Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы


Кіші қазан саясаты және қазақ ауылын күштеп кеңестендіру



бет2/15
Дата07.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#87508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
тарих

Кіші қазан саясаты және қазақ ауылын күштеп кеңестендіру

  • “Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін.
  • 1927 жылы ақпанда БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Бұл Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің заңды қарсылығын тудырды. Сол 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы- қазақтық партия конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927 жылы 12 желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады.
  • Бұл қаулыны іске асыру барысында басымдылық қоныс аударушыларға берілді. Ал көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын отырықшы тұрмысқа аудару мынадай қарқында жүргізілді: 1930 жылы — 87 136, 1931 жылы — 77 508, 1932 жылы — 77 674 және 1933 жылы — 242 208 қожалықтар арнайы белгіленген жерлерге орналастырылды. Қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару оларды мемлекет тарапынан материалдық және қаржылай қолдаусыз, құр науқаншылық шаралар арқылы жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет