Сауалнама ғаламтор туралы жасөспірімдер не ойлайды екен?



бет1/3
Дата29.05.2023
өлшемі409,48 Kb.
#177916
  1   2   3
Байланысты:
kenessov d saualnama
payment-barcodedffafbb0397a8d324ecf358b4c1e38a26e7e51af184d769f2c2d3df4401b4f63

САУАЛНАМА
Ғаламтор туралы жасөспірімдер не ойлайды екен?
Бүгін жасөспірімдер арасында «Ғаламтор туралы» сауалнама өткізген болатынмын және бұл сауалнама нәтежиесі бойынша әр оқушының көзқарастарын байқадым. Бұл сауалнамада жасөспірімдерге ғаламтор туралы 10 сұрақ қойылған болатын.

  1. Сіз ғаламторды қолданасыз, бірақ оның тарихын білесізбе?

  2. Ғаламторды қай байланыс жүйелерінен жиі қолданасыз?

  3. Ғаламтордың пайдасынан зияны көп деген тұжырымдамамен келісесізбе ?

  4. Күнделікті қолданатын әлеуметтік желілеріңіз? (рейтинг бойынша)

  5. Сіздің ойыңызша ғаламтор қаншалықты зиян?

  6. Ғаламтор желісін қандай мақсатта қолданасыз?

  7. Сіздің пікіріңізше ғаламторсыз өмір сүру мүмкінбе? 

  8. Күніңіздің қанша уақытын ғаламторда өткізесіз?

  9. Ғаламтор сөзін естіген кезде не есіңізге түседі?

  10. Ғаламтор туралы өткізілген сауалнамаға көңіліңіз толдыма?


Ал енді осы сауалнама қорытындысына жеке-жеке тоқталар болсақ, бірінші сұрақ бойынша сауалнамаға 17 оқушы қатысты және олардың басым көпшілігі «50де 50» деген жауапты таңдады. Ал «Иә» және «Жоқ» жауаптарын тек бір-бір оқушыдан таңдады. Бұны 1 – суреттен көре аласыз:

Ал екінші сұрақ бойынша бірінші сұраққа қарағанда әлде қайда көп оқушы қатысты. Оқушылар саны- 24. Осы 24 оқушының 12-сі ғаламторға ұялы телфон арқылы кіретінін айтса, 4 оқушы компьютер және 6 оқушы ноутбук арқылы деп жауап берді. Тек 2 ғана оқушы планшет арқылы кіретіндіктерін айтты. Бұл сұрақ қорытындысы 2 – суретте:

Үшінші сұраққа келер болсақ бұл сұраққа 16 оқушы жауап берді, соның ішінде басым оқушылардың таңдаған жауаптары «50 де 50» - 11 оқушы. Ал «Жоқ» және «Әрине» деген жауаптарды 5 оқушы таңдады. Бұл сұрақ қорытындысы 3 – суретте:



Келесі кезек төртінші сұрақта. Ал бұл сұраққа барлығы 17 оқушы қатысты, ал бұл сұрақ қорытындысы бойыншы көп жасөспірім бос уақытын VKontakte және YouTube желілерінде өткізетенін байқауға болады. Оны 4 – суреттен байқаймыздар:

Ал бесінші сұраққа келетін болсақ, бұл сұраққа барлығы 15 оқушы жауап берді. Және оқушылардың басым көпшілігінің ойынша ғаламтордың зияндығын 4балдық жүйе бойынша 2деген балл берген. Оны 5 – суреттен байқайсыздар:

Ал келесі кезекте алтыншы сұрақ. Барлығы 31 оқушы жауап берді. Және 12 оқушы әлеуметтік желіде кақыт өткізу үшін пайдаланатынын білсек, 11 оқушы білім алу мақсатында қолданады екен. Ал қалған оқушылар басқа мақсаттар мен жұмысқа байланысты отыратын көрінеді. Оның қорытындысы 6 – суретте:

Ал жетінші сауалға келетін болсақ 17 оқушы өз пікірлерін білдірді. Және жауап берушілердің 11-і ғаламторсыз өмір сүруге болады деп жауап берсе, 6 оқушы өз ойларына сенімді емес екен. Әрине, бұл қуантады, бірақ бұл онлайн түрінде алынғандықтан кім білсін жұрттан қалмайн деп белгілеп жібермегендігіне кім кепіл. Ал бұл сауал қорытындысын 7 – суреттен нақтырап көре аласыздар:

Келесі сұраққа небәрі 17 жасөспірім жауаптан беріпті. Және осы оқушылардың 7 оқушысы ғаламторда «3-4 сағат»отыратындар көрсетсе, «1-2 сағат» және «өте көп» жауаптарын бес-бес оқушы белгілеген. Оның қорытындысы 8 – суретте:



Ал келесі «ғаламтор» тақырыбына қойылған соңғы 9-шы сұраққа 21 оқушы қатысты. Және «Ғаламтор» сөзін естігенде көп оқушылардың есіне, соның ішінде 11 оқушыға «GOOGLE» сөзі түсетін болса, 6 оқушыға «Әлеуметтік желілер», ал «Megaline» және «Кино,ойын» сөздері екі оқушыға түседі екен. Оған өздеріңіз 9 – суретке қарап көз жеткізе аласыздар:

Ал соңғы сұрағым осы сауалнаманың қалай өткені туралы болатын және бұл сұраққа 15 оқушы өз дауыстарын берген, олардың ойы бойынша 12 оқушыға ұнаған және олар ең жоғары рейтинг берсе 2 оқушы 1 және 2 рентингтерін берген. Бұл 2-ші кезекке жақсы деп ойлаймын. Егер әлі де ұнаса тағы да сауалнама жасауға жоспарлар бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет