Келісілді Уақыты Әдіскерлер Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Тәрбиеші: Тулеушева Қ Б



бет11/21
Дата26.08.2020
өлшемі147,5 Kb.
#77031
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
алма бағы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі : Жапсыру.

Мақсаты: қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту , балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету, техникалық қауіпсіздік ережелерітуалы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Билингвальді компонент: ит- собака, мысық-кошка, достар-друзья, үйшік-домик.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу.

Жұмбақ


Ырылдайды , үреді,

Үй маңында жүреді,

Иесін ол біледі,

Бөтен біреу келсе егер

Үріп белгі береді

Мақал


Ит адамның досы.

Жұмбақ


Түссе күннің шуағы,

Көзін жұмып алады.

Жылы жерді сүйеді

Беті-қолын жуады.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Иттер- ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді,үйді күзетіп, қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.

Пекинес- кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағанын , сипалағанын қаламайды.

Пудель- өзінің иесіне берілген, үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылық көрсетпейтін көнбіс ит. Балалармен ойнағанды жақсы көреді. Пудельдер еш себепсіз үре береді. Олар үнемі әдемі шаш үлгісін көрсететін көрмелерге қатысады , сәнқой ит.

Болдонка- сәндік көрнекі ит. Көрмелерге қатысады. Бұл иттер аурушаң келеді, сол себептен оларға дер кезінде екпе жасап отыру қажет.

Чау-чау – арыстанға немесе аюға ұқсайды. Олар өте байсалды , бірақ үйретуге келмейді. Өте сақ , иесіне адал болады.

Мысықтар адаммен бірге үйде өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың неше түрлі тұқымдары бар.

Ангор мысығы – көңілді , қылықты мысық. Ойынпаз, адамды жатырқамайды. Белсенді, үйірсек , кіммен болсын тіл табысады.

Сібір мысығы – ірі денелі , байсалды, сабырлы мысық. Қылықты , балалармен ойнағанды жақсы көреді , тіпті ересек мысықтың өзі де ойынпаз келеді. Жүні айрықша жұмсақ , үлпілдек болғанымен, ерекше күтімді қажет етпейді.

Канадалық және дондық сфинкс- жұмсақ , тыным таппайтын белсенді әрі байсалды және ешкімді жатырқамайтын мысық. Тіпті үйде пайда болған өзге хайуанаттарға да қарсылық білдірмейді. Балалармен жақсы ойнайды, жылы көрпенің астында ұйықтағанды жаны сүйетін , адамға емдік қасиеті бар мысықтар.



Суреттерді қызыға қарайды. Жұмбақты шешеді.

Жауабы: ит


Мақалды тыңдайды, қайталайды.


Жұмбақты шешеді, жауабы:мысық.

Қайталайды: шуақ , адал.

Педагогтің әңгімесін тыңдайды, иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағлұмат алады және ұсынылған иллюстрацияны қарайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет