім  жүргізеді.  Жұмысқа, 

сонымен  қатар,  психолог  мұғалім,  музыкалық  жетекші,  дене  шынықтыру 

бойынша  тәрбиеші,  осы  ұйымның  медициналық  және    техникалық 

қызметкерлері де тартылады. Сәйкесінше, бүлдіршіндерді, бұзылу түрлері ауыр 

балаларды  қолдау,  тәрбиелеу  мен  оқыту  технологияларының  жаңа 

ұйымдастыру  түрлерін,  ата-аналарды  қарқынды  оқытудың  технологияларын  

меңгеру  қажеттілігіне  байланысты,  мамандардың  кәсіби  құзіреттіліктерін 

көтеру қажет. Жалпыға білім беру мұғалімдеріне кеңес беру түріндегі бұндай 

көмекті  дефектолог  мамандардың  ұйымдастыруларына  болады,  бұл  даму 

ерекшеліктері  бар  баланы  оқытуға  мейлінше  тиімді  көмек  көрсетуге  ықпал 

жасайды. 

Кіріктірілген  ұйымдарда  балалармен  ғана  түзету  жұмыстары  жүргізіліп 

қоймайды,  бұнда  ата-аналарға  балаларды  отбасында  тәрбиелеу  мен  оқытудың 

тәсілдері  мен  әдістерін,  балаларымен  ынтымақтастықтың  педагогикалық 

технологияларын, отбасында психотерапевтік көмек көрсетуді және басқаларды 

үйретеді.  Психологиялық-медициналық-педагогикалық  консилиум  (ПМПК) 

білім алу қажеттіліктері ерекше балаларға мектепте қолдау көрсету қызметінің 

ұйымдастыру  құрылымы  болып  табылады.  ПМПК  білім  беру  ұйымының 

құрылымдық  бөлімі  болып  табылады,  ол  қолдау  үдерісін  реттейді  және  оның 

жиынтықтылығын қамтамасыз етеді. 

Қажеттіліктері ерекше балалар үшін біртұтас түзете-дамыту жүйесін құру, 

әртүрлі жан-жақты мамандарды тартуды талап ететін қиын шаруа.  

 

Кіріктірілген  мектеп  жағдайында  психологиялық-педагогикалық  қолдау 



көрсету  білім  беру  үдерісінің  барлық  мүшелерімен  әрекеттесіп  жүзеге  асқан 

жағдайда ғана тиімді болады.   




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет