Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет104/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   110
Ер-тұрман қүралдары.

Ер көпшік өмілдірік


тоқым қамшы құйысқан
ер-тоқым жүген тұсау
үзеңгі кісен өре
таралғы ауыздық шідер
терлік кеңсірік шідер балақтары
тесайыл сулық жабу
бектергі тізгін желітуіш
қанжыға сағалдырық аттарақ
шылбыр шылбыр сағалдырық
ноқта сияқты жабдықтары бар.


Көгілдірік дегенде көгілдірік,
Көк дөненге жарасар омілдірік, немесе
Төс жүген, алтын алқа, алқылдайды,

Қолында күміс қамшы жарқылдайды.
Ер-тұрман алтындаган жалт-жұлт етіп,
Қара жер басқан сайын солқылдайды,— деген халық
өлеңдері де ісмерлікпен жасалған ер-тұрманның аттың сәніне
сән қосатынын дәлелдейді.
Қалқымыз жылқыны жүрсе көлік, жесе ет, ішсе сусын деп
те бекер айтпаған. Етінің дәрулігі мен қымызының шипалығын
білмейтін адам жоқ та шығарар-ау. Француздар болса қазыны
емдік қасиеті бар деп бір тілімнен ғана кесіп жейтін көрінеді.
Мне, жылқы етінің қасиеті. Сол қазыны айналдыруға жылқының
қабырғасы еті мен майы түгелімен пайдаланылса бір жылқыдан
24 қазы шығады, иаки 12 қос қазы болады. Ол - телшік қос
қазы, бел қазы, сүр қазы
боп бірнеше түрге бөлінеді.
Ал жанға шипа, дертке дауа тіл үйірген бал қымыздың емдік
қасиетін қазақтан басқа да қалықтар ерте кезден-ақ білген.
Патшалық Ресей кезінің өзінде өкпе ауруына шалдыққандарды
жаз айларында қазақ саһарасына жіберіп, қымызбен емдеп
отырған. Қалқымыз жас кезінен жылқының етін жеп, қымызын
ішкен адам өкпе ауруына шалдықпайды,— дейді. Оның бұл
қасиеті жылқы түлегінің өкпе ауруымен ауырмайтындығында
жатыр. Қымыздың өзі түр-түрге, иаки 33 түрге бөлінген. Сау-
мал қымыз, кұнан қымыз, дөнен қымыз, бесті қымыз...
т. б.
Әр қымыздың өз орыны мен жоралғысы бар. Құнан қымызды
сырлас қонаққа құйса, денен қымызды көбіне ақындарға, ал
жауға шабар батырлар мен аса қадірлі қонақтарға бесті қымыз
тартылған. Бие байлап, қымыз ашытатын отбасылар әлі де
көптеп саналады. Қымыз тек сусын ғана емес, қаны аз, мешел,
екпе, жүрек ауруларына табылмайтын мың да бір ем екенін
білетін кез әбден жетті. Жанына еліміздің жылқыжаққан
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қақкап.
Мінсең ат, іиісең қымыз, жесең қазы,
Қашаннан қазақ қалқы жылқы баққан,— деп жырлаған дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтың осы бір ауыз шумағына төре түліктің көп қасиеті сыйып кеткендей.
Ата-бабаларымыз ат жарысын, ат сайысын өзінің ең сүйікті дәстүрі санған. Елдің қызығы - мереке-той думанның онсыз сәні келмеген. Бәйгі, көкпар, жорға жарыс, ат үстінен садақ тарту, найза лақтыру, аударыспақ, жерден теңге алу, қыз қуу сияқты жарыс, сайыс түрлері жастарды батылдыққа, ептілікке баулыған. Солардың ішінде өзгеше бөлек, орны ерекше деп санаған бәйгінің жөні бір бөлек. Бәйгінің түрі: тай бәйгі, құнан бәйгі, дөнен бәйгі, аламан бәйгі, ат бәйгі болып бөлінеді. Мұнда бәйгіге қосылған аттардың күші, аяқ алысы, екпіні ұшқырлы сан қырынан сынға түседі. Бәйгі — атқа ғана емес оған шабатын адамға да сын. Атқа отырған адамның қайсысы болса да бәйгіге қосылған жүйріктің алдыдан келуіне, аттың аяқ алысының ширақ отырып, көмбеге алқынбай, сергек келуіне назар аударып, аттың сынын да, сырын да аңғара білген. «Ат шаппайды, бап шабады»,- деген негіз бар. Аттың бәйгіден келуі оның болдырмауы ер-тұрманының дұрыс болуына да байланысты. Сондықтан да ер-тұрманының әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болуына да мән берген. Жүгені де жеңіл, тізгіні де мықты болуы керек.Онымен жайдақ та шабуға болады. Өте алыс қашықтықта өткізетін бәйгіні аламан бәйгі,- деген. Елу, жүз шақырымға дейін айдап, аттың басын күншілік жерден жіберіп, тік шапса, қазіргі кезде шеңбер бойынша тартылған сызықпен айнала шабады. Басқаны айтпағанда Абайдын , Жамбылдың 150 жылдығындағы өткен аламан бәйгілер ат жарысының құны түспей келе жатқанын аңғартады емес пе.
Қызықты да тартысты ат ойынының бірі — көкпар. Көкпар атының өзі айтып тұрғандай көкбөрі, деген сөзден келіп шыққан. Ертеден негізгі күнкөрісі төрт түлік малы болған Қазақтың



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   110




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет