Кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет4/11
Дата28.01.2018
өлшемі3,98 Mb.
#34398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



1 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер нені үйретеді?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдебиет жанрының бір түрі – шешендік өнерімен таныстыру. Оқыған шешендік сөздер туралы түсінігін әдеби тілде, өз тілінде әңгімелей білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), қазақ билерінің портреттері

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Табыс тілеп көзбенен

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Шешендік өнер дегеніміз не?

  • Шешендік өнер – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік өнер ерте кезден халықтың тапқырлықпен айтылған ой тұжырымдары. Қазақ халқы шешендігімен ел жұртты мойындатқан адамдарды би деп атаған. Бәріміз білетін үш би Төле би, Қазбек би, Әйтеке би сондай ұлы адамдар.

Тапсырмалармен жұмыс

  1. Шешендік өнер нені үйрететінін есіңе түсір. Төмендегі жауаптардың қайсысысы сұраққа дәл жауап береді? Өз көзқарасыңды дәлелді түрде түсіндір.

  • Шешендік өнер сөйлеуді және тыңдай біліуді үйретеді

  • Шешендік өнер шебер, әсерлі, көркем және астарлы сөйлеуге және жазуға үйрететін ілім.

  • Шешендік өнер ойлы сөйлеуді және жазуды үйретеді.

Біздің анықтама

Шешендік өнер қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Тапқырлықпен айтылған, көркем тілмен жеткізілген үлгі ой тұжырымдарды шешендік дейміз. Мұндай сөздер халықтың даналығын, тілдің байлығын көрсетеді.

Қазақ халқы шешендігімен ел жұртты мойындатқан адамдарды би деп атаған. Бәріміз білетін үш би Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би олар ұлы адамдар болған.

Ежелгі гректер шешендікті төл ғылымы ретінде санаған. Ежелгі Грекияда риторика бұдан 2500 жыл бұрын пайда болды.

Ежелгі гректер риториканы әр адамға қажетті аса маңызды ғылым деп есептеген. Сол себептен жазу мен оқу секілді, сөйлей білуді де арнайы пән ретінде оқытқан.


  1. Мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

«Орынды айтылған сөз –

Орнына қағылған шеге.»



  • Бұл мақал қандай жағдайға байланысты туған деп ойлайсың?

  1. Оқы және ойлан.

- Үшінші сыныпта сіздермен бірге оқуға Қожанасыр келіп қалды делік.

Ол бұған дейін екінші сыныпта ертегішілер елінде оқыған. Шешендік

өнердің әліппесін естімеген, білмейді.

Сондықтан сендер біріге отырып, Қожанасырға шешендік өнер туралы білетіндеріңді айтып беріңдер.

Әрқайсысыларың бір бір сөзден айтқаннның өзінде, оның біраз дүниеден хабардар болары анық.

Қожанасыр кімнің не айтқанын көріп отыруы үшін үшбұрыш жасап отырыңдар.

Олай болса іске сәт!

Қорытынды.


  • Оқушылар, шешендік өнер дегеніміз не?

  • Қазақ билерінен кімдерді білесіңдер?

  • Грекияда шешендік өнер қашан пайда болған?

  • Қазақ шешендерінен кімдерді білесің?



2 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жазда не байқадың?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды оқиғалар мен әңгімеледі дұрыс тыңдай білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, оларды әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің)

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Ойға толып санамыз

Бестік баға аламыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Бүгінгі сабағымыз «Жазда не байқадың?» деп аталады

  • Үш күндей болмай, үш айлық демалыс та өте шықты. Жаз бойы, әрине, сөйледің және сөйлестің, тыңдадың және оқыдың. Алған әсерлеріңді қағазға түсіріп жазғанда боларсың.

  • Олай болса, төмендегі анкетаның қысқаша сұрақтарына жауап бер

Анкета

  1. Кімнің қалай сөйлейтінін байқадың?

Тым айқайлап сөйлейді

Тым жай сөйлейді

Жасанды дауыспен сөйлейді

Түсініксіз сөйлейді



  1. Сен байқадың ба, кейбіреулер сыпайы:

Тыңдай алмайды

Сәлемдесе алмайды

Өтіне алмайды

Рақмет айта алмайды

Кешірім сұрай алмайды


  1. Таңғаларлық қызықты, есте қалатындай не тыңдадың?

Әңгіме

Ертегі


Жұмбақ

Жаңылтпаш

Басқа....


  1. Мүмкін жазда өзің де жазған шығарсың? Не жаздың?

Әңгіме Жаңылтпаш

Ертегі Өлең

Жұмбақ Хат


  • Естіген әңгіме немесе санамақ,өзің байқаған ерекше құбылыс, сұхбаттасудан туған ой немесе әлденеден алған әсерің туралы жаз. Жазған әңгімеңе тақырып қой. Сурет салуды, безендіруді ұмыстпа.

II. Өлеңді оқы.

Кім болсың?

Бармақтарың майысып, Құрығыңды майырып,

Түрлі ою ойысып, Түнде жылқы қайырып,

Ұста болар ма екенсің? Жаудан жылқы айырып,

Таңдайларың тақылдап, Жігіт болар ма екенсің?

Сөйлегенде сөз бермей, Айыр қалпақ киісіп,

Шешен болар ма екенсің? Ақырып жауға тиісіп,

Кең балағын түсіріп, Батыр болар ма екенсің?

Ойға, тауға жүрісіп, Айналайын, балдырған

Балуан болар ма екенсің? Қылығың мейір қандырған

Күйші болар ма екенсің,

Өнердің отын жандырған?

Бұл өлең неге кім боласың деп аталады?

Неге әр екі жол сайын «болар ма екенсің» деген тіркес қайталанады?

Осы өлеңдегі ең маңызды сөздердің астын сызып көрсет.

Өлең кімге арналған деп ойлайсың?

Біздің анықтама

Арман – адамның сондай болсам, сондай бір биікке жетсем, көрсем деген ойының ұшқыр сезімі. Арман адамды алға жетелейді, биіктерге бастайды. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» деген мақал содан шыққан.


  • Мектеп сені ең басты неге үйретеді?

  • Үйде сені ең басты неге тәрбиелейді?

  • Шешендік өнер сабағында не үйренесің?

III. Әңгімені оқып атын өзгертіп қой.

Тәтті тағам

Аналары тәрелкеге печенье салды да, бәрін шайға шақырды. Әжелерін төрге өткізіп жіберіп, Мейрам мен Сайран да үстел басына жайғасты.


  • Тең бөліп жейміз! - деді Мейрам даусы қатайып. Сөйтті де

екеуі тәрелкедегі печеньелерді дастарқанға төгіп, екі үйме ғып бөлді.

  • Тең,болды ма? - деп сұрады Сайран.

  • Тең!Анашым,бізге шай құйып жібер! деді Мейрам көзімен

мөлшерлеп қарап отырып. Аналары шайларын берді. Дастарқан басында тыныштық орнады. Печеньенің үйіндісі тез азайып қалды. - Үгіліп тұр!Тәтті ақ! - деп тамсанды Мейрам. - Ы м м! -деп дыбыстады, екі ұрты толған Сайран да. Анасы мен әжесі үндемеді. Печенье желініп біткенде, Сайран демін бір алып, ішін сипалап, өзіне - өзі риза болып отырды да, бөлмесіне қарай тайып тұрды. Ең соңғы бір түйірді аузына сала беріп, Мейрамның көзі анасына түсіп кетті. Анасы ішілмеген шайын ақырын ғана қасықпен араластырып отыр екен. Әжесіне қараса, нанның қыртысын мүжіп отыр...

Сайран мен Мейрам қомағайлықпен нені байқамады?



IV. Қорытынды

Жаңылтпаштарды жылдам әрі жаңылмай айтуға жаттық. Қане,жарысып көрейік!



- Үш ұшқыш алды,

Үш кірқысқыш,

Үш тісысқыш.

Кірқысқыш қымбат па,

Тісысқыш қымбат па?

- Тау бар,тау бар,

Тауда бау бар.

Бауда ара бар,

Ара барда бал бар.

Жейсіңдер,балалар,

Қайда кетер бар бал?!



  • Шапшаң шапсаң,

Бұрқырайды ақ шаң.

  • Торта қойдым,

Орта қойдым,

Орта қойдым,

Жорта қойдым.


Бұл балқаймақ май балқаймақ.

  • Қамаштан көріп қалашты,

Қалашқа Жарас таласты.

Бөлінсін десең қалаш тең,

Таласпа Жарас Қамашпен.

Жатқа білетін жаңылтпаштарды есіңе түсір.

Жаңылтпаш айтудан жарыс ұйымдастырыңдар.Қай топ көп жаңылтпаш

білетін болса,қай топ жатық әрі анық айтса, сол жеңімпаз атанады.


3 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық пен жамандық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адам өмірінде кездесетін жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің)

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып, білім аламыз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Ақылды, тәрбиелі, саналы, адамгершілік қасиеті мол адамды жақсы адам дейді. Жақсылық – қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік, ізгі қасиет.

  • Жағымсыз іс пен оқиға, зұлымдық, жауыздық, қастық секілді нәрселер жамандыққа жатады.

  1. Әңгімені түсініп оқы.

Жаман

Арсылдаған ит ызалана тап береді. Шарбақтың басында бір

кішкентай мысық бүрсіп отыр. Иттен қорыққанынан жонын күжірейтіп, ысылдаған дыбыс шығарды.

- Ұялмайсыңдар ма! деген зілді дауыстан екі бала селк етіп, арттарына қарады. Қария қолындағы таяғымен итті жасқап қуып жіберді.

- Біз не істедік? деп таңданды екі бала. Біз тек қарап тұрмыз.

* Әңгіменің аты неге «Жаман» деп аталды?

Қария балаларға неге ашуланды?

Жақсылық пен жамандық туралы өзіңнің ойың қандай?





  1. Оқы және ойлан!

Кел,балалар,оқылық,

Оқығанды көңілге -

Ықыласпен тоқылық.

Оқу деген шыны – ды

Тұрған сайын щыныққан

Оқу білген адамдар –

Май тамызған қылыштан.

Білмегенді білуге,

Есті бала тырысқан,

Есер бала ұрысқан.

*Адам өмірінің мәні неде екен?

Үйде ата - анаң, ата - әжең саған бұл тұрғыда қандай ақыл айтады?



  1. Әңгімені оқып ат қой

________________________________________

Еркін ұйқыдан тұрып, далаға шықты. Күн ашық. Айналаның бәрі жарқырап тұр. Көңілі көтеріліп сала берді. «Мен бір жақсылық жасасам» деп ойлады Еркін.

«Алпамыс суға батып бара жатса, мен құтқарып алсам» , дей бергені сол еді, бауыры қасында тұр.


  • Еркін машинамның дөңгелегің салып берші! - деп қиылады.

  • Әрі кетші, мазамды алмай - деп ашуланды ағасы. Алпамыс өкпелеп кетіп қалды.

«Ауылдың шетіне қасқыр келсе. Қасқыр әпкемді таласа, ал мен қасқырды сабап қуып жіберсем», - деп ойлады Еркін.

Еркін екі шелек су алып келші! - демесі бар ма әпкесінің.



  • Өзің әкел менің уақытым жоқ!

Әпкесі басын шайқады да кетіп қалды. Еркін тағы ойға шомды.

«Ақтөс құдыққа түсіп кетсе, мен оны шығарып алсам!»

Құйрығын бұлаңдатып Ақтөс жетіп келді. «Су берші» дегендей көзін мөлтейтеді.


  • Кет, жоғал! Көзіме көрінбе! - деп еді, Ақтөс бұтаның түбіне зып берді.

  • Кімге жақсылық жасасам екен? - деді Еркін анасына келіп.

  • Алпамысты ойнат, әпкеңе су тасуға көмектес, Ақтөске су бер, деді анасы Еркіннің шашын сипап тұрып.

*Жақсылық жасау үшін жоспар құру керек пе?

*Жақындары Еркінге неге ренжіді?

*Төмендегі мақал - мәтелдердің қайсысы осы әңгіменің мазмұнына сай келеді?

«Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы»

«Жақсылық жасасаң жасыр,

Жақсылық көрсең асыр»

«Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді».

III. Қорытынды


  1. Сонымен жақсылық деген не? Жамандық деген не?

«Жақсылық пен жамандық» деген ертегі жаз.
4 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәнері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлеу мәнеріне үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын молайту. Оларды әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің)

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Табыс тілеп көзбенен

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізгі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Адамдармен әр түрлі жағдайда сөйлесесің. Алайда, сөйлеу мүмкіндігіңнің әр түрлі екенін ұмытпа. Сөйлегенде, оқығанда, тыңдағанда өзің де әр түрлі қалыпта боласың ғой. Мысалы:

  • Тыңдаушы

  • Оқырман

  • Әңгімеші

  • Мәнерлеп оқушы

  • Ертегіші

  • Әңгімелесуші

  • Таныстырушы

Ойлан. Төмендегі суреттерге қарап, берілген сөздерді пайдаланып, Ділмардың не істеп тұрғанын анықта.

Жаз және айтып бер.

Сенен: «Әкеңнің мамандығы кім?» деп сұраса, «инженер» немесе «есепші» деп жауап бересің. Бұл мамандықтардың сөзге, сөйлеуге қатысы бар ма?

Қане, сөзге және сөйлеуге қатысы бар мамандықтар мен қатысы жоқ мамандықтарды анықтап көрейікші.

Төменде беріліп отырған тізімнің ішінен сөз басты рөлді атқаратын мамандықтарды бір бағанға, сөйлеу аса міндеттелмейтіндерін екінші бағанға жаз.

Ұшқыш, экономист, бағбан, таныстырушы, аудармашы, өнертанушы, мұғалім, күзетші, кассир, инженер, дәрігер, есепші, құрылысшы, кітапханашы, аспаз, жүргізуші, әнші, жөндеуші.

*Таныстарыңның, туыстарыңның арасында жоғарыда аталған мамандық иелері бар ма? Солар туралы әңгімелеп бер.


  • Қазақ көп сөйлейтін адамды - «мылжың», сөзге сараң адамды – «үндемес», әзілқой адамды - «қуақы», мән - мағынасыз сөйлейтін адамды - «парықсыз», мақтанып сөйлейтін адамды - «даңғой, мақтаншақ», айқай - шу шығарып сөйлейтін адамды - «ұрысқақ» дейді.

  • Осы сөздер арқылы адамның сөйлей алу қабілетіне мінездеме береді.

*Көп сөйлеуге, күңкілдеуге, айқайлауға, сыбырлауға, бәстесуге, әзілге әуес ұлдар мен қыздар болады. Соларға үлгі бойынша анықтама бер.

Сөйлейді - мылжың

Күңкілдейді_________________________________

Айқайлайды_________________________________

Міңгірлейді_________________________________

Бәстеседі_____________________________________

Әзілдейді_____________________________________

*Осы сөздерді пайдаланып ішінде қайсысы қатты, қайсысы жай сөйлейтін адамның мінезін байқадың?

Қатты


Жай

III. Қорытынды.

*Өлеңді оқы және ойлан. Өзің үшін күлкілі көрінген жолдың астың астын сыз.

Бөсербайдың маймылмен достығы


  • Бөсербайдың сөзінен не байқадың?

  • Оның сөзіне қарап қандай мінездеме берер едің?


5 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қарым- қатынас әліппесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлеу мәнеріне үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жүргізу дағдыларын, сөздік қорын жетілдіру. Оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің)

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Армысың, күн, емендер мен кең дала,

Армысың тау, ормандар мен теңіздер,

Армысың, өсімдіктер, гүлдермен.

Армысың, әлемде өмір сүргендер!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Біз қашанда бір мақсатпен сөйлесеміз. Сөйлеудің мақсаты: жаңалықты хабарлау, болған жағдайды түсіндіру, көз жеткізу ықпал ету. Сондай - ақ басқалармен өз ойымызды бөлісіп, ішкі пікірімізді сыртқа шығарамыз.

Тапсырмалармен жұмыс

  1. Етістіктердің мағынасын түсіне отырып оқы.

Тыйым салу Райынан қайтару

Құлақтандыру Жариялау

Сенім арту Ақылдасу

Сөз көмегін беру Нұсқау беру

Пікір алысу Хабар беру

Түсіндіру Емен - жарқын әңгімелесу

*Енді осы етістіктерді мағынасына қарай үш топқа бөліп жаз

Хабарлау:_______________________________________________

Ой бөлісу, пікір алысу:____________________________________

Ықпал ету:_______________________________________________



  1. Суреттегі сызбалар қайда қойылған? Олардың не үшін керектігін айт.

  2. Әңгімені түсініп оқы. Балалардың қайсысы түсіндіру үшін сөйледі? Қайсысы ықпал етуді көздеді?

Қаламсап

*Нұржан мен Еламанға мінездеме бер

Сыныптастарының қылығын қалай бағалайсың?

Істің мәнісіне бармай, шешім қабылдауға бола ма?



  1. Үзінділерді оқы. Оларға мағынасына қарай ат қой.

____________________________________________

Бірер күн өткен соң нағашы ағасы:

Сейітжан, бүгін жылқының күзетіне алып барамын. Көр. Қалаға барғасын әкеңе айтарсың. Тауда күн салқын. Жылы киінеміз, тоңбайсың, деді. Сейітжан бұған ойланбастан «барамын» - деді. Олар кешкі астан кейін жинала бастады. Нағашысы жуас торы атты ерттеді. Қанжығасына тон байлады. Қос ауыз мылтығын асынды.

________________________________________________



  • Мұндай әдемі заттарды жасаған - химия.

  • Химия деген адам ба, аға? деді Болат

Арман біраз ойланып тұрды да:

  • Химия деген адам емес. Бірақ адам үшін адамның денсаулығы үшін, тұрмысы үшін қызмет істейтін ғылым, үлкен өнер. Химия сендерге әдемі жібек көйлек тігіп береді. Түймесіне дейін өзі жасап, өзі қадап береді. Кейін мектепке барғанда химия сендерге осындай әдемі, пайдалы заттарды қалай жасауды үйретеді,- деп түсіндірді.

  1. Бұл ескертпелердің бірі қоғамдық орындарында ілініп тұрады. Қалай ойлайсың, қай ескертпе қоғамдық көлікте тұрады? Қайсысын саябақтан, көшеден кездестіруге болады? Қай ескертпе ақылға сыймайды? Ал қайсысын анамыз немесе аға әпкелеріміз айтады?

  • «Балмұздақ жеуге болмайды, тамағың ауырып қалады»;

  • «Жол ақысын төлеуге ұмытпаңыздар »;

  • «Табиғат - туған анамыз!»;

  • «Саябақта балмұздақ жеуге болмайды»;

  • «Балмұздақтың қағазын қоқыс салатын жәшікке тастаңыздар!»

III. Қорытынды.

*Мақал мәтелдердің мағынасын түсініп оқы және жаттап ал.

- Жапалақ құс мақтанса, жардан тышқан алдым дер;

Жаман адам мақтанса, жақсының аяғын шалдым дер.



  • Кең пейілге ас көп, менмен адамға тас көп

  • Өзінің қисықтығын білмеген, өзгенің түзулігін білмейді.


6 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлеу мәдениетімен таныстыру. Сөйлеу мәнеріне үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой өрісін, ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Кайырлы күн достар

Бүгінгі күн, міне

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кіл бестікке толсын!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.



  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Әрбір сөйлеген сөзің мен істеген ісіңе есеп беріп отыр. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген мақал тектен - текке айтылмайды. Артық сөйлеп, ағаттық жасаған адам міндетті түрде кешірім сұрауы тиіс.

Тапсырмалармен жұмыс

  1. Ертегіні оқы.

*Ертегіге ат қой

*Мазмұндап айт

* Төмендегі мақал - мәтелдердің қайсысы осы мысалға сай келеді?

«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»

«Басқа пәле - тілден»


  1. Балалармен танысу үшін Сапардың айтқан әңгімесін оқып көр. Қалай ойлайсың, Сапар сөзін ойланып сөйледі ме?Әлде ойланбай сөйледі ме? Неге олай ойлайсың?

  • Сапар балалармен танысып, тез тіл табысып кеткісі келді. Қатты толқығаны соншалық, аузына сөз түспей, асығып аптығып сөйлей берді. Ол балалардың тек қазақша сөйлейтінін ескермепті.

  • Сапар неше рет кідірді? (... кідіргеннің белгісі, сөзінің үзіле бергені), ал неше рет бөтен, түсініксіз сөздер қосты? Қай сөздері балалардың күлкісін келтірді?

  • Сапардың орнында болсаң, көрген фильміңді қалай әңгімелеп берер едің?

III. Қорытынды.

  • Суретпен жұмыс

(суретке қарап әңгіме құра)
7 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы түсініктерін молайту, олардың тілдік қорын кеңейту; Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, сөйлеу дағдысын жетілдіру; Олардың эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Табыс тілеп көзбенен

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Оқушылар ойланып сөйлеуге машықтанудың түрлі тәсілдері бар екен. Енді соларға назар аударайық.

Бірінші тәсіл

Ең алдымен не туралы айтатыныңды ойлан. Мақсатың не?

Айтатын әңгімеңнің ең бастысы қайсысы?

Егер осы сұрақтарға нақтылы жауап беретін болсаң, онда ойың да жинақы болады. Айтылған сөз де жинақы болады.

Кез келген әңгімені оқығаннан кейін ой қорытып отыруға дағдылан. Оқыған әңгімең туралы пікір айтуды үйрен. Ол үшін бірнеше сұраққа нақтылы жауап беру керек.

Оқыған әңгімең туралы кімге айтпақсың?

Әңгіме не туралы?

Ең басты айтарың не?

Екінші тәсіл

Негізгі сөздерді жаз

Тірек сөздер немесе негізгі сөздер дегеніміз не? Өткен жылы өткенімізді есіңе түсір. Тірек сөздердің мәтіндегі алар орны мен рөлі қандай?

*Шал мен кемпір, кедей, қаз, тілегін орындау, Қазбай, «піс, қазаным, піс», балалар, «ұр, тоқпақ»...

* Берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, ертегіні естеріңе түсіріңдер.

Кезектесіп, бір біріңді іліп әкетіп ертегіні айтыңдар.



  • «Қасқыр мен түлкі» ертегісін есіңе түсіріп, ондағы негізгі сөздерді жаз.

Үшінші тәсіл

Суретпен жұмыс істеп үйрен



  • Суреттерге мұқият қара. Қай сурет әңгіменің басталуын білдіреді? Қайсысы негізгі бөлімге, ал қайсысы соңына жатады?

Төртінші тәсіл

Жүйелі әңгімелеп үйрен

*Өзің туралы шағын әңгіме құрастыр. Өмірбаяныңды төмендегі жоспардың үлгісімен жаз. Толықтырғың келсе, өз еркің.

1. Аты жөнің кім?

2.Қайда туып, қайда өстің?

3. Қашан дүниеге келдің, қай айда?

4. Ата - анаңның аты - жөні кім?

5. Ата - анаң кім болып жұмыс істейді?

6. Үйде аға әпкелерің, іні қарындастарың бар ма? Олардың аттары кім?

7. Қайда оқисың?

8. Бос уақытыңда немен айналысасың?

9. Қай жерде тұрасың?

Бесінші тәсіл

Жоспар құра біл

Әңгімені оқы да, жоспар құр. Жоспар бойынша мазмұнын айт

Атаның ақылы.



III. Қорытынды.

Сұрақ – жауап



  • Бүгін немен таныстық?

  • Неше тәсілді білесің?

  • Оларға жеке - жеке тоқталып айт.


8 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шежірені білесің бе?

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шежіре туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың өз шежіресін білуге үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, сөйлеу дағдысын жетілдіру; Олардың эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Армысың, күн, емендер мен кең дала,

Армысың тау, ормандар мен теңіздер,

Армысың, өсімдіктер, гүлдермен.

Армысың, әлемде өмір сүргендер!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Рулық, туыстық кестені қазақтар шежіре деп атайды. Шежіре арқылы арғы тегіңнің кім екенін білесің. Ол ата - бабаларымызды ұмытпай, оларды қадір тұтып жүру үшін де қажет. Сондай - ақ қазақ халқында жеті атаға дейін туысатын жігіт пен бойжеткен қыз бір - біріне үйлене алмайды.

Шежіре барлық халықтарда болады.

Қазақ рулары

Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз

Үйсін Арғын Байұлы

Жалайыр Найман Әлім

Албан Уақ Жетіру

Суан Керей

Дулат Қыпшақ

Сарыүйсін Қоңырат

Сіргелі


Ысты

Ошақты


Шапырашты

Шанышқылы

Қаңлы

Қазақ руларына кірмейтін бөліктер



Төре

Төлеңгіт


Қожа

Сунақ


Ноғай

  • Қазақта жеті атаға дейін өте жақын қандас деп есептеген. Бұл туыстық бір - біріне қамқорлық жасаудың ең бір қасиетті түрі. Қазақ халқында ертеден жалғасып келе жатқан әдет жетім жесірге, кемтарларға көмек жасау, қолдау жасау көрсетіп, қол ұшын беру.

Біздің анықтама

Жеті ата


Әке

Бала


Немере

Шөбере


Шөпшек

Немене


Туажат

Қазақта:

Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер, деген мәтел бар



Тапсырмамен жұмыс

Кесте бойынша шежірені жазып көр



  1. Алдымен ең астыңғы ұяшыққа өзіңнің аты жөніңді жаз

  2. Ары қарай әкеңнің атын жаз

  3. Ары қарай атаңның атын жаз

  4. Дерегің бойынша ары қарай жалғастырып жаз

III. Қорытынды.

- Өзіңнің ата - бабаң туралы әңгімелеп бер.

9 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Еркін әңгіме.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еркін әңгіме туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды өз ойларын еркін әңгімелеуге үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, сөйлеу дағдысын жетілдіру; Олардың эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан - жағым!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Әрбір мәтінді біздер еркін түрде әңгімелеуіміз керек.

Жаттап алмай еркін әңгімеле

Балықтар және олардың тіршілігі туралы әңгімелеп көрейік. Төменде екі түрлі әңгіме берілген. Оған қосымша деректерді кітапханадан немесе интернеттен жинастыр. Бәрін де мұқият оқы.


Балық дегеніміз - омыртқалы су жануарлары. Оның жиырма мыңнан астам түрі бар. Балықтардың барлығы дерлік сүйекті балықтарға жатады. Тек екі үш пайызы ғана шеміршіекті болып есептеледі. Қазақстанның өзен көлдерінде жүз сексен түрлі балық бар. Қазіргі кездегі көптеген балықтың түрлері бес жүз мың жылдан бері тіршілік етіп келе жатыр.

Ең кішкентай балықтардың көлемі бір сантиметрден аспайды, ол көбінесе аквариумда өсірілетін балықтар. Ұзындығы жиырма метрге де жететін балықтар болады. Ал олардың салмағы бір жарым грамнан он екі он төрт тоннаға дейін жетеді.

Балықтардың дені желбезекпен тыныс алады. Дегенмен, ауамен тыныс алуға бейім түрлері де кездеседі. Бір екі жыл тіршілік ететін балықтар да болады. Жүз жасайтындары да бар.

Балық адам ағзасы үшін өте пайдалы. Балықтың еті мен уылдырығы ғана емес, кей түрлерінің терісі де пайдаланылады. Олардан балықтың майы алынады.



  • Ең басты мақсат тыңдаушыңды қызықтыру. Сол себептен бәрін алдын - ала ойластыру керек. Алған мағлұматтарыңды пайдаланып, балықтар туралы әңгімеңе жоспарыңды жаз.

  • Әңгімең кімді қызықтырды? Әңгімеңді тыңдаушылар бағаласын.

Айнаға қарап дайындық жаса

Мектепке ауызша сабақтан берілген тапсырманы жаттап алмай, түсінгеніңді өз ойыңмен айтуға дағдылан. Айнаға қарап дайындық жасап көр. Сөйлеп тұрғаныңда өзіңе - өзің ұнайсың ба? Тұрысың, қимылың, бет әлпетіңнің қимылы көңіліңнен шыға ма? Ұнамаса, өзіңді дұрыс ұстауға дайында.



III. Қорытынды.

Сұрақ - жауап

Бүгін нені білдік?

Бүгін нені үйрендік?


10- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мақалдар ұйқасы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мақал - мәтел түрлерімен таныстыру, оларды мақалдардың ұйқасын дұрыс айта білуге, мағынасын ажырата білуге үйрету. Оқушылардың ойын ұштап, ұлттық педагогика ұстанымы бойынша тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ – жауап, жарыс

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, мақал мәтел, жаңылтпаш

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу (оларды түгендеу)

Психологиялық дайындық

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей - ақ табылар

II.Негізгі бөлім

Мұғалім ұлттық салт - дәстүр, ауыз әдебиетінің жанрларымен таныстырып әңгімелейді.



  • Ұлы сөзін атаның

Үйренеміз мақалын

Мақал - мәтелдер:



  • Оқу білім азығы

Білім өмір қазығы

  • Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болды кез

  • Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады

  • Отан оттан да ыстық

  • Отансыз адам

Ормансыз бұлбұл

  • Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас

Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі болады. Мысалы: туған жер туралы, отан туралы, ана туралы, еңбек туралы, оқу білім туралы, ынтымақ бірлік туралы.



Тапсырмамен жұмыс

  1. Төменде екі мысал келтіріліп отыр. Мұқият оқы.

  • Кешіріңіз, кіруге бола ма?

  • Апай, кешіріңіз, кіруге бола ма? Кешігіп қалдым. Негізі кешігейін деген жоқ едім. Көрші тұратын бір кішкентай бала көшеде құлап, аяғын жарақаттап алыпты. Соны үйіне апарып тастадым. Қайтып шықсам, автобус өтіп кетіпті. Содан біраз кешігіп қалдым. Отыруға рұқсат па?

*Қысқа да нұсқа сөйлеу және егжей - тегжей әңгімелеуге қатысты өзің мысалдар келтір.

2. Хайуанаттар бағында немересін жетектеген қария сенен шығар есікті сұрады. Қысқа қайырасың ба, әлде тәптіштеп түсіндіресің бе? Суретке қарап отырып, жауап бер.



Топпен жұмыс

Топтар бір - біріне мақал - мәтел айтып, жарысқа түседі.

I – топ

II – топ

III – топ

Оқушыларға сөздер беріледі, олар сол сөздерге мақал – мәтел ойлап табады. (отан, білім, дос, ел, жер, батыр т.б.)



Қорытынды

  • Мақал- мәтелдердің қандай тақырыптары бар?

  • Білім туралы қандай мақал - мәтел білесіз?

  • Ана туралы ше?

  • Мақал - мәтелдің мағынасын ашыңыз?

100 теңгең болғанша

100 досың болсын



  • Қандай жаңылтпаштарды білесіз?



11 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мақтау және мадақтау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мақтау және мадақтау тәсілдерімен таныстыра отырып, оларға ерекше түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа деген зейіндерін арттыру, шығармашылық және ойлау қабілеттерін жетілдіру, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Армысың, күн, емендер мен кең дала,

Армысың тау, ормандар мен теңіздер,

Армысың, өсімдіктер, гүлдермен.

Армысың, әлемде өмір сүргендер!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Қазақта «Жақсыны мақтасаң сақтанады, Жаманды мақтасаң шаттанады» деген мақал бар. Мақтау дегеніміз - біреудің істеген ісіне, еңбегіне жоғары баға беру деген сөз.

  • Мақтаудың бірнеше түрі бар:

  • Асыра мақтау - үстемелеп, асыра мақтау. Мақтаймын деп артық кету.

  • Жорта мақтау - қулыққа басып, айламен өтірік мақтау.

  • Жөнсіз мақтау - ретсіз, орынсыз, қисынсыз мақтау.

Тапсырмамен жұмыс

Крыловтың «Қарға мен түлкі» деген мысалында түлкі қарғаға былай дейді:

«Қарағым, неткен сұлу ең!»

Деп таңырқап таңданды,

«Неткен мойын, неткен көз

Осыдан артық дейсің бе,

Ертегі қылып айтқан сөз?

Қалайша, біткен япырмай,

Мұрныңыз бен жүніңіз!

Періштенің үніндей,

Деп ойлаймын үніңіз».

*Түлкінің қарғаны мақтауы мақтаудың қай түріне жатады?

Мақтаудың бір түріне арналып жазылған қандай өлең шумақтарын білесің?


  1. Ойлан.

Досыңды туған күнімен құттықтап, оған қандай мақтау айтар едің?Жаз.

  1. Мінездеріғ тәртіптері, қылықтары бір біріне ұқсамайтын екі түрлі сыныптасыңды таңдап ал. Екеуінің де жақсы жақтарын тап. Соған лайықтап мақтау айт.

- Қазақта «Көзіне мақтаған көлгірдің сөзі, сыртынан мақтаған көңілдің сөзі» деген мақал бар. Дегенмен, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген тағы бар. Адамның жақсы қасиеттерін көре біліп, орынды мақтау да өнер.

Біздің анықтама

Мақтау біреудің істеген ісіне, еңбегіне жоғары баға беру.

Мадақтау адамның халық алдындағы еңбегін асқақтата мақтау.

Қошеметтеу біреді сыйлау, құрметтеу.

Көлгірсу біле тұра білиеген сыңай таныту,көрмеген болу, жасанды қылық таныту, өтірік мадақтау, орынсыз қошеметтеу.



III. Қорытынды.

*Мысалдарды оқып, мақтау мен қошеттеуді білдіретін сөздердің астын сыз.

- Менің атым Айнұр

- Есімің әдемі екен, ал менің атым - Әлнұр.

- Ой, қандай ғажап! Екеуміздің атымыз ұқсас екен.

- Иә, рақмет! Сенімен танысқаныма қуаныштымын.

*- Әже, асыңыз өте дәмді екен!

- Ас балсын, айналайын!

*- Анашым, сіздің пісіретін құймақтарыңызды сағындым. Тағы да пісіресіз бе?

- Әрине, қошақаным!



12 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тыңдаймыз және түсінеміз.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дұрыс тыңдауды, оқуды, жазуды үйрету. Оларды тыңдап түсіне білу түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа деген зейіндерін арттыру, шығармашылық және ойлау қабілеттерін жетілдіру, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі

Үлкендерге «Сіз» деген!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Мақал - мәтелдерді оқы және олардың мәнін ұғынуға талпын. Бұл мақалдарды қандай жағдайда пайдаланады? Мысал келтір.

  • Кісі болар кісінің кісіменен ісі бар,

Кісі болмас кісінің кісіменен несі бар?

  • Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі.

  • Көп сөйлеген білімді емес,

Дөп сөйлеген білімді.

*Мұқият тыңдау деген не? Атүсті тыңдау деген не?

Ата анаңды, мұғалімді, достарыңды не үшін тыңдайсың және қалай тыңдайсың?

Телехабарлар мен радио тыңдағандағы мақсатың не?

Суретке қарап әңгіме құрастыр.


  1. Әңгімені мұқият оқы.

«Аурудан аяған күштірек»

*Әңгімеден қандай ойды түйдің?

Ол анасын қалай түсінді? Сейітті сезімтал, шыдамды бала деуге бола ма? Сейітті сезімтал, шыдамды бала деуге бола ма?


  1. Мәтінді мұқият тыңда

«Күркетауық»

- Мәтін не туралы?

- Мәтіндегі мәліметтердің ең қажеттісін есіңе сақта

- Мәтіннің қай тұсы саған түсініксіз?



III. Қорытынды.

  • Күркетауықты бұрын соңды өзің көріп пе едің?

  • Жалпы қандай үй құстарын білесің?

  • Олар туралы қызықты не білесің?

  • Ойыңды жаз және балаларға айтып бер



13 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тыңдау мәнері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дұрыс тыңдауды, оқуды, жазуды үйрету. Оларды тыңдап түсіне білу түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа деген зейіндерін арттыру, шығармашылық және ойлау қабілеттерін жетілдіру, бір бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Сәлем берген баланы кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы, кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.



  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ең қызықты деген тұстарын дәптеріңе жазып ал. Түсінбеген сөздерді қайталап сұра. Бірақ сұрағың нақты болсын.

*Енді мәтінді өзің оқып шық. Мәтіннің мазмұнын ашып тұрған сөйлемді тап. Мәтіннің не туралы екенін бір сөйлеммен жазып жеткіз.

  1. Төменде үш түрлі мәтіннен үзінді беріліп отыр. Көз жүгіртіп қай мәтінде жер бетіндегі халықтың саны туралы жазылғанын тап. Қалған мәтіндерде не туралы жазылғанын тауып, бір сөйлеммен жаз.

III. Қорытынды.

*суретпен жұмыс



14 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кітап - асыл қазына.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кітап туралы түсініктерін кеңейту. Оларға кітаптың адам өмірінде алатын орнын, маңызын ұғындыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөздік және тілдік қорын молайту.Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Бес болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнерменен өрістеп

Өсе берсін санамыз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Адам баласы өмірінде кітаптың алатын орны зор. Кітаптан адам өзіне керекті мағлұматты ала алады. Кітаптардың да бірнеше түрі болады. Мысалы әдеби көркем шығармалар, оқулықтар, фантастикалық шығармалар, энциклопедиялар.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Қай кітаптарды не үшін оқисың?

  • Бос кезде рақаттанып демалу үшін;

  • Білу үшін және есте сақтау үшін;

  • Әр түрлі қызық оқиғаларды білу үшін;

  • Тағы не үшін?

*Қай кітаптарды оқу қиын?

Жадынама


*нақтылы мәлімет беру,

*ол мәліметті түсінікті етіп жеткізу;

*ғылыми мағлұматтармен таныстыру;

*түрлі құбылыстардың себебі мен салдарын хабардар ету;

*оқыған тоқығанымызды пайдалана білуді үйрету;

2. Төменде бірнеше мәтін берілген. Оларға көз жүгіртіп шығып, ішінен тоңазытқыш жайында айтылған мәтінді тез таба аласың ба?

*Барлық мәтіндерді қарап шық, олар не туралы?

* Мәтінді жазғанда, оны бірнеше бөлікке бөледі. Ең кішкентай бөлік абзац деп аталады.Абзацтар мәтіннің қандай негізгі бөлімдерден тұратынын тезірек түсінуге көмектеседі.



III. Қорытынды.

* Сұрақ жауап

- Кітап адамға не үшін керек?

- Кітаптың қандай түрлері бар?

* Кітап туралы мақал - мәтелдер айту
15 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жаңа ойды дұрыс жазып үйренеміз.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз ойларын дұрыс жеткізе білуге және дұрыс жаза білуге үйрету. Оқушылардың сауатты, таза, қатесіз жаза білу қабілеттерін, сөздік және тілдік қорын дамыту.Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Сәлем берген баланы кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы, кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.



  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Оқушылар мәтінде жаңа ойлар жаңа жолдан басталып жазылады. Ендеше оларды тапсырма орындау барысында қадағалайық.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Мәтіндерді оқы. Қай мәтін саған жеңіл оқылды? Неге? Екінші мәтінді оқуда қандай жеңілдіктер бар?

  2. Кестені толтыр, кесте бойынша сөйлеуге дайындал.

  1. – кесте.

Жер асты суларын құдық арқылы алу

Не? Тайыз құдық Шыңырау

Қалай қазылады?

Тереңдігі қандай?



  1. – кесте

Жер асты су алудың жолдары

Не? Тайыз құдық Шыңырау

Судың қысымы қандай?

Судың қажеттілігі?

*Сурет салып көр


  1. Мәтінді оқы

Каспийдің тірі алтыны

*Автор неліктен мәтінді екі бөлікке бөлген деп ойлайсың? Мәтіннің әрбір бөлігіне сауалдар қой және жаз.



III. Қорытынды.

Оқулықтағы мәтінді асықпай, түсініп оқу керек. Әрдайым қолымызда қалам мен қағаз болғаны дұрыс.

Мәтінді түсініп оқу үшін алдымен ең маңызды деген ойды белгілеп алу керек. Сосын тірек сөздердің астын сызған жөн. Содан кейін жоспар құрып, мәтіннің мазмұнын айтуға болады.

16 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шығарманы өңдеудің тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шығармаларды өңдеудің тәсілдерімен таныстыру, оладың ерекшеліктерін айтып түсіндіру; Оқушылардың сауатты, таза, қатесіз жаза білу қабілеттерін, сөздік және тілдік қорын дамыту.Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі

Үлкендерге «Сіз» деген!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Кейбір кітаптарды оқысаң басыңды ала алмайсың. Қалай аяқталғанын да байқамай қаласың. Кейін ол сенің сүйікті кітабыңа айналады. Жазушы ойын түсінікті әрі қызықты етіп қалай жеткізеді?

  • Жазушының жұмыс бөлмесіне көз салсақ: үстелдің үстінде оның қол жазбасы- туындысы жатыр.Туынды көркем, дәл, мазмұнды шығу үшін жазушы әрбір сөзіне, әрбір сөйлеміне үлкен мән беріп, ұзақ ойланып жазады.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Мұхтар Әуезовтың шығармаларын қағаз бетіне түсіруші хатшы, артына өлмес мол мұра қалдырған сөз зергері Данабике Байқадамованың «Абай жолы» романы қалай жазылғандығы туралы естелігінен үзінді оқы.

Өңдей білу де шеберлік

Өңдеудің де өзіндік әдістері мен тәсілдері болады. Осы тәсілдермен енді сен де таныс боласың. Бұл әдістерді игерген соң өз бетіңше өңдеп алуыңа болады.

Бірінші тәсіл

Сызып тастап, орнына қажет сөзді жаз



  1. Мәтінді мұқият оқы. Тым көп қайталанатын сөздерге назар аудар. Оларды басқа қандай сөздермен алмастыруға болатынын ойлан.

Көршінің мысығы мәтіні.

*Үлгі бойынша қалған сөйлемдердегі қайталанатын сөздерді сызып тастап, мағыналас сөздермен алмастыруға тырыс. Енді түзетілген мәтінді жаз.




  1. Соншама сөзінің соншалықты, сондай, сонша, соншалық, мұншама, мұншалық, мұншалықты, мұндайлық, сондайлық, бұнша, бұншама, мұнша, осынша, оншалықты, осыншалықты, осыншалық, әлейім, оншалық деген мағыналас сөздері бар екен. Төмендегі сөйлемдерге сәйкес сөздерді қайталамай қойып шық.

  1. Музыкалық аспаптар ____________________көп екен.

  2. Райханның зәресі ұшқаны_________________, үні шықпай қалды.

  3. Ақсақал, құдай ақына, мен сізді___________________ жақсы көрем, туған әкемнен кем көрмеймін.

  4. Мен де____________ мейір бар, теңіздей сезім бар деп ойласамшы.

  5. ____________________сұлулықты көрмеппін!

  6. Оның ___________________саламқты боп, ойға қалған түрін бұған дейін байқай қоймаған едім.

  7. Ай, сабазым, неге_____________________ сабылдың?

  8. Құдығын жөндеп қазбайтындардың_____________________ жерді талқандауы таңдандырады.

  9. Әсеке, ерте кезде қаз, үйрек тау көлінде _______________көп болмайтын.

  10. _______________қалың орманнан құстың да дауысы естілмейді.

  11. ____________________қуатты қайдан алды екен?

  12. Қуанышы қойнына сыймаған Сәуле машина табылмағанына _____________________ ренжіген жоқ.

  13. Мектеп ____________________қашық емес, әудем жер.

III. Қорытынды.

*мәтінмен жұмыс


17 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейту. Шығармаларды өңдеудің тәсілдерімен таныстыру, оладың ерекшеліктерін айтып түсіндіру; Оқушылардың сауатты, таза, қатесіз жаза білу қабілеттерін, сөздік және тілдік қорын дамыту.Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Уішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Кейбір кітаптарды оқысаң басыңды ала алмайсың. Қалай аяқталғанын да байқамай қаласың. Кейін ол сенің сүйікті кітабыңа айналады. Жазушы ойын түсінікті әрі қызықты етіп қалай жеткізеді?

  • Жазушының жұмыс бөлмесіне көз салсақ: үстелдің үстінде оның қол жазбасы- туындысы жатыр.Туынды көркем, діл, мазмұнды шығу үшін жазушы әрбір сөзіне, әрбір сөйлемінеүлкен мән беріп,ұзақ ойланып жазады.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Мұхтар Әуезовтың шығармаларын қағаз бетіне түсіруші хатшы, артына өлмес мол мұра қалдырған сөз зергері Данабике Байқадамованың «Абай жолы» романы қалай жазылғандығы туралы естелігінен үзінді оқы.

Өңдей білу де шеберлік

Өңдеудің де өзіндік әдістері мен тәсілдері болады. Осы тәсілдермен енді сен де таныс боласың. Бұл әдістерді игерген соң өз бнтіңшк өңдеп алуыңа болады.

Бірінші тәсіл

Сызып тастап, орнына қажет сөзді жаз



  1. Мәтінді мұқият оқы. Тым көп қайталанатын сөздерге назар аудар. Оларды басқа қандай сөздермен алмастыруға болатынын ойлан.

Көршінің мысығы мәтіні.

*Үлгі бойынша қалған сөйлемдердегі қайталанатын сөздерді сызып тастап, мағыналас сөздермен алмастыруға тырыс. Енді түзетілген мәтінді жазү

Енді түзетілген мәтінді жазү


  1. Соншама сөзінің соншалықты, сондай, сонша, соншалық, мұншама, мұншалық, мұншалықты, мұндайлық, сондайлық, бұнша, бұншама, *** мұнша, осынша, оншалықты, осыншалықты, осыншалық, әлейім, оншалық деген мағыналас сөздері бар екен. Төмендегі сөйлемдерге сәйкес сөздерді қайталамай өойып шық.

  1. Музыкалық аспаптар ____________________көп екен.

  2. Райханның зәресі ұшқаны_________________, үні шықпай қалды.

  3. Ақсақал, құдай ақына, мен сізді___________________ жақсы көрем, туған әкемнен кем көрмеймін.

  4. Мен де____________ мейір бар, теңіздей сезім бар деп ойласамшы.

  5. ____________________сұлулықты көрсеппін!

  6. Оның ___________________саламқты боп, ойға қалған түрін бұған дейін байқай қоймаған едім.

  7. Ай, сабазым, неге_____________________ сабылдың?

  8. Құдығын жөндеп қазбайтындардың_____________________ жерді талқандауы таңдандырады.

  9. Әсеке, ерте кезде қаз, үйрек тау көлінде _______________көп болмайтын.

  10. _______________қалың орманнан құстың да дауысы естілмейді.

  11. ____________________қуатты қайдан алды екен?

  12. Қуанышы қойнына сыймаған Сәуле машина табылмағанына _____________________ ренжіген жоқ.

  13. Мектеп ____________________қашық емес, әудем жер.

III. Қорытынды.

*мәтінмен жұмыс


18 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сыпайылық деген не?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сыпайы болуға үйрету, оларға сыпайылық туралы түсініктер қалыптастыру. Шығармаларды өңдеудің тәсілдерімен таныстыру, оладың ерекшеліктерін айтып түсіндіру; Оқушылардың сауатты, таза, қатесіз жаза білу қабілеттерін, сөздік және тілдік қорын дамыту.Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей ақ табылар!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Әрбір адам әрқашан сыпайы қарым - қатынаста болуы тиіс. Ізеттілік сақтап ең бірінші сәлемдесу керек. Сыпайылық амандасудан, кішіге қамқор болудан басталады.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Мәтінді оқы.

- Бүгін құстар патшалығына барып едім. «Сен тым дөрекісің. Саған сыпайылық жетіспейді. Ормандағы құстардан сыпайылықты үйрен» - деп бүркіт мені патшалықтан шығарып жіберді, - деді қарға құстарға мұңын шалып.

Құстар қарғаны жұбатып, сыпайылық туралы өз білгендерін жарыса айтты.

Пингвин:


  • Сыпайы болу деген - жұрттың алдында өзіңді мәдениетті ұстап, байыпты сөйлеу.Мысалы, мен сияқты.

Шымшық:

  • Ал менің ойымша, жүзінен нұр тамған, бір сөзді екі етпейтін, иіліп тұратын, үлкеннің алдын кесіп өтпейтіндерді сыпайы дейді.

Көгершін:

  • Сыпайылық? Әдепті әдеттер, жағымды қылықтар.Үлкен - кішіге құрметпен қарап, сыйла. Оларға автобуста орын бер.

Жапалақ:

  • Сыпайылық деген - сиқырлы сөздер. «Кешір», «рақмет», «өтінемін» деген сөздерді айта білсең сен сыпайысың.

Бұлбұл:

  • Ең бастысы ашық жарқын бол, ылғи да күлімсіреп жүр, көңілді бол. Барлығымен амандас.

Түйеқұс:

  • Жылаған баланы жұбатсаң, әжелердің ауыр сөмкесің көтеріссең, қайырымдылық жасасаң - ол да сыпайылықтың белгісі.

  • Құстардың қайсысының жауабы саған ұнады?

  • Ал өзің қарғаға қандай кеңес берер едің?

Сергіту сәті

«Айгөлек» әніне билеу.



  1. Әңгімені оқы.

«Кешірім»

*Қалай ойлайсың, адамға деген қарым - қатынасты түзеуге бола ма?



III. Қорытынды.

Сұрақ – жауап



  • Сыпайылық дегенді қалай түсінесің?

*ситуациялық тапсырмамен жұмыс.

19 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік әліппесі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдептілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға әдептіліктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, олардың өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан жағым!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Әдептілікті қалай көрсетуге болады?

*мақал мәтелдермен жұмыс

- Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?

- Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала

-

Тапсырмамен жұмыс


  1. Сыпайылықты білдіретін мағыналас сөздерді және оған қарама - қарсы мағынадағы сөздерді мұқият оқып шық. Оларды екі бағанға бөліп жаз.

Әдепті, дөрекі, тұрпайы, сыпайы, анайы, биязы, ұрдажық, кішіпейіл, дөкір, дойыр, елгезек, тілазар, көргенді, көргенсіз, ізетті.

Синонимдер Антонимдер

______________ __________________

______________ ___________________

_______________ ___________________

*Енді осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз.

2. Мәтінге мағынасына қарай ат қой.

*Балалар әпкелерін қандай сөздермен қарсы алды?Ол сөздер сыпайы естіле ме? «Бізге не әкелдіңіз?» деген сұрақ неге ерсі естіледі? Дархан мен Дәуренді тәртіпті, мейірімді, әдепті балалар деп айтуға бола ма?



Сергіту сәті

«Айгөлек» әніне билеу.



III. Қорытынды.

  • «Қонақты қарсы алу» көрінісін ойнау. (Ол үшін балалар екі топқа бөлінеді, әр бала өзіне тиісті рөлді алады. Қай топ келген қонақты сыпайы қарсы алып, әкелген сыйлығына ризашылығын білдірген сөздерді көп айтса, сол топ жеңіп шығады.)


20 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сәлем - сөздің атасы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдептілік, сыпайылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға сәлем берудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, олардың өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Уішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Тілімізде «Алыстан алты жасар бала келсе, алыстағы қария сәлем береді» деген аталы сөз бар. Жастың үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген адамға жасының үлкендігіне қарамай үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.

*мақал - мәтелдермен жұмыс

- Алыстан сәлем береді

Әдепті елдің баласы

- Жақсы сөз - жарым ырыс.



Тапсырмамен жұмыс

  1. Мәтінді оқы және сұрақтарға жауап бер. Ержігіт неге жалғыз қалды? Оны дөрекі деуге бола ма?

  2. Оқы және мағынасын түсін

Әдептілік, ар, ұят,

Адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез, тағы жат

Надандықтың белгісі.

Біздің анықтама

Тағы, жат - жабайы, бөтен.



  1. Мысалдарды оқы. Қайсысы сыпайы, қайсысы сыпайы емес, қайсысы дөрекі? Тұсына жаз.

  • Қайталап оқып көр, сонда түсінерсің.

_______________________________


  • Түсінбесең тағы оқы.

__________________________________

  • Түсінбесең, жаман оқушысың!



  • Су - су болған түрің құрсын!

______________________________

  • Су боласың, қайт үйіңе!

_____________________________

  • Ауырып қаласың, үйге қайтайық.

_____________________________

*Бір ғана сөздің өзін бірнеше түрлі етіп айтуға болады. Бір сөзді орынсыз айтып қалу, адамның жанын жаралауы мүмкін. «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» деген мақал бар. Ал кейде орнымен айтылған сөз адамның жанын жадыратады. «Жақсы сөз жарым ырыс» деген мақал содан шыққан



III. Қоытынды.

  • Дөрекі сөздерді сыз.

Сен қателесесің - Өтірікті соқпа.

Сасып кетіпті - Иісі біртүрлі екен.

Ұзынтұра келді - Ұзын бойлы адам келді.

Үндемей-ақ қой - Аузыңды жап.

Ыржиды - Жымиды.

Қария - Кәрі шал.



21– сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сыпайы сөйлеуді үйренейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдептілік, сыпайылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға сәлем берудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, олардың өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі

Үлкендерге «Сіз» деген!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Оқушылар сыпайы сөйлеудің өзі де үлкен мәдениеттілікті білдіреді.

  • «Өзара сыйластық» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сендер қандай жағдайда, кімдерге сыпайылық көрсетулерің керек.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Әңгімені оқы.

«Жалғыздық»

*Қалай ойлайсың, Еркебұлан неге тауға кеткісі келді?

Адам жалғыз өмір сүре ала ма?

Көпшілікпен өміп сүру үшін сыпайылық не үшін қажет?



  1. Үлкендер мен балалардың арасында әдепті, тәрбиелі адамдар сенің маңайыңда бар ма? Солар туралы әңгімелеп бер.

  2. Ал өзіңді әдептімін деп есептейсің бе? Әдепті болғаның өзіңе ұнай ма? Әрқашан барлық жерде өзіңді бірқалыпты ұстай аласың ба? Өзің туралы әңгімелеп бер.

  3. Өзіңнің қаншалықты сыпайы екеніңді білгің келе ме? Онда төмендегі сауалдарға жауап бер. Ол үшін «иә», «кейде», «жоқ» деген үш жауаптың бірін таңда.

Тест

  1. Көршілеріңмен үнемі амандасасың ба?

  2. Дәмді тамақ әзірлесе анаңа немесе апаңа алғыс айтасың ба?

  3. Сабаққа кешігіп қалып, мұғалімнен кейін келсең, кешірім сұрайсың ба?

  4. Өзіңнен жасы кіші баланы байқамай қағып кетсең, кешірім сұрайсың ба?

  5. Үйдегілер есепті шығаруға көмектессе, рақмет айтасың ба?

  6. Даулы мәселе болса да, дауысыңды көтермей, жаймен сөйлей аласың ба?

  7. Сегізінші наурызда әжеңді, анаңды, әпкелерің мен сіңлілеріңді құттықтайсың ба?

  8. Ұйқыға жатар алдында үйдегілерге «жақсы жатып, жайлы тұр» деп айтасың ба?

Енді ұпайыңды сана.

«Иә» деген жауап үшін 2ұпай, «кейде» деген жауап үшін1 ұпай, ал «жоқ» деген жауапқа 0 ұпайдан қой.

Егер 12 - ден 16 – ға дейінгі ұпай жинасаң: Сен өте сыпайы баласың. Осы бетіңнен тайма!

8 – ден 11 ұпайға дейін жинасаң: Ұдайы сыпайы бола алмай жүрген секілдісің. Мұқият болғанның артығы жоқ.

Егер жинаған балың 8 – ден төмен болса: сыпайылықты үйренгенің жөн .Ол сенің қолыңнан келеді деп сенеміз!

III. Қорытынды.


  • Ситуациялық тапсырмалармен жұмыс.



22 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сауатты жаза білуді үйренейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдептілік, сыпайылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға сәлем берудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, олардың өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей ақ табылар

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Оқушылар сөздің дұрыс айтылуын орфоэпия ғылымы зерттесе, сөздің дұрыс жазылуын орфогафия деп айтады. Біздер әрбір сөзді сауатты, қатесіз жаза білуді үйренеміз. Мысалы: «басшшы» деп айтылса, «басшы»деп жазылады.

*мақал мәтелдермен жұмыс

- Білім инемен құдық қазғандай

- Оқусыз білім жоқ.

Білімсіз күнің жоқ



Тапсырмамен жұмыс

  1. Бір ауылда тұратын досың кішкентай інісінен тілдей хат беріп жіберіпті. Ашып оқып едің былай деп жазылған.

Қайақта жүрсің? Маған келсей, компқа барайық.

*Не түсіндің?

Енді дұрыс нұсқасын жаз. Тыныс белгілерін қоюды ұмытпа.

Біздің анықтама

Орфография дегеніміз – тілдегі сөздерді дұрыс қолдану және дұрыс жазу ережелерінің жүйесі


  1. Мәтінді оқы. Атасы мен немересі неден шатасты? Жазудың мағынасы неге өзгеріп кетті?

  2. Айтылғанда өзгеріп немесе түсіп қалған әріптерді түзетіп, дұрыс жаз.

Айтылуы:

Құдырет


Қошшы

Күна


Құрұлыс

Мейрім


Қортынды

Қайру


Сембі

Қойайын


Жайайын

Мәмле


Қағлез

III. Қорытынды.

  • Сызбамен жұмыс.

  • Орфаграфиялық қате дегенді қалай түсінесің?



23 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөздерді дұрыс айта білуді үйренейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөздерді дұрыс айта білуге үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын, дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды көркем сөйлеу білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Уішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Ауызша түрде өтетін тілдік қарым - қатынастың саласын, ауызша сөз мәдениетін, дұрыс сөйлеуге үйрететін ғылымды орфоэпия деп айтамыз. Қазақ орфоэпиясы сөз ішінде, сөздер аралығында көрші дыбыстардың бір - біріне әсерін дер кезінде еске салып отырады. Ол гректің «орфос» дұрыс, «епос» сөз деген сөзінен шыққан.

  • Мысалы: Оқушы шаршы доп алдында сөйлеуі керек. Дыбыстаудағы ортақ заңдылықты сақтамай, өз бетінше сөйлесе, сөзін ұғыну қиынға түседі. Тілдік қарым қатынастың ойдағыдай өтуіне нұқсан келеді. Сөйлеушінің сөз мәдениетінің төмендігін, сауатсыздығын көрсетіп, тыңдаушыға жағымсыз әсер қалдырады.

  • Сөздерді дұрыс дыбыстауға және дұрыс жазуға арналған сөздіктер болады.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Өлең шумағын орфоэпиялық заңдылықты сақтап оқы.

Доп, доп, доп, доп домалақ,

Тыншымайсың домалап,

Ас құйып ем күшікке,

Үлгермеді ішіп те.....

Төңкердің де табағын,

Төгіп кеттің тамағын,

Доп, доп, доп, доп домалақ

Осы әдетің жаман - ақ.

*Өзгеріске ұшыраған сөздерді теріп жаз.

2. Айтылуы бойынша жаз.

Жазылуы Айтылуы

Мысалы:


Күріш Күрүш

Қонақ үй


Жаздыгүні

Жазу сызу

Бармағынан

Әуесқой


Алма кезек

Омыртқа


Төмен

Үстел


Үтік

Шолғыншы


Шекара

Жұмысшы


III. Қорытынды.

  • Өлеңмен жұмыс

Адамның біліміне ақыл серік,

Ақыл кен таусылмайтын, жанға көрік.

Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер

Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік.

*Мағынасын түсіндіріп көр.
24 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөздерді дұрыс қолдана білуді үйренейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету.Оқушылардың дүниетанымын, ой өрісін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Бес болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнерменен өрістеп

Өсе берсін санамыз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Ауызекі тілде айтылатын сөздер жазбаша тілде пайдалануға келе бермейді. Дұрысы, әрдайым әдеби нормадағы сөздерді пайдаланған жөн. Бұл бізді келешекте де дұрыс сөйлеуге үйретеді.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Қарамен жазылған сөздердің қатесін түзеп жаз.

Ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың балдары болмапты. Маңлайларына біткен жалғыз түйесі бопты. Екеуі «Бір бопамыз болса» деп жылап отырса:

  • Әже, ата, мұндамын! Ата, тез түйені сойсай, мен соның ішіндемін, - деген дауысты естіпті.

  1. Әр сөздегі теңеулердің мағынасын түсіндіріп бер.

Ерте, ерте, ерте күнде, ешкі жүні бөрте күнде, жер жаялықтай, аспан алақандай екен.

Тосатағандай қап - қара көзі мөлдіреген, әп - әдемі ботаның қасынан шықпады.

Ақ қағазға маржандай тізген ұсақ жазуы тым әдемі екен.

Сен, Әлжан, жыл құсындай күттіріп, сағындырып болдың, әйтеуір.

*Теңеуі бар, екі сөйлем ойлап жаз.


  1. Түсіндірме сөздіктің қалай жасалғанын қарап танысып көр. «Ақыл» сөзі туралы жазылған сөздік мақаланы оқы.

- Сөздер сөздікте алфавит жүйесімен тізіледі. Сол себептен алфавитті жақсы білсең, кез келген сөзді тауып, оның мағынасын білу оңай болады.

- Сөздік мақалада сөздің мағынасы түсіндіріледі. Сөздің бір немесе бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Оның әрбір мағынасы 1. 2. 3. ... деп цифрмен белгіленіп, түсіндіріледі. Сөйлегенде оларды дұрыс қолдана білудің мысалдары келтіріледі.

* «Ақыл» сөзі туралы не білдің? Сөздік мақалға сүйене отырып, айтып бер.

III. Қорытынды.


  • Ертегіден үзіндіні оқы. Қалай ойлайсың, қозы мен лаққа қасқыр туралы түсініктемені табу оңайға түсе ме?

*Ал сен «қасқыр» сөзінің түсіндірмесін қай әріптен қарар едің?

Ол үшін саған қандай сөздік қажет болады?


25 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өз сөзіңмен айтып беруді үйренейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндерді дұрыс түсініп оқуға үйрету.Сонымен қатар мәтінді қайтіп айтып беруге үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін, сөздік қорларын молайту. Оқушыларды шығармашылық ізденіске, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Сәлем берген баланы кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы, кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.



  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақты тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Адам алған білімін есіне сақтап, оны басқаларға қалай жеткізеді деп ойлайсың?

  • Көбінде мәтін арқылы. Екінің бірі өзінің білгенін біреуге түсіндіре алмайды және кітап оқудан, сабақтан, әңгімелесуден білімін жетілдіре алмайды. Сол үшін кез келген мәтінді түсіне білуге және оны қайта айтып беруге үйрену керек.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Қожанасыр мен Жиренше шешеннің әңгімелерін оқы. Екеуінің біреуін айтып бер.

  2. Мәтінді оқы. Мәтіннен қандай жаңа мәлімет алдың? Инеге қатысты теңеуі бар тұстарды өз сөзіңмен айтып бер.

Ине

*Өзіңе таныс емес сөздердің астын сыз. Есіңе сақтап, сөздік қорыңда пайдалан.



  1. Кейінгі ғасырларда қазақ даласында жойылып кеткен жануар құлан жайында жазылған мәтінмен таныс. Өзіңе түсініксіз сөздер мен сөйлемдердің астын сыз.

*Құлан жайында айтылған ең негізгі сөйлемдерді тап. Ең негізгі сөйлемдерді байланыстыра отырып, мәтіннің қысқаша мазмұнын жаз, тақырып қой.

*Жазушы құлан жайында жазғанда бөтен ойларды халық теңеулерін, мақал мәтелдерді пайдаланған. Неліктен деп ойлайсың?

* Әңгімеде немесе шығармада басқа адамдардың сөзін пайдалануға да болады. Мәселен, ақын жазушылардың, ғалымдар мен ғұламалардың ойы берілуі мүмкін. Оны дәйексөз деп атайды.

Дәйексһз міндетті түрде тырнақшаға *алынады, оны өзгертуге және бұрмалауға болмайды.



III. Қорытынды.

  • Белгілі ғалымдар мен жазушылардың қанатты ойларын оқы. Мағынасын ашу.

  • Жалған сөз желге ұшқан сөз

  • Ақыл атасы ақиқат.

  • Әлемде күннің нұрынан асқан ғажайып еш нәрсе жоқ.

(Анахарсис)

  • Ерлік жасағанның атасын сұрап алаламас болар.

  • Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.

(Тоқсары)

26 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кітап - алтын қазына.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кітап туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға кітап туралы қосымша мағлұмат беру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөздік қорын молайту. Оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Уішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

*жұмбақ шешу

Сөзі дана, үні жоқ

Сөйлемейді, тілі жоқ

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем.


  • Оқушылар біздер өзімізге керекті мәліметтерді кітаптардан аламыз. Бүгін біздер осы кітаптың мазмұнымен танысамыз.

  • Кітаптың қысқаша мазмұны аңдатпа деп аталады.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Қамбар батыр жырына жазылған екі аңдатпаны салыстырайық. Олардың бір - бірінен айырмасы қандай?

Бірінші аңдатпа

Қазақ халқының ерлікті, батырлықты қадірлегендігін көрсететін жырдың ең ескі түрі - «Қамбар батыр» жыры.

Қамбар «алыс үйлі арғын, тоқсан үйлі тобыр» дейтін кедей ру ішіндегі Әлімбай дегеннің баласы еді. Қара қасқа атты Қамбар атанған әрі батыр, әрі аңшы, әрі мерген еді. Қамбар қара қасқа атының үстінде күнін кешіріп, жаңағы аш - арық туысқандарын аңмен асырайтын. Назым Қамбарға сыртынан құмар еді.

Назым мен Қамбардың қосылуына Назымның ағалары қарсы болады. Оқиғаның әрі қарай қалай өрбігенін Қамбар жырынан оқып білесіңдер.

Екінші аңдатпа

«Қамбар батыр» жырында бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, Назым деген бір сұлу қызы болады. Назым күйеу таңдайды.

Қамбар «алыс үйлі арғын, тоқсан үйлі тобыр» дейтін кедей ру ішіндегі Әлімбай дегеннің баласы еді. Қара қасқа атты Қамбар атанған әрі батыр, әрі аңшы, әрі мерген еді. Қамбар қара қасқа атынынң үстінде күнін кешіріп, жаңағы аш - арық туысқандарын аңмен асырайтын. Назым Қамбарға сыртынан құмар еді.

Назымның ағалары бастапқыда Қамбарды кемсінеді. Бірақ Назымның Алшыораз деген бір ағасы : «Қамбар ноғайлының батыры, Назымды одан артық кімге береміз,» - деп ағаларына басу айтып тоқтатады. Осы кезде Назымға қалмақтың Қараман деген ханы көзі түсіп, алмақшы болады. Ол Қамбармен жекпе - жекке шығысады. Қамбар Қараманды өлтіреді. Қалмақты жеңіп шығады. Содан ноғайлы той қылып, Назымды Қамбарға қосады.



  1. Оқушы негізгі оқиғадан және кейіпкерлерден хабары болатындай етіп, өзің жақсы көріп оқыған бір кітаптың аңдатпасын жазып көр. Достарың қызығып, сол кітапқа құмартатындай болсын. Аңдатпаны әр түрлі етіп бастауға болады:

  1. Бұл кітап (әңгіме, ертегі, повесть)... туралы...

  2. Бұл жинақта....

  3. Автордың бұл топтамасында....

  4. Бұл кітаптағы оқиғалар...

III. Қорытынды.

  • Суретке кітаптың аты мен автордың аты жөнін жаз. Кітаптың мұқабасын көркемде.



27– сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәтін туралы білімдерін кеңейту. Оқушылардың тапсырмалар беру арқылы қайсысы мәтін екенін салыстыру арқылы табуға үйрету. Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Армысың, күн, емендер мен кең дала,

Армысың тау, ормандар мен теңіздер,

Армысың, өсімдіктер, гүлдермен.

Армысың, әлемде өмір сүргендер!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

*Ой қозғау

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Оларды ата

*Мәтінді оқығанда ең қажетті үзіндіні қалай таңдауға болады?

1. Мәтінге тұтас көз жүрітіп шығып, түйінді сөздер арқылы керек үзіндіні шамамен табуға тырыс.

2. Тақырыбына сәйкес келетін бірінші сөйлемді тап және басқа да не туралы айтылғанын толық түсінгеніңше оқы.

Тапсырмамен жұмыс


  1. Мәтінді оқы. Тақырып ойлап тап. Түсініксіз болған сөздерді сұрап ал.

*Мәтінді түсіндің бе? Бүркіт туралы білгеніңді айтып бер. Сені қызықтырған жерлерін тауып оқы.

  1. Оқығаныңды қайтадан айту үшін мәтіннің әр бөлігінен үзінділерді бір - бірімен байланыстыру кейде қиынға түседі. Айтқаның бір - бірімен жақсы байланысу үшін мәтіннен тыс қандай сөздер пайдалануға болады? Ойланып көрші.

  2. Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» повесі саған таныс па? Осы повестен үзінді оқы. Үзіндіге қандай ат қояр едің?

*Гүлсары туралы ғана айтып бер. Ол үшін мәтіннің әр бөлігінен мәлімет алғаныңа мән бер.

III. Қорытынды.

*Табиғат көрінісі-боранды түндегі жылқыларды көз алдыңа елестете алдың ба? Осы мәтіннің кез - келген жерінің суреттемесін салып көр.


28– сабақ

Сабақтың тақырыбы: Диалог

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың диалог туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын молайту. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі

Үлкендерге «Сіз» деген!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

*Ой қозғау

  • Диалог дегеніміз не? Есімізге түсірейік.

  • Монолог дегеніміз не?

  • Мысал келтір.

  • Диалог дегеніміз сұхбат, сөйлесу, әдеби шығармадағы екі адамның немесе бірнеше кейіпкердің өзара сөйлесуі.

  • Монолог дегеніміз бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен - өзі сырласуы, толғанысы. Монолог өлеңмен де қара сөзбен де жазылады. Бұлардың екеуі де гректің сөзі.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Төмендегі екі мәтіннің қайсысы диалогқа, қайсысы монологқа жатады? Неліктен олай деп ойлайсың?

  2. «Алдардың Шықбермес Шығайбайға қонақ болғаны» әңгімесінен диалогты оқыңдар. Диалогқа қатысушылардың қайсысы қандай күйге түсті?

*Алдар қулығын асырды ма? Диалогтан Алдардың сөздерін тауып оқы.

  1. Бұл диалогта кім не білді?

  • Әже дейм3н, көктем қашан шығады?

  • Ертең шығады.

  • Ертең шықса, бүгін неге қар жауады?

  • Бұл «құс қанаты» ғой, қарағым. Қыс ызғары осымен бірге бітеді.

  • Қазақтың айтыстары диалогтан құралады. Батырлар жырындағы кездесетін екі батырдың сөйлесулері, билердің сөздері - бәрі де диалог.

  1. Қыздар мен ұлдар екі топқа бөлініп айтысыңдар, ары қарай өздерің құрастырып, айтысты жалғастырыңдар.

III. Қорытынды.

  • «Менің атам» айтысына қарап отырып, атаға немесе әжеге арнап айтыс құрастыр. Өз атаңды басқалардың атасынан асырап мақта.

  • Шешендік сөздердегі әр түрлі ойды, тапқырлықты, көңіл - қалыптарын көрсететін диалогтарды оқы.

29– сабақ

Сабақтың тақырыбы: Монолог.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың монолог туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын молайту. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Бес болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнерменен өрістеп

Өсе берсін санамыз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

*Ой қозғау

  • Диалог дегеніміз не? Есімізге түсірейік.

  • Монолог дегеніміз не?

  • Мысал келтір.

  • Диалог дегеніміз сұхбат, сөйлесу, әдеби шығармадағы екі адамның немесе бірнеше кейіпкердің өзара сөйлесуі.

  • Монолог дегеніміз бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен өзі сырласуы, толғанысы. Монолог өлеңмен де қара сөзбен де жазылады. Бұлардың екеуі де гректің сөзі.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Монологтарды оқы. Сөйлеп тұрған адам не туралы айтқысы келді? Монологтың біреуі таңдап алып, нақышына келтіріп оқы.

  • Таңертең қожайын келді. Қожайын жорғаны мойнынан сипалап, алдене деп жылы - жылы сөздер айтып тұр. Гүлсары оның не дегенін қайдан түсінсін. Ал, Танабай болса:

  • Ой, Гүлсары ай, кеше мені тәуір - ақ әуреледің - ау. Немене? Жаурадың ба? Қаншырдай қатып қалыпсың ғо өзің. Тамаша! Сен өкпелеме, досым. Қашанғы бұлғақтап бос жүресің. Ештеңе етпейді, әлі - ақ үйреніп кетесің. Рас, біраз азаптандың, онсыз болмайды, досым. Өмір деген, бауырым, әлі - ақ төрт аяғыңды да тағалайды. Ал, бірақ оның жақсылығын да көресің, жол үстінде жатқан көрінген тасқа сүрінбейсің. Ашығып қалдың ба? Шөлдеп тұрсың ба? Білемін .... - деп еді.

III. Қорытынды.

  • Өзің монолог жаз

30– сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құттықтау және тілек айту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мерекелерде құттықтап тілек айтуды үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын молайту. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Сәлем берген баланы кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы, кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.



  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

  • Оқушылар біздер туған күн кешінде, тойларда, мерекелерде құттықтап тілек айтатынымыз анық. Сондықтанда біз бүгінгі сабағымызда құттықтау және тілек айтып үйренеміз.

  • Құттықтаудың ауызша және жазбаша түрі бар.

  • Қазақ қуанышқа «құтты болсын!» дейді, жақсылық болса «ұзағынан сүйіндірсін, қайырлы болсын» деседі.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Плакаттарды қалай орналастырғанда, құттықтау сөз пайда болады? Плакаттағы әр сөз қандай сұраққа жауап береді?

  2. Ұшып жүрген сөздерден құттықтаулар құрастыр. Оны өзіңнің таныстарыңа арнап жаз.

*Құттықтаудағы сөздерді керуен тізбегіндегі жүктерге бөліп сал. Қай сөз қай қоржынға салынады? Бұл мәтінде неге қол қоюшы жазылмаған? Құттықтауға қалай жауап бересің?

  1. Ділмар ертегілер еліне қонаққа келді. Ертегідегі кейіпкерлердің бәрі оны қуана қарсы алды. Мақта қызға, Қазбайға, Қаңбақ шалға, түйеге тілектерін айтты. Қай тілек кімге арналғанын тап. Басына арнау жаз.

* Әркімге арналған тілектер, бір себепке арналып айтылса да, әртүрлі болады. Құттықтаулар да сол сияқты.

  1. Думанға досын туған күнімен құттықтауға көмектес.

*Думанның қай тілегі Қадірді қуантады.

Ал, қай тілегі ренжітеді деп ойлайсың?

Думанның қай тілегі күлкілі болып естіледі?


  1. Жақыныңды туған күнімен құттықта. Үлгідегі құттықтаулардың ішінде саған ұнайтын сөйлем бар ма? Астын сызып көрсет.

  1. Сені туған күніңмен құттықтаймын.

  2. Бүгінгі ең ғажайып күн сенің туған күнің!

  3. Сені туған күніңмен құттықтау біз үшін үлкен қуаныш!

  • Тілекті қалай айтады? Өзің таңда.

  1. Саған мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеймін.

  2. Сенің ешқашан ауырмай, аман сау жүруіңе тілектеспін.

  3. Сені ешкім мазаламаса екен деймін.

  4. Саған қамқор боламын деп уәде беремін.

III. Қорытынды.

  • Думан әжесіне, анасына, ұстазына, қарындасына, әпкесіне 8 наурыз мейрамымен құттықтау хатын жазды. Алаңдап отырып кімге арнағанын және кімге екенін жазбапты. Оған көмектес. Үлгіге мән бер.

31– сабақ

Сабақтың тақырыбы:Мәтіннің түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәтін туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы қайсысы мәтін екенін салыстыру арқылы табуға үйрету. Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып, білім аламыз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

*Ой қозғау

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Оларды ата

*Мәтінді оқығанда ең қажетті үзіндіні қалай таңдауға болады?

1. Мәтінге тұтас көз жүрітіп шығып, түйінді сөздер арқылы керек үзіндіні шамамен табуға тырыс.

2. Тақырыбына сәйкес келетін бірінші сөйлемді тап және басқа да не туралы айтылғанын толық түсінгеніңше оқы.

3. Мәтіннің түрлері: әңгіме, ертегі, новелла, повесть, роман, өлеңдер, хат, аңыз, пьеса, жарнама, арыз, мәлімдеме, өтініш, нұсқау, ескертпеғ айтыс, хабарландыру.



Тапсырмамен жұмыс

  1. Суретке қарап, олардың мәтіннің қай түріне жататынын тауып жаз.

  2. Қалай ойлайсың, мәтін неге біренше түрге бөлінеде? Мысалы, ережелер, хаттар, жарнамалар не үшің қажет? Ұқсастықтары бар ма? Төмендегі сөйлемдерді аяқтап көр.

  3. Шағын мақалалдар қайда басылатынын білесің бе? Балалар журналдарынан мақалалар оқыдың ба? Мына бір қызықты фактілерді оқып көр.

  4. Мәтінді оқы. Мәтін сенің ойыңша қай жинақта болуы керек: әңгімелер, өлеңдер, сықақ әңгімелер, аңыздар, ғылыми әңгімелер, айтыстар.

III. Қорытынды.

  • Қожанасыр Алдарға хатты дұрыс жазды ма? Хатты қалай жазу керек деп ойлайсың? Хаттың мазмұнына не жетіспейді?

  • Мәтіннің түрлері ата.


32– сабақ

Сабақтың тақырыбы:Салыстыру.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәтін туралы, саоыстыру мәтіні туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы қайсысы мәтін екенін салыстыру арқылы табуға үйрету. Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Табыс тілеп көзбенен

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.


  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

*Ой қозғау

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Оларды ата

*Мәтінді оқығанда ең қажетті үзіндіні қалай таңдауға болады?

1. Мәтінге тұтас көз жүрітіп шығып, түйінді сөздер арқылы керек үзіндіні шамамен табуға тырыс.

2. Тақырыбына сәйкес келетін бірінші сөйлемді тап және басқа да не туралы айтылғанын толық түсінгеніңше оқы.

3. Мәтіннің түрлері: әңгіме, ертегі, новелла, повесть, роман, өлеңдер, хат, аңыз, пьеса, жарнама, арыз, мәлімдеме, өтініш, нұсқау, ескертпеғ айтыс, хабарландыру.

4. Бір заттың екіншісінен ауыр не жеңіл екенін салмақтап көру арқылы білеміз. Бір заттың екіншісінен үлкен не кіші екенін көзбен көру арқылы салыстырамыз.

Тапсырмамен жұмыс


  1. Төмендегі екі суретті салыстыр. Ұқсастығын, айырмашылығын тап. Сосын екеуі туралы суреттеп жаз.

  2. Қай ұя қарлығаштікі, ал қайсысы қараторғайдікі? Екеуін салыстыра отыра әңгімелеу.

  3. Қозы, лақ, құлын, бұзау, бота жайлауда адасып қалды. Суреттен төлдерді енелерімен табыстыр. Қателеспеу үшін тірек сөздерді пайдаланып, оларды бір - бірімен салыстыр, ұқсастарын тап. Олардың түстері қандай болуы керек? Боя.

  4. Көбелектерді көрсетілген белгі бойынша боя. Көбелектерге мұқият қара, шатастырып алмас үшін не істеу керек? Қалай айырамыз? Олардың көлемін, түсін, қанаттарын ұзындығын салыстыр.

  • Адамдарды, заттарды, жан - жануарды суреттеп салыстыратын мәтіндер салыстыра отырып сипаттау деп аталады.

  • Әр түрлі нәрсенің ортақ белгісі сипатталады және салыстырылады.

  • Алдымен бір нәрсе сипатталады. Кейін екіншісі алдыңғысымен салыстырыла отырып сипатталады.

  1. Мәтіндерді мұқият оқы. Өз аулаңдағы үйіңді әр бөлмеге сәйкес салыстыра отырып сипатта. Сенің аулаң мен мәтінде жазылған ауланың қандай ұқсастығы бар? Жаз.

  • Егер белгілі бір заттарды немесе құбылыстарды бір - бірімен салыстыра отырып суреттесе, ол салыстырмалы суреттеу болады.

  • Ал екі адамның ұқсастығын, айырмашылығын салыстыра отырып берсе, ол салыстырмалы мінездеме болады.

  1. Өлеңді оқы. Көнек пен Тұраптың мінездерінде қандай ұқсастық бар, қандай айырмашылық бар?


Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет