Кәсіпкерліктегі маркетинг қызметі Джей Конрад Левинсон Партизандық Маркетинг Саласындағы Әлемнің Үздік Маркетологі


- бұл бәсекеге қабілетті, дамып келе жатқан арна



бет10/11
Дата23.02.2023
өлшемі0,92 Mb.
#169893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лекция 2-3 Маркетинг қызметі 2
№1 РГР (1)

- бұл бәсекеге қабілетті, дамып келе жатқан арна;

- шығын жұмсауды талап етпейді – мұндай сервистерде қарым- қатынас жасау тегін;

- мақсатты аудиториямен тығыз және тікелей байланыс.

Мессенджерлердің кемшіліктері:

- пайдаланушылар теріс реакция жасауы және таратуларды спам деп қабылдауы мүмкін;

- ниеттес аудиториямен қарым-қатынас жасау әдістерінің өзектілігі.

SMM Маркетинг Және Оның Қажеттілігі

SMM басқа жарнама түрлерінің алдында қандай артықшылықтары бар екенін қарастырайық.

- барлық әлеуметтік белсенді адамдар әлеуметтік желілерде көп уақытын өткізеді. Ал кез келген заманауи кәсіпкерліктің клиенттері – әлеуметтік белсенді адамдар;

- төмен баға (SMM-менеджерді өзі жүргізу немесе жалдау мүмкіндігі). Теледидар, радио, билборд және т.б. жарнама орнының құнын салыстырсақ, бұл – айқын артықшылық;

- күн сайын жаңа посттар жазу мүмкіндігі. Егер бизнесмен теледидарға жарнама берсе, ол белгілі бір уақыт ішінде өзгертілмей беріледі. Әлеуметтік желілерде қоғамдағы кез келген оқиғаларға жедел жауап беруге болады;

- мақсатты аудитория кеңірек қамтылады. Сіз теледидардағы жарнамаңызды көрермендердің қарайтынына сенімді бола алмайсыз.

Әлеуметтік желілерде сіз пайдаланушылардың жасы, жынысы, тұрғылықты жері және тіпті қызығушылықтарын көрсете отырып, жарнаманы сұрыптай аласыз! Осылайша, сіздің нақты өз клиенттеріңізге шығу мүмкіндігіңіз артады;

- клиенттермен кері байланыс. Сіздің жарнама қызықты болды ма, ақпарат табыс әкелді ме, сізге нені жақсарту керек? Егер сіз пайдаланушылардан кері байланыс ала алмасаңыз, бұл сұрақтарға жауап беру қиын. Әлеуметтік желілер пайдаланушылармен онлайн режимінде қарым-қатынас жасауға көмектеседі – сіздің өнімдеріңіз бен қызметтеріңізге олардың реакциясын біліп қана қоймай, сонымен қатар сұрақтарға жауап беруге, мәселелерді шешуге болады және т.б.

Әлеуметтік желіні таңдау

Әлеуметтік желіні таңдау

  • Бизнеске қандай платформаларды таңдау қажеттігін анықтау үшін, ең алдымен, сіздің мақсатты аудиторияыңыз – сіздің өнімдеріңіздің немесе қызметтердің соңғы тұтынушысы кім екенін түсіну қажет.
  • Бүгінгі таңда Қазақстанда жас санаттары бойынша ең танымал үш әлеуметтік желіні бөліп көрсетуге болады:
  • 1) VK (13 жастан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер). VК жасөспірімдерге арналған қызметтерді немесе өнімдерді жарнамалау үшін жарамды;
  • 2) Instagram (әйелдер аудиториясы басым, бірақ желі жасөспірімдер арасында да танымал, бірақ жыл сайын ерлер аудиториясы да артып келеді). Instagram әйелдерге арналған қызметтер мен өнімдерді жарнамалауға (киім, сұлулық салоны, балалар киімдері және т.б.) қолайлы. Instagram – құны 50 000 теңгеге дейін тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін тамаша алаң. Сондай-ақ Instagram шағын Интернет- дүкенінің «міндетін» атқара алады, өйткені фотосуреттер форматы ассортиментті жақсы көрсетеді. Желі сондай-ақ визуалды көрсетілуі маңызды саяхат, дизайн, ивент және т.б. маңызды кез келген тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін тамаша жұмыс істейді;
  • 3) Facebook (25 жастағы және одан жоғары жастағы адамдар, негізінен тұрақты табысы бар жұмыстарды атқарады). FB 25 жастағы және одан жоғары жастағы адамдарға арналған кез келген тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін қолайлы. FB, сондай- ақ, егер контент визуалды емес, ақпараттық сипатта болса қолайлы. Іс- шаралар жасау және оларға пайдаланушыларды шақыру мүмкіндігі әр түрлі оқиғаларды жарнамалау үшін пайдалы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет