«Кәсіби-бағытталған шетел тілі» (ағылшын тілі) пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
M059 Шетел филологиясы (ағылшын)
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Бітіруші курс студенттерін кешенді тестілеуден өткізу үшін дайындалған тестің әр нұсқасы 20 тапсырмадан тұрады. Ондағы әрбір пункт бойынша ұсынылатын 5 жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігі бар. Тапсырмалардың мазмұны типтік оқу бағдарламасына сәйкес. Тест тапсырмалары Кәсіби-бағытталған шетел тілі негізгі факторлары мен заңдылықтарын студенттердің қаншалықты ғылыми тұрғыда меңгергенін тексеруге арналған.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны: Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы: Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.