Кейс Хорватияны туристік бағыт ретінде алға жылжытуда pr технологияларды қолдану



Дата13.01.2022
өлшемі10,74 Kb.
#111544
Байланысты:
Кейс Хорватия
Кейс Ховатия


Кейс

Хорватияны туристік бағыт ретінде алға жылжытуда PR технологияларды қолдану
1.
Хорватияны туристік бағыт ретінде дамытудағы қоғаммен байланыс қызметінің негізгі функциялары - ол әртүрлі PR құралдарын пайдалану арқылы Хорватияны туристік дестинация ретінде дамыту, жылжыту және жағымды имидж қалыптастыру. Сонымен қатар, елге шетелден туристер тарту мақсатында халықаралық нарықта жұмыстар жүргізу, және Жергілікті тұрғындармен жұмыс, яғни оларды қонақжай және туристерге мейірімді болуға шақыру.
2.
2007 жылғы мәліметтер бойынша, Хорватия туралы баспа материалдарының құны 105 млн, телерадио материалдары- 100 млн, барлығы 205 млн еуро болғандығы елдің Pr қызметінің эффективтілігін көрсетеді. 2008 жылы 26 елден 120 туроператор және 180 журналист қатысқан 66 топ қабылданды, сапарлардың нәтижесі көрсетілген журналистік материалдардың 13 млн данасы сатылған болатын. Сонымен қатар, 2008 жылы ұлттық PR- дың теледидардағы жұмыстары арқасында аумақтың туристік мүмкіндіктері туралы 48 репортаж эфирге шығарылған болатын. Осы сандардың барлығы Хорватия PR қызметінің эффективтілігі жоғары екендігін көрсетеді.
3.
Ұлттық кеңестің негізгі белсенділіктері елдің жалпы имиджін қалыптастыруға бағытталған. Мәселен, БАҚ өкілдеріне арналған экскурсиялар, журналистерге арналған «Golden Pen» премиясы, Хорватиядағы туризм туралы ақпаратты ұсынатын бюллетеньдер жіберу, көрмелерге тұрақты қатысу, презентацияларды өткізу, брошюралар шығару және тарату, веб-сайттар құру және туроператорларға арналған оқу сапарлары және жергілікті тұрғындармен жұмыс жүргізілуде.
Аудандың кеңестердің белсенділіктері : көрмелерге қатысу, презентациялар, ақпараттық турлар, ақпараттық бюллетеньдер өткізеді және жергілікті газетке арнайы туризм қосымшасын шығарады.
Жергілікті кеңестің PR- белсенділігі ішкі нарыққа бағытталған. Көбінесе ол ұлттық және аудандық БАҚ тармен жұмыс жасайды, ұлттық телеарнада репортаждар шығарады, жоғары деңгейдегі кеңестермен байланыс орнатады және жергілікті тұрғындармен Хорватия келбетін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді.
Ұсыныс ретінде, Хорватия PR белсенділіктеріне қазіргі уақытта танымал блоггерлер арқылы жарнама жасауды ұсынар едім.

4.
Жергілікті деңгейдегі PR қызметінің шығындарының жоғары болу себебі - жергілікті тұрғындармен жүргізілетін жұмыстың әсерінен. Тұрғындар туристік өнімді жақсарту мақсатында ғимараттардың келбетін жаңарту, сәндеу үшін шаралар жасайды. Ал оның өзі үлкен шығындарды қажет ететіні сөзсіз. Яғни ол құрылыс материалдарына кететін шығындар, көгалдандыру шаралары, адамдарға стимуляция ретінде берілетін қаражат, уақыт шығындары болуы мүмкін.
5.
7.4 кестеде саяхатқа бару туралы шешім қабылдағанда, туристер Хорватия туралы ақпаратты пайдаланған көздер туралы сауалнама деректері берілген. Ақпарат көздері ретінде Алдыңғы сапарлар, Туыстарының, достарының ұсыныстары, БАҚ (Газет-журналдардағы мақалалар

Баспа жарнамасы - брошюралар, плакаттар Радио, теледидар, кинотеатр), ғаламтор, Туристік фирманың ұсыныстары, Тур жәрмеңкелері, Ақпарат қажет емес деген нұсқалар болды. Сауалнама нәтижесі ең эффективті ақпарат көзі- медиа, ал эффективтілігі төмені- жәрменкелер екендігін көрсетіп тұр.

Сонымен қатар, 7.4 кестеге сүйенсек, туристердің көпшілігі саяхатқа бару туралы шешім қабылдағанда, Ұлттық Туризм Кеңесі бастамашылық еткен Хорватия туралы ақпаратты пайдаланады, яғни ол БАҚ, Газет-журналдардағы мақалалар, Баспа жарнамасы - брошюралар, плакаттар, Радио, теледидар және интернет. Хорватия Туризмін дамыту кеңесі жұмысын осы бағыттар бойынша жасайтындықтан, олардың қабылдаған стратегиясы дұрыс әрі көп адам таңдағандықтан эффективті деп айтуға болады. Ал жәрменкелер бойынша жұмысты Ховатия әлі де жақсарту керек деген шешімге келдім.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет