Кәсіби іссана өткен орын


ТАРАУ Кәсіби іссана өткен орын



бет2/9
Дата11.03.2023
өлшемі13,35 Mb.
#171936
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Каиржанов.отчет 3 курса

1 ТАРАУ


Кәсіби іссана өткен орын

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, «Исағали» ЖШС-гі. Астана қаласынан 600 шақырым шамасындай. 2003 жылы құрылған шаруашылықтың негізгі бағыты дәнді дақылдарды өсіру және жергілікті халықты астық өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Шаруашылық директоры бұйрығы бойынша Ақшоқ ауылы №3-ші бригадаға жіберілдім. Шаруашылық негізінен егіншілікпен айналысады. Жалпы егістік жер көлемі 20195 гектар, оның ішінде бидай 11291 гектар, арпа 1004 гектар, сұлы 300 гектар, рапс 7000 гектар, қарақұмық 50 гектар, мал азықтық 350 гектар, бір жылдық шөптер 200 гектар жерге себіледі. Ал №3-ші бригаданың жалпы жер көлемі 7000 гектар, барлық жаздық дақылдар 5260 гектар жерге себіледі. Оның ішінде бидай 3152 гектар, арпа 234 гектар, сұлы 59 гектар, рапс 1815 гектарға себілді. Ауыл шаруашылығы техникаларымен толық қамтамасыз етілген. Жер пайдалану жағдайы төмендегі кестеде көрсетілген.


1 кесте - 2010 ж «Исағали» ЖШС-нің жер пайдалану жағдайы





Жерлер

Га

%

Жалпы жер аумағы

26056

100

Барлық ауыл шаруашылық жерлер

25494

97.8

Оның ішінде жыртынды

21470




Шабындықтар

1924




Жайылымдар

2100




Үймаңы учаскелері

562

2.2

Шаруашылықтың жалпы жер аумағы 26056 гектар, оның ішінде 97,8% - ын барлық ауыл шыруашылығы жерлері алып жатыр. Ал жыртынды жерлер аумағы 21470 гектар, шабындықтар 1924 гектар, жайылым 2100 гектар. Үй маңы учаскілері 526 гектар жерді алып жатыр.


1 кесте - 2010 ж. «Исағали» ЖШС шаруашылығының №3-ші бригаданың жер пайдалану жағдайы

жерлер

га

%

жалпы жер аумағы

7000

100

барлық шаруашылық жерлер

7000

100

оның ішінде жыртынды

5260

75.1

шабындықтар

740

10.6

жайылымдар

1000

14.3

үй маңы учаскілері

-

-

бұдан басқа шаруашылықтың қысқа мерзімді пайдалануындағы жыртынды жерлер

-

-

№3 бригаданың жалпы жер аумағы 7000 гектар болса, оның ішінде жыртынды жерлер 5260 гектар, шабындық 740 гектар, жайылым 1000 гектар жер. Үй маңы учаскілері есепке алынбады. Қысқа мерзімді пайдаланудағы жыртынды жерлер жоқ.

2 кесте - Шаруашылықтың мамандануы (орта есеппен 2 жылда 2008-2009)





өнім түрлері

сату, ц

сатудан түскен қаржы, мың тг

тауарлы өнім құрылымы, %

Бидай

27546

41319000

8.4

Арпа

2600

2860000

0.6

Сұлы

567

623700

0.1

Рапс

18456

73824000

15.0

барлығы




490497700

100

Шаруашылықтағы сатудан түскен қаржы орта есеппен 2008 – 2009 жылы 490497700 теңге болды.




Шарушылықтағы барлық техникалармен және онымен қамтамасыз етілуі.
Машина - трактор паркін қазіргі кездегі жағдайы.
Республикада 137,2 мың шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар , 45,5 мың астық жинайтын комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7 мың тұқым сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар. Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан стам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері алынған.
Өткен жылы 4,2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды:
- тракторлар – 1117 дана;
- астық жинайтын комбайндар – 1605 дана;
- тұқым сепкіштер – 819 дана;
- егіс кешендері – 394 дана;
- дестелегіштер – 308 дана.
2007 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат – 8,1 млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде:
- тракторлар – 586 дана;
- астық жинайтын комбайндар – 656 дана;
- тұқым сепкіштер –303 дана;
- дестелегіштер – 140 дана.
Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жағдай жасады. Жақын және алыс шет елдереде сатып алынған жоғары өнімді, қуатты техникалар:
- ауыл шаруашылығы өндірісін 2002 жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етілуін 19,5 % жоғарлатуға;
- қысқа агротехникалық мерзімде жалпы егістік техникаларын
4,9% құрайтын егіс кешендерімен 35,2 % дәнді дақылдар егістігіне тұқым себуге;
-жалпы астық жинайтын комбайндар санының 22,3 % құрайтын соңғы жеті жылда сатып алынған астық жинайтын комбайындармен дәнді дақылдар егісінің 40 % жинауға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы. Республикамыздың өнеркәсіптік қарқынын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы 120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50 кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер, жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқаш, сыдыра қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары (дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және қосалқы
бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады.
Шамамен 20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып табылады. Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15 % ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының тозуы 43-80 %, ал машиналар мен жабдықтардың тозу 40 %-ға дейін құрайды. Технологиялық үдерістермен жабдықтар тозып, озық технологиялар қатарынан қалып қойды. Кәсіпорындар ескірген конструкциядағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығарады, тракторлар мен комбайндарды шығару өндірісі жоқ. Сонымен қатар, осы заманға сай маркетингті, сату, делдалдық және басқа да қызмет көрсету кәсіпорындары жоқ. Ауыл шаруашылығы машиналарын, тораптарын, агрегаттарын және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау қазіргі уақытта ішкі өндіріске қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде. Қазақстан Республикасы аймағында импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында өндірісте жоқ техникаларды біріккен жинау кәсіпорындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы айналым өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес жылда 17,6 млрд. теңге көлемінде бағаланған. Оның ішінде елімізде 15,9 млрд. теңге, экспорт – 1,7 млрд. шамасында. 2007 жылы ауыл шаруашылығы техникаларынын және қосалқы бөлшектерді шығару көлемі 6,7 млрд. теңгені құрады.

3 кесте - 2010ж. «Исағали» ЖШС №3 бригадада бар техника және онымен қамтамасыз етлуі





Машиналар мен құралдар

Саны

Жүктемесі

нақты

нормасы

±

Тракторлар, барлығы

8










Джон Дир

1










Форд

1










К-700

2










МТЗ-82

4










Комбайндар, барлығы

4










Класс

1

180

200




Вектор

2

180

200




Енисей-1200

1

20

25




Сепкіштер, барлығы

2










Бурго

1

120

150




Джон Дир

1

100

150




Агрегаттар, барлығы

3










Дигельман (тырма)

1










ОП-2000 (бүріккіш)

1










Ураган 74 (бүріккіш)

1










Жүк тасымалдағыштар, барлығы

6










КАМаз

3

20

25




ЗиЛ

2

25

30




МАЗ (кран)

1

























Шаруашылықта шет елдік тракторлар «Джон Дир», «Форд» бір данадан бар, ал отандық тракторлардан К-700 екеу болса, МТЗ-82 төрт дана бар. Комбайндар негізінен Ресей өнімінен «Вектор» екеу, «Класс» біреу және «Енисей-1200» бір дана бар. Шет елдік пневматикалық сепкіштерден «Бурго» және «Джон Дир» бір-бірден бар. «Дигельман» тырмасы біреу, ОП-2000 және Ураган-74 бүріккіштері бір данадан. Жүк тасымалдағыштардың жалпы саны алтау, оның ішінде КаМаз үшеу, ЗиЛ екеу және бір МАЗ жұмыс атқаруда







1 сурет. Джон Дир кешенді сепкіші

4 кесте - Шаруашылықтың астық, көкөніс және картоп қоймалары





қойма түрі

саны

сиымдылығы, т

нақты құйылғаны, т

қамтамасыз етілуі, %

астық қоймасы

1

3000

2300

77

астық қоймасы

1

3000

2039

68

барлығы

2

6000

4339

72,5

Астық қоймасы сиымдылығы 3000 тоннадан 2 дана бар, оның осы жылғы қамтамасыз етілуі 72,5 пайызды құрады.


«Исағали» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мал шаруашылығы дамымаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет