Кештің барысы Күй ойнап тұрады, екі бастаушы ортаға шығады. Бастаушы: Құрметті- асыл аналар, Қадірлі- ұстаздар, Қырмызы қызғалдақ- қыздар! Бастаушы


-наурыз мерекесіне арналған сценарий



бет5/16
Дата06.02.2022
өлшемі64,33 Kb.
#80837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
8наурыз
Асыл анам шығарма, Алтын адам сл, 8 наурыз, сұрақтар, zhb adebiettik-oku 2kl kaz, СӨЖ-10 Фил Ақатай Аяжан, Мдл Се 7, !16 ОШ ТЖБ Әдебиет 7-сын қаз, Эссе
8-наурыз мерекесіне арналған сценарий Ана, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жасын тыйатын ана. Ана баланың амандығын , бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киелілігімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялы алақанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет