Келісілді Уақыты Әдіскерлер Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Тәрбиеші: Тулеушева Қ Б



бет9/21
Дата26.08.2020
өлшемі147,5 Kb.
#77031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
алма бағы

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма.

Педагог балаларға мынадай тапсырмалар береді:



  • Жоғарғы қоршаудың ішіндегі шарлардысанап шығындар және төменде көрсетілген орынға сонша шар салыңдар.

  • Доптарды санаңдар және сендерде бос орынға сонша доптың суретін салыңдар

  • Қане неше доп неше шар салдыңдар?

  • Доп көп пе, алде шар көп пе?

Суреттерді салыстырады.

Жұмбақ шешу .

Төрт аяқты , тағанды

Тасиды ол адамды

Жанармайды құйып ап

Тез жүріп ол зулайды


Автокөлік

Мүйізінен ұстап ап,

Айдайды адам абайлап

Қане балалар ойланып

Табындаршы , бұл қандай ат?

Велосипед

Педагог балаларға 2 – тапсырманың суретінен велосипед пен автокөлікті тауып олардың неше дөңгелегі болса , сонша дөңгелекті бояуды тапсырады.


  • Велосипедтің дөңгелегі көп пе , алде автокөліктің бе?

«Екі шапалақ» ойыны

Жоғары екі шапалақ ,

Алға екі шапалақ

Енді қолды артқа ұстап

Қос аяқтап секіреді.

3- тапсырма. Алдымен педагог күз туралы өлеңді балаларға оқып береді:

Жапырақтар сарғайып

Жерге ағылып төгілсе,

Құстарымыз жиналып

Жылы жақты көздесе ,

Күз дегенің осы ғой

Жауын жауар жер тесе

Күз мезгіліне тән белгілерді естеріне түсіргеннен кейін , дәптердегі суреттердің арасынан күз көрінісін тауып , бояйды. Күз көрінісін бояу үшін қандай түстерді пайдаланатының айтады.

-Суретте бұдан басқа тағы қандай жыл мезгілдері суреттелген?

4-тапсырма. Педагог балалардан оң жақтағы суретті мұқият қарап, ондағы заттардың қалай орналасқанын айтып беруді сұрайды. Содан соң педагог балаларға мынадай тапсырма береді:


  • Енді екінші суретте күнді киіз үйдің оң жақ жоғарғы бұрышына , шыршаны сол жақ төменгі бұрышына салыңдар.

  • Екі суретті салыстырыңдар. Олардың бір-біріннен қандай айырмашылығы бар.

Балалар санап , 3 шардың суретін салады.

Балалар санап , 4доптың суретін салады.
Шеңберге қарағанда доптың біреуі артық , ал шардың допқа қарағанда біреуі кем.

Балалар жұмбақты шешім, жауабын айтады.


Балалар тапсырманы орындап , сұрақтарға жауап береді.


Балалар тақпақтың мәтіні бойынша жаттығулар жасайды.


Балалар өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарғ жауап береді.

Балалар жапырақтарды сары, сарғылт , жасыл түспен бояйды.

Қыс , көктем, жаз.

Кү н жоғарғы сол жақ бұрышында , киіз үй ортасында , шырша оң жағында.

Балалар тапсырма бойынша күн мен шыршаның орнын тауып салады. Екі суреттің айырмашылығын тауып айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет