Кәсіптік білім беру ұйымдарының о блыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет232/232
Дата13.12.2021
өлшемі2,01 Mb.
#100338
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   232
Байланысты:
Шешенд3к онер алиппеси Бокей
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
30-сабақ

Тақырыбы: Белгі- рәміз және белгі- көшірме

Мақсаты: Оқушыларға заттардың бір- бірлеріне ұқсап не ұқсамайтыны туралы. Заттардың түп нұсқа немесе көшірмелер туралы мағлұмат беру.

Әдісі : түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесі, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: журнал, рәміздің суреті, белгілер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.



Отан –жерім,Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді 

ІІ. Қызығушылығын ояту

Сөз жұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбы шығады




  1. 1

    Р

    а

    у

    ш

    а

    н




    2

    Ә

    т

    е

    ш







    3

    М

    е

    м

    л

    е

    к

    е

    т

    4

    І

    р

    і

    м

    ш

    і

    к




    5

    З

    е

    р

    т

    т

    е

    У

    6

    Д

    е

    ф

    и

    с







    7

    Е

    к

    і




    8

    Р

    а

    к

    е

    т

    а


    Гүл атауы

  2. .... әнге салады, .... ұйқы ашады.

  3. Үкімет

  4. Ақтан жасалатын тағам.

  5. Эксперимент

  6. Сызықша

  7. Баға

  8. Зымыран

(Оқушылардан өз ойларын сұрау)

ІІІ. Жаңа сабақ:

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма

Сызбаны қарастыр. Білгі жайында жаңадан не білдік.







2-тапсырма

Алдыңғы беттегі жол белгілерін қара. Қайсысы белгі- көшірмені, ал қайсысы белгі- рәмізді сипаттаған?



3-тапсырма

Дәріхананың, жеделжәрдемнің, етікшінің, тігіншінің, зоодүкеннің, метроның белгі көшірмелерін және белгі- рәміздерін сал.



4-тапсырма

Мемлекеттің Елтаңбасы мен Туы белгі – рәмізге жатады. Қазақстанның Елтаңбасы мен Туы ненің белгісі берілген?



5-тапсырма

Дүниежүзіндегі барлық адамдар қонаққа келгісі келетін ертегілер елін ойлап табайық. Ол елдің ашылуына оның рәміздері- Елтаңба мен Туының суретін сал және боя. Олардың мағынасын түсіндір.



Рәміздер: пішіндер

Рәміздер: түстер

(Мұғалім мағлұмат береді)



ІV. Қортынды

Рефлексия

31-сабақ

Тақырыбы: Тілдік белгілер

Мақсаты: Оқушыларға тілдік белгілер әріптерден тұаратыны туралы және тыныс белгілер туралы мағлұмат беру.

Әдісі : түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: журнал, бағдаршам, белгілері.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Қазақ тілі- өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.

Болашағым, бақытым, дара тілім.



ІІ. Жаңа сабақ

Адамдар сан мыңдаған белгілер ойлап тапты. Соның бірі- тілдік белгілер. Оған әріптерді жатқызуға болады. Әріптер арқылы дыбысты белгілейміз.

Сөйлеемдегі қызметіне қарай сөз соңына немесе сөйлемнен кейін қойылатын белгігі- тыныс белгісі дейміз. Ол да тілдік белгілердің біріне жатады.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Математикалық белгілер- қосу, алу, теңдік, тағы басқа таңбалар бар. Қайлай ойлайсың, сандар мен математикалық таңбалар тілдік белгіге жатады ма? Тағы басқа қандай тілдік белгілерді білесің?



2-тапсырма

Адамдар гүлдер мен ағаштарды жұлып, сындырмау үшін, маңайына қоқыс тастамас үшін қандай белгілерді жасап, іліп қояр едің?

Аулада:

Саябақта:

Демалыс орындарда:

Көшеде:


Далада:

1-тапсырма

Тірек конспектілер

Берілген мәтін мен тірек конспектінің екі нұсқасын салыстыр. Тірек конспектінің әр нұсқасында қандай шартты белгілер пайдаланған?

2-тапсырма

Қ.Зарқұмарұлының Антрактидаға жасаған сапаларынан жазылған мәтінді оқы. Берілген мәліметтердің астын сыз. Осы мәліметтерге сүйене отырып, тірек конспект құр.



3-тапсырма

Антрактида туралы жаңадан қандай мәліметтер білдің? Тірек конспектіні пайдалана отырып, кестені толтыр.



4-тапсырма

Шартты белгілерді: белгі рәміздерді, белгі көшірмелерді, тілдік белгілерді пайданалып, күнделікті толтырып көр.



ІІІ. Қортынды

Рефлексия

32-сабақ

Тақырыбы: Сипаттау мәтіні

Мақсаты: Оқушыларға тілдік белгілер әріптерден тұаратыны туралы және тыныс белгілер туралы мағлұмат беру.

Әдісі : түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ВЕНН диаграммасы

Көрнекілігі: журнал, ВЕНН диаграммасы, Ғабит Мүсірепов портреті .

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мен оқушы баламын,

Оқу ,білім аламын.

Мәтін түрін игеріп,

Сабақта белсенді боламын.

ІІ. Қызығушылығын ояту

-Мәтін неден құралады ? ( Сөйлемнен )

-Мәтін деген не ? ( Жазбаша , ауызша ойды жеткізу )

-Мәтіннің атауын не деп атаймыз? (Тақырып )

-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады? (Негізгі ойға ,мазмұнына )

-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? (Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтін құрайды )

-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ,Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады )

-Мәтін қандай бөліктерден тұрады? (Басы, негізгі бөлімі, соңы )

-Әр бөлік қалай жазылады? ( Абзацтан және жаңа жолдан басталып

жазылады.)

-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? (Әңгімелеу, сипаттау,пайымдау )

-Әңгімелеу мәтіні деген не?

- Сипаппау мәтіні дегеніміз не?

- Демек, балалар сипаттау мәтіні дегеніміз зат немесе құбылысты

суреттеп, сипаттайтын мәтінді айтамыз.

Кез келген затты түріне, түсіне,сапасына,пішініне қарай сипаттайды екенбіз.



І ІІ. Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

  • Ғабит Мүсірепов көл жағасын, суын қалай суреттеген?

  • Бұлтты, желді неге теңейді?

  • Көл неге Қос Шалқар деп алаған екен?

2-тапсырма

Ғабит Мүсіреповке Қос Шалқар қандай болып көрінеді?Жауабыңды жаз.



3-тапсырма

Өлеңде көктемнің қандай ерекшілігін суреттейді?



4-тапсырма

Деректі суреттеу мен көркем суреттеудің айырмашылығы неде?

В ЕНН диаграммасы

5-тапсырма

Көктемнің екі түрлі суретін салып көр. Біреуі өлеңде суреттелгендей, екіншісі деректі әңгімедегідей болсын.



ІV. Қортынды

Рефлексия
33-34-сабақ

Тақырыбы: Пайымдау мәтіні

Мақсаты: Талқылау мәтінінің сипаттау мәтінінен айырмашылығын

байқату, оқушыларды өз ойын дәлелдеуге үйрету.



Әдісі : түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: журнал, сөзжұмбақ, схема

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мен оқушы баламын,

Оқу ,білім аламын.

Мәтін түрін игеріп,

Сабақта белсенді боламын.

ІІ. Қызығушылығын ояту







ІІІ. Жаңа сабақ

Пайымдау- ол белгілі бір нәрсе жайлы тұжырымдау, пікір айту, дәлелдеу, қорытынды шығару, түйіндеу.

Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? сұрағына жауап береді.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Сызбаларды құрастыр.



  • Мәтіннің негізгі бөліктері қалай аталады?

  • Осы бөліктер пайымдау- түсіндіруде қалай аталады?

  • Сызбадағы шегіністер мен үзік сызықтар мәтіннің негізгі бөлігінің ішінде қандай мағына береді?

1-тапсырма Пікірдің ақиқаттығына келтірілген дәлел (аргумент)

Қара қошақан мен ақ қошақанның басынан кенкен оқиғасын оқы. Мәтінде қарамен боялған екі тезиске пікірдің ақиқаттығын келтіретін дәлелдер тап. Тезистен келтірілген дәлелге сұрақ қой. Осы Дәлелдері жеткілікті ме?




Тезистер

1. дауласудағы кез келген тұжырымдар немесе біршама теорияға келетін мазмұндар;

2. негіз болатын тұжырымдар, негіздер.


2-тапсырма

Сызбаны қарастыр.



  • Аргументтің құрылымы қандай?

  • Олар қандай бөліктерден тұрады?

3-тапсырма

Абайдық қара сөзінде келтірілген дәлелдерді сыз мен үлгіні пайдалана отырып, түсіндір.



4-тапсырма

Сызбаны құрастыр. Дәлелдерде қандай фактілерді пайдаланады? Түсінгеніңді айтып бер.



5-тапсырма

Төменде келтірілген мысалдан тезистер мен аргументтерін тап. Сызбаға сүйене отырып, аргументте келтірілген фактілерге сипаттама бер.



ІV. Қортынды

Рефлексия

Қорытынды

1-4сыныптарға арналған «Шешендік өнер әліппесі» факультатив сабағы оқушылардың рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл – ойы мен сана - сезімін дамытады, әр оқушының сөздік қорын байытады, жақсыдан үйреніп жаманнан жиренуге тәрбиелейді, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады, қазақ шешендігінің өзіндік ерекшелігін танытады. Сабақта жаңа ойды дұрыс жазып үйренеді, оқушылар эссе жазады, тақырыптарға байланысты шағын өлеңдер жаттап, ұйқастар арқылы өлеңдер құрастырады, суретке қарап әңгіме құрастуға үйренеді. Сонымен қатар оқушылар «Шешендік өнер нені үйретеді?», «Сөйлем мәнері», «Сөйлеу мәдениеті», «Тіл және сөйлеу», «Тыңдау мәнері», «Жаңа ойды дұрыс жазып үйренеміз» тақырыптарын меңгеріп, «Кітап- асыл қазына», «Тыңдау мәнері», «Тыңдаймыз және түсінеміз» атты тақырыптар туралы түсінік алды. Өлеңдерді мәнерлеп оқу дағдылары артып, ертегілерді, әңгімелерді түсіне оқып, оны мазмұндау,сахналау өнерін де меңгерді. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпаны Абылай ханның сөйлеген сөзі: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік!


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Шешендік өнер әліппесі». 1 сынып. Авторлары: М.Құлкенов, К. Ерешева, Ж.Әбділда. Алматы «Өлке» баспасы

2. .«Шешендік өнер әліппесі». 2 сынып. Авторлары: М.Құлкенов, К. Ерешева, Ж.Әбділда. Алматы «Өлке» баспасы

3. «Шешендік өнер». 3 сынып. Авторлары: М.Құлкенов, К. Ерешева, Ж.Әбділда. Алматы «Өлке» баспасы

4. «Шешендік өнер». 4 сынып. Авторлары: М.Құлкенов, К. Ерешева, Ж.Әбділда. Алматы «Өлке» баспасы

5. «Шешендік өнер әліппесі» жұмыс дәптері , Ерешева К., Құлкенов М. Алматы: Өлке баспасы 2015 ж.

6. «Жұмбақтар жинағы» Авторы: С.Хасан.

7. «Мақал-мәтелдер жинағы» Авторлары:

8. Бастауыш мектеп №2 2014 ж.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   232




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет