Керекті құралдар: Ақын шығармаларының жинағы, портреті. Барысы: Жүргізуші



Дата01.07.2018
өлшемі29,57 Kb.
, Әдеби кеш.

Тақырыбы: «Мұзафар Әлімбаев – балалар ақыны»
Мақсаты: Ақының өмірбаянымен шығармашылығымен таныстыру, білуге үйрету. Ақын өлеңдерінің қазақ балалар әдебиетіндегі орнын таныту. Ақын өлеңдерін бала тілін дамытуға пайдалану.

Керекті құралдар: Ақын шығармаларының жинағы, портреті.
Барысы:

Жүргізуші:

Балалар, білесіңдер ме,

Эфирден ақтарылып жыр есілгенде,

Осыны біздерге арнап кім жазды деп,

Атына көңіл қойып жүресіңдер ме?

Атына көңіл қойып жүрсіңдер ме,

Жасы үлкен жақын достарың,

Білесіңдер ме?…

“Балдырғанды” шығарып,

Сан ұрпақты

Қанша жыл жырларымен таңырқатты.

Айтады мың алғысын ағаларың

Өлеңнің татып өскен балын тәтті.

…Білмесеңдер, балалар,

Біліп алыңдар,

Кәрі де, жас та,

Бала да…жырына құмар

Тоқсан екіге бүгін Мұзафар аталарың.

Мұзафар Әлімбаев!

Ұғып алыңдар.



Ертеңгілік “Алтай вальсі” әнімен басталады.

Сөзі: М.Әлімбаевтікі, әні: Р.Байқадамаовтікі
Жүргізуші: - Салематсызба, балалар, үлкендер! Еслам Зікібаев ағаларың жырлағандай, бүгін балдырғандар елінде үлкен той. Республикамыздың айтулы ақыны Мұзафар Әлімбай аталарыңның есімін білмейтін кісі кем де кем. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін біледі десек, қателеспейміз. Өйткені Мұзафар атамның өлең - тақпақтарын тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиден бастап жаттап, өлеңіне жазылған әндерді шырқап өседі. Мұзафар аталарыңның өздеріңе арнап жазған өлең-жырлары да том-том. Өлеңдер, дастандар ғана емес, әңгімелер дейсің бе, эссе, естеліктер дейсің бе, мақал-мәтелдер дейсің бе, аудармалар дейсің бе - толып жатыр. Сан ұрпақты көптеген жылдар ішінде жырларымен сусындатып, таңырқатқан Қазақстанның халық жазушысы, туған республикамыздың Әнұранының авторларының бірі - Мұзафар Әлімбай сексен жасқа толып отыр. Балалар, бүгінгі ертеңгілігімізге бәріңе жақсы таныс “Аяның алақаны” кітапшасының кейіпкері Ая қызды шақырайық. Ол аталарың туралы көптеген қызықты әңгімелер алып келді.
Мұқабасына “Мұзафар ата өлеңдері мен ертегілері” деген жазуы бар үлкен кітапты қолына ұстаған Ая роліндегі қыз бала келеді.
Ая: Балалар, сәлеметсіңдер ме? Мен “Аяның алақаны” кітабының кейіпкері – Ая қызбын және ақын Мұзафар аталарыңның туған немересімін. (Қолындағы кітапты ашып) Біз бүгін атамыздың балаларға арнап жазған өлеңдерімен танысамыз. Достар, мен жалғыз келген жоқпын, менімен бірге сендердің сүйікті жыршыларың Мұзафар атаның шығармашылығымен жақсы таныс, кішкене кезінен оның өлеңдерін сүйіп оқитын Білгішбекті және еріншек бала туралы ертегісінің кейіпкері Ертеңбайды бірге ала келдім.

Білгішбек ортаға шығып балалармен амандасады. Ертеңбай келе қоймайды.

Ая: Ертеңбай, қайдасың? Балаларға келіп амандассаңшы.

Есіктің арғы жағынан Ертеңбайдың даусы естіледі.
Ертеңбай: Ая, мен саған айттым ғой, балаларға ертең барайық деп.
Білгішбек: Осы, Ертеңбай-ақ ертең, ертең деуден жалықпайды. Ертеңбай, балабақшадағы балалармен кездесуіміз ертең емес, бүгін ғой, тездетсеңші.
Ая: Еріншектер елінде

Болған екен бір бала:

Текке келген өмірге

Түк түсінбес дүңгәна.

Шөпшек теріп қырдан көп

Әкел!- десе анасы,

Қойшы, ертең де күн бар!- деп

Кіржиіпті баласы.


Балалар, Ертеңбайды таныдыңдар ма?
Аяғын әрең басып Ертеңбай келеді.
Ертеңбай: Мен Мұзафар атамыздың “Еріншектер елінің еріншек Ертеңбайы” ертегісінің кейіпкері - Ертеңбаймын. Балалар, мына Ая мен Білгішбек жол бойы атамыздың қызық-қызық тақпақ, аңыз-ертегілері бар екенін айтып келді. Мен…, мен болсам ештеңе білмеймін. Бәрін ертеңге ысырып келе жатырмын. Білгішбек, сенің әңгімелеріңді мен де тыңдайыншы.
Білгішбек: Жарайды, Ертеңбай, тыңда. М.Әлімбай атамыз балаларға арнап жазған өлеңдерінен басқа үлкендер поэзиясы, қазақ әдебиетінің дамуы, тіл тазалығы, жекелеген қаламгерлер шығармашылығы, тағы басқа мәселелер туралы жүздеген мақала, эсселер, көптеген әннің өлеңін жазған қаламгер. Оның “Менің ойыншықтарым”, “Балдәурен, шіркін, балалық”, “Ақсерек те көксерек”, “Аспандағы әпке” секілді үлкен - үлкен кітаптары көпшілік көңілінен шығып, ондаған жылдар бойы кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің сүйікті кітаптарына айналды.
Ая: (Тағы да қолындағы кітапқа үңіліп) Мұзафар ата - бала көңілін тауып, бала болып ойлап, бала сияқты жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жирене білген, сол үшін де балаларға арнап ой тербеген қаламгер. Әрі бағбан, әрі бапкер, әрі сазгер, әрі ұстаз. Өмірге енді-енді өз көзімен қарай бастаған жанның зердесі сұлулық ұялата алса, қандай ғанибет! Үлкендер ақыны, аудармашы, сыншы, очеркші, ән - өлеңші, ұстаз - атамыздың өзіндік орны бар бұл қырларының қай - қайсысы да қымбат. Көріп отырсыңдар, менің атам – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер болып шықты. М.Әлімбай дана бола білгендіктен де оның өлеңдерінде мол білім, алуан өмір шындығы, әдіс - тәсілдер әртүрлілігі, жанр байлығы кездесіп отырады. Бұған жинақтарындағы кез келген өлеңі бір куә десек, таразыланбаған талай - талай ертегі, аңыз, ойын-өлең, өтірік өлең, жұмбақ- жаңылтпаштар тағы айғақ.

Жүргізуші: - Дұрыс айтасын, Ая. Біздің балалар, атамыздың аңдарға, құстарға байланысты нақыл сөздерін жатқа біледі.

Балалар нақыл сөздер айтады.

Құстар:

  • Қазым, қазым, қаңқылда,

Суда жүзіп, салқында.

  • Балық ілгіш шағала,

Көк теңізді жағала.

Қалбалақ та қаңғалақ.

  • Хат тасиды көгершін,

Сол хаттарды ел алсын!

  • Түйе құсты кем көрме,

Аттан озар желгенде.

Аңдар:

  • Аю-туа бал құмар,

Тәттіні іздеп қаңғырар.

  • Ұрланып кеп Шибөрі,

Өлексені сүйреді.

  • Май басқан Борсық-

Қампиған торсық.

  • Бұлан –орман тұрғыны,

Қораңа келер бір күні.

Жүргізуші бала: Қазақ халқы үлгі-өнегеге бай салт-дәстүрі өте көп. Олар халқымыздың ғасырлар бойғы тұрмыс-тіршілігін бойында сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп келеді. М.Әлімбай аталарың халық аузынан жинаған және тәрбие туралы ой елегінен өткізіп түйіндеген төл мәтелдері дерлік туындылары мақал-мәтелдері өте көп. Балалар, мен сондай мақал-мәтелдердің бірнешеуінің алғашқы бір жұбын ғана айтамын, ал сендер оны ары қарай жалғастырып, екінші жұбын тауып айтасыңдар. Ал, қане, кім тапқыр екен?

Ақынның төл мақал-мәтелдерінен:



  • Түзу болса өз ісің-

Қисықтардың тезісің.

  • Көп сөйлеген мылжың емес,

Көкіп сөйлеген-мылжың.

  • Елдікті баяндау,

Ерлікке даярлау.

  • Тәтті жеміс бұтақта,

Құттың құты кітапта.

  • Отауың тар болса да,

Отаның кең болсын.

  • Жалқау аға, жасық іні.

Жасытады асылыңды.

Жүргізуші бала: Жарайсыңдар, балалар! Бұл жолы да тапқыр, білімді екендеріңді көрсеттіңдер. Ал енді мен сендермен жұмбақ жарысын өткіземін. Ендігі кезек жұмбақтардыкі. Барлығың дайынсыңдар ма?

Балалар: Дайынбыз.

Су ішінде өскен тау,

Су бетінде көшкен тау. (Айсберг)
Түйістіреді көзіңді көзіңе,

Жолықтырады өзіңді-өзіңе. (Айна)


Ешкім ілмеген шымылдық,

Көкжиекте көлбейді.

Бүктеуіңе көнбейді,

Сипауға да келмейді. (Сағым)


Төңкерілмейтін күбі,

Көтерілмейтін күбі.

Шүпілдеп-ақ тұрса да,

Көрінеді түбі. (Құдық)


Тұрады көтеріп

Жеңілі ауырды…

Ғұмыры өтеді

Қарық қып қауымды (Ошақ пен қазан)


Жауып алсам қақпамды,

Орнатамын ақпанды.

Ашық қойсам қақпамды,

Дей бер шілде боп қалды. (Тоңазытқыш)


Ұзын-ұзын, ұзын жіп,

Ұшына шыққан жан бар ма?

Ілби басқан ыбылжып,

Ұшына шықпас жалғанда. (Жол)



Жұмбақтар шешіледі

Жүргізуші бала: Ендігі кезекті жаңылтпаштар айтысына берейік. Кәнекей, кім шешен екен! Мықты болсаңдар, жаңылмай қайталай қойыңдар!

Балалар жаңылтпаштар айтады:

Сең сел емес,

Сел сең емес,

Мен сен емес,

Сен мен емес.
Шағай

Ағай,


Жанат ағайға:

Келгенің жай ма?-десе,

Жанат ағай

Шағай ағайға:

“Анау жаңа Ай ма?”-депті.
Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым

Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.


Шұңғыл шұңқыр,

Шұңқыр шұңғыл.


Іске тіл ілесе алады,

Тілге іс ілесе алмайды.

Дән-дәулет,

Дәулет-дән,

Сән-сәулет,

Сәулет-сән.

Сауын бие ұстаған саба ыстайды,

Саба ыстаған сары қымызды

Бабында ұстайды.
Ертеңбай: Достарым, қалай ойлайсыңдар, балаларға арналған өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар қандай болуы керек?

Балалардың жауабы:


  • Балалар өлеңдері қызықты, тартымды, өмірден алынған оқиғалар болу керек.

  • Белгілі бір адамның не хайуанаттың әрекетін, адалдығын не арамдығын, батырлығын не бостығын, достығын не қастығын суреттейтін қызық оқиғалы болу керек.

  • Балаларға арналған өлеңдер жаттап алуға оңай болу керек.


Білгішбек: Бір сөзбен айтқанда өмірден алынып, ғылыммен дәлелденген шындыққа негізделген аңызға ұқсас болса дейсіңдер ғой.
Ертеңбай: Жарайды, “Қаңбақ шал” сияқты тапқыр, “Ертөстік” сияқты батыл болғыларың келетін шығар. Бірақ, менің түсінбейтінім, жаңа электронды технологиялар ғасырында өмір сүріп, жаңалықтар ашылып, ғарыш пен айға ұшып жатқан кешегі “ұшқыш кілемдердің” шындыққа айналған кезінде ертегінің не керегі бар?
Білгішбек: Еріншек Ертеңбай, мені тыңда. Ертегінің аты ертегі. Қанша заман өзгергенмен баланың аты бала. Осы отырған бәріміздің де алып адамдардың ортасында болып, су астындағы қалаларға саяхат жасағымыз келеді. Күнделікті көріп жүрген үйреншікті нәрселерден гөрі біздерді ертегі мен аңыздардың сан қилы оқиғалары еліктіреді. Мұзафар атамыз жазған ертегілер шындық өмірге жақын болып келгендіктен, біз қызыға оқимыз.
Ая: Мұзафар атаның “Қарағай неге ұзын, жыңғыл неге жатаған, тобылғы неге қызыл болған?”, “Көкек неге “көкек” дейді?” “Тауыс неге қызыл-жасыл?”, “Қарға неге қара?”, “Алатаудың баурайында”, “Көк кілем”, “Еріншектер елінің Ертеңбайы туралы” аңыз-ертегілері кім-кімді де жалықтырмайды деп ойлаймын.

Ертегіні кейіптендіру.

Ая: Жарайсындар, балалар! Балалар, біздің арамызға ақын атамыздың өлеңдерін жатқа оқитын балалар да келіп отыр. Қазір соларды ортамызға шақырмыз.

Балалар М.Әлімбай өлеңдерін жатқа оқиды.
Білгішбек: Балалар, орыстың Пушкин, Чуковский, сияқты көптеген елдің балалары сүйіп оқитын жазушыларын білетін шығарсыңдар.Біздің сүйікті жазушымыз Мұзафар ата мен бұл жазушылардың арасында қандай байланыс бар деп ойлауларың мүмкін. М.Әлімбай балаларды мақтаншақтық пен қызғаншақтық, өзімшіл менмендік пен даңғойлықтан сияқты жағымсыз қасиеттерден арылып, көпшілік пен бауырмалдыққа шақырады. Ол әйгілі орыс жазушылары Самуил Маршак, Корней Чуковский, Агния Барто сияқты құстар мен аңдарды сөйлетіп, соларды достастыру арқылы балаларды жақсылыққа жетелейді. Бұған “Қорбаң аю”, “Құмырсқалар”, “Жорға торғай” сияқты өлеңдері дәлел.

Құстар тойында” әң.


Ертеңбай: Ая, сен Мұзафар атаның үлкен әдебиетке қалай келгендігі, бала кезінде кім болуды армандағаны туралы білесің бе?
Ая: Әрине, ол туралы атамның өз аузынан естідім де, оның естеліктерінен де оқыдым.
Ертеңбай: Ендеше, бізге де айтып берсеңші.
Ая: Әр ақын-жазушының үлкен әдебиетке келер өзіндік жолы болады екен. Менің атамның да өлең, жырға, әсем әнге әуестігі ана сүтімен бойына дарыған. Тумысынан ақынжанды, өнерпаз анасы Зейнеп халық ауыз әдебиетіндегі қисса, дастандарды жатқа айтатын болған. Абайдай ұлы адамның өмірде болғанын, ғұлама ақынның әнге жазылған өлеңдерін де тұңғыш анасының айтуымен барып білген. “Жас жеткіншектің жан-дүниесіне рухани нәр беретін нәрсе ананың ақ сүті, ананың әлдиі, ананың бесік жыры мен ананың әсем де әсерлі әңгімелері,”-деп Мұзафар атам әрқашан тебірене айтады.
Білгішбек: Балалар білесіңдер ме, Мұзафар ата 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастайды. 6-сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, “Бауырсақтан” бастап, “Батырлар жырымен” жалғастырып, Пушкиннің 4 томдығын тауысады. Өлең жазуды мектеп қабырғасында бастап, 16 жасында анасына арнап жазған тұңғыш өлеңі мерзімді баспасөзде жарияланады. Бұл үлкен өнер жолына деген алғашқы баспалдағы еді. Қазір Мұзафар атамыздың сөзіне жазылған И.Жақановтың «Бесік жыры” әнін тыңдайық.
Білгішбек: Балалар, қалай ойлайсыңдар, ойыншықпен ойнамайтын бала бола ма? Әрине, болмайды! Бүлдіршіндердің өмірін ойыншықсыз көзге елестету мүмкін емес! Енді кезекті ойыншықтар туралы «Ойыншықтар» өлеңіне берсек.

Тақпақтар.
Жүрмейсің бе абайлап,

Болмасаңшы ұрыншақ!

Асыр салып көп ойнап,

Ақсап қалдың құлыншақ!


Ашытпайды көзіңді,

Шомыла ғой, балақай!

Қарашы енді өзіңе,

Аппақ болдың, алақай!


Түсті түймең үзіліп,

Неге қадап алмайсың?

Тұр ғой әне ине-жіп,

Неге ұқыпты болмайсың?


Мектебіне ертемен

Баратұғын бала аз ба?

Апарамын ертең мен

Машина тұр гаражда.


Шырылдама, әндетпе,

Бұлбұлым, ертең жырларсың.

Папам келді қызметтен,

Ұйықтап біраз демалсын.


Тиіспе, күшік, қоянға,

Тентектікті қойыңдар!

Кикілжің жоқ араңда,

Тату-тәтті болыңдар!


Ая: Бұл әдемі, әсерлі өлеңді білмейтін бала араларыңда сірә, сирек болар. Ақын атам кішкентай кейіпкерінің тілімен ойыншықтар әлеміне бала көзімен қарап, тіл бітіріп жіберген. Қыз бала күллі ойыншықтарын тәртіпке шақырып, оларға татулық пен бірлік тілейді. Ал, балалар атамның мен туралы, Ая қыз туралы жазған өлеңдерін білесіңдер ме?

Тақпақтар.

Айналайын Аяның

Алақаны аялы:

Ая - біздің мейірбан,

Досынан жоқ аяры.
Айналайын Аяның

Алақаны аялы:

Қолда барын достардың

Алдына әкеп жаяды.

Айналайын аяның

Алақаны аялы.



Ертеңбай: Мұзафар Әлімбайдың көптеген өтірік өлеңдері тақырып, таным жаңалығымен ерекшеленеді.

Білгішбек: Балалар, ендігі кезекті “өтірік өлеңшілерге” берсек.
Өтірік өлең оқитын балалар ортаға шығады.
Қақ жарып шоғын жұлдыздың,

Ұшқанын көрдім құндыздың.

Құдықтың суын төктім, төңкердім де,

Теңізді жалдап өттім, жөн көрдім де.


Құлынның мүйізіне мініп аттай,

Бүгін –ақ барып қайттым ертең күнге.


Алдайды деп аптықпа,

Үйір емен дақпыртқа:

Ай қасында түнедім,

Орандым да ақ бұлтқа.


Ұлу озды елікпен жарысқанда,

Тышқан жеңді аюмен алысқанда.

Арбама атты қойып, қоңыз жектім,

Бір емес қатарынан тоғыз жектім.



Ертеңбай: Шәкірт болсаң,

Шоқандардай озық бол,

Оқу-білім бейнетіне төзіп көр.

Ертеңгі істі бүгін ойлап, бейімде,

Бүгінгіңді ысырма тек кейінге.

Қадари-хал талабы бар әркімнің,

Жастан шырқа әнін туған халқыңның.

Кітап құмармен сырлас бол,

Кластастармен мұңдас бол.

Қылқалам, бояу сөйлесін,

Сал туған ауыл бейнесін!

Үлкеннен үйрен,

Кішіге үйрет.

Жаманнан жирен,

Тозғанды күйрет, - деп Мұзатамыз маған да, сендерге де өсиет жолдапты. Достар, мен сендердің орталарыңы келгеніме қуанып тұрмын. Өзім сияқты Жалқаубай, Ертеңбай, Олақбайларға: кітапты көп оқып, өлең-жыр, аңыз-ертегімен дос болыңдар демекпін!
Ая: Атам - кітап, мен – дәптер,

Ақыл толы сөзіне.

Қызығам да, әлбетте,

Көшіремін өзіме.

Еш дүкенде сатылмас

Тегін кітап - сарқылмас

Өмір – кітап - атамыз!

Беттері ашық ұдайы,

Оқылатын кітап ол.

Сырын ашып ұдайы,

Тоқылатын кітап ол.

Еш дүкенде сатылмас

Тегін кітап - атамыз!

Қанша оқысаң, сарқылмас

Өмір-кітап - атамыз!

Қонақтар балалармен қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Міне, достар, мерекеміз аяқталуға жақын қалды. Келіңдер, жыр ақсақалы – Мұзафар атамыздан ақ бата сұрайық. Соңғы сөзді (бір баланың аты аталады) берейік. Ол бізге Мұзафар атамыздың ақ батасын оқып береді.

…Бола білсең, Күндей бол,

Барлық жұртты бірдей көр

Мейіріңді аямай

Жылуыңды бірдей бөл…
Жүргізуші:

Әумин,батаңыз қабыл болсын дей отыра.



Алдымызда аман-есен жүріңіз,-деген жыр жолдарын арнағымыз келеді.

Әдеби кеш.

Тақырыбы: «Тұманбай Молдағалиев – өмірі мен шығармашылығы»
Мақсаты: Ақының өмірбаянымен шығармашылығымен таныстыру, білуге үйрету. Ақын өлеңдерінің қазақ балалар әдебиетіндегі орнын таныту. Ақын өлеңдерін бала тілін дамытуға пайдалану.

Керекті құралдар: Ақын шығармаларының жинағы, портреті.
Барысы:

Жүргізуші:

Т.Молдағалиев 1935 ж Алматыоблысы, Жерсу деп аталатын ауылда дүниеге келген. Тұманбай пооэзиясымен туған елге,  туған жерге, Отанға ата мен анаға, дос құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне  ұялатып келеді.
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет